«Көркем еңбек» пәнінің базалық білім мазмұны
Суретшілер нені және қалай қолданады?
Жұмыс барысында қолданылатын материалдардың ерекшеліктері (бояу,
қылқалам, тушь, бор, әртүрлі қағаз, табиғи материалдар).
Акварель бояулары және гуашьпен жұмыс істеу ерекшеліктері.
Көркем өнердің түрлері мен жанрлары, олардың өмірмен байланысы.
Қазақ және шетел суретшілерінің жеке шығармаларымен танысу. Қазақ
және Қазақстанда тұратын халықтардың көркем өнерінің байлығы мен
әртүрлілігі туралы түсінік.
Сурет, кескіндеме – сәндік-қолданбалы өнердің негізі. Бейнелеу тілінің
негізі: сурет, түс, композиция, пропорция.
Сурет, аппликация, көркем бұйымдарда өз ойын жүзеге асыруда көркем
тәсілдерді таңдау және қолдану.
Түс, реңк, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал, ою-
өрнек, құрастыру көмегімен шығармашылық жұмыстарда (кескіндеме, графика,
мүсіндеме, сәндік-қолданбалы өнер) көңіл-күйді беру.
Негізгі үш түс. «Жылы», «суық» түстер туралы түсінік.
Адамды қоршаған тұрмыстық заттардың моделін құрастыру.
Түрлі көркем техниканы және материалдарды (коллаж, аппликация, қағаз,
гуашь, акварель, пастель, бор, қарындаш, фломастер, ермексаз, саз, табиғи және
қолда бар материалдар) қолдану. Қол еңбегі құралдарымен жұмыс істеу
қауіпсіздігі. Өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру.
Көркем өнердің музыка, әдебиет, театр, киномен өзара байланысы.
Суретшілер туралы мәлімет.
67
Достарыңызбен бөлісу: |