Байланысты: Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс
«Дене шынықтыру» білім саласы «Дене шынықтыру» білім саласы «Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын
қамтиды.
Қорытынды 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді
көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе болғандықтан, қазіргі
таңда білім беру ұйымдарының алдына дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге
икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді,
шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
мақсаты қойылады.
Қазақстандық білім беру жүйесінің 12 жылдық оқыту моделіне көшуі жас
ұрпақтың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, отандық білім беру жүйесін
әлемдік білім беру жүйесіне кіріктіру мақсатынан туындайды. Алдыңғы
қатарлы дамыған елдердің (Финляндия, Сингапур, АҚШ) 12 жылдық білім
беруге көшудегі іс-тәжірибелері еліміздің білім беру жүйесіне сапалы
өзгерістер енгізу қажеттігін дәлелдеді. Мектеп түлегінің әлеуметтік және
қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, мектепте алған білімдері
негізінде әрекет етуге қабілеттілігі мен дайындығын тың мазмұнды жаңа білім
беру жүйесі ғана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл
оқушыларға берілетін білім мазмұнын қайта құруды талап етеді.
Осыған орай әдістемелік құралда ғылыми-зерттеу еңбектері мен
педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, бүгінгі күнге дейінгі әзірленген
мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандарттары мен оқу
бағдарламаларына талдау жасалып, соның негізінде 12 жылдық мектептің
бастауыш сатысында білім беру мазмұнын анықтауда ескерілуі тиіс мынадай
талаптар айқындалды:
– білім беру мазмұнын ізгілендіру;
– Базалық білім мазмұнының ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, бірізділік, көрнекілік жəне түсініктілік принциптерін жүзеге асыру;
– базалық білім мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне және қабылдау
мүмкіндіктеріне сəйкес болуын ескеру;
– тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның оқу әрекетінің қалыптасуына
қажет білім, білік, дағдылардың қамтылуын қамтамасыз ету;
– базалық білім мазмұнының көлемі санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерде бекітілген оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне
сəйкес келуін қадағалау;
– базалық білім мазмұнын жасауда халықаралық тəжірибені ескеру;
– білім беру мазмұнын қоғамның қазірг әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
– өздігінен білім алуға, оны практикада қолдана білуге тәрбиелеуге
бағытталған, негізгі құзырлылықтар қалыптастыруға ықпал ететін білім беру
мазмұнымен қамтамасыз ету;
– білім беру мазмұнын оқушының дүниені өздігінен ғылыми тәсілмен
тануына, өздігінен ізденуіне бағдарлау;
– білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға
ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау;
білім мазмұнын анықтау немесе іріктеу барысында кіріктіру, талдау, жинақтау, салыстыру, саралау, спиральдық, аралас құрылымдық әдістерге
сүйену.
Сонымен, қорыта келе, ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерді талдау негізінде алға қойған міндеттерге сай мынадай тұжырымдар жасалды:
– білім мазмұны оқушылардың қазіргі заманғы білім алу қажеттіліктерін
толығымен қанағаттандыруға бағытталуы тиіс;
– 12 жылдық білім берудің стандарттары мен оқу бағдарламалары өмірлік
маңызды дағдыларды дамыту, оқушының жеке басының қызығушылығы мен
талғамдарын ескеру, дамыту, олардың бойында жалпы оқу іскерліктерін
қалыптастыру, сондай-ақ әр оқушының және қоғамның мүддесі мен қажеттіліктерін ескеру, жеке тұлғаны жоғары сапамен оқыту, тәрбиелеу
мақсаттарын жүзеге асыруға құрылуы тиіс;
– оқушының отбасылық экономикалық-әлеуметтік жағдайына, жынысына,
ұлтына, дініне қарамастан оның қабілетін барынша дамыту көзделуі керек;
– жастардың күнделікті қоғам өмірінде болып жатқан жаңалықтар мен
өзгерістерге тез бейімделуіне жағдай жасалғаны жөн;
– ақпараттарды өздігінен табу мен өңдеу біліктілігін қалыптастыру,
ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, өздігінен даму және өзін-өзі
бағалау дағдыларын қалыптастыру мақсатымен байланыстырылуы тиіс.