Технологиялар



Pdf көрінісі
бет12/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
kn-SPT
Думай и богатей
Сұрақтар: 

1) 

Коммуникативтік құзыреттіліктікке түсініктеме бер 



2) 

Оқушыларды 

шығармашылыққа 

бағыттау 

қандай 

мәселелерді қарастыруы тиіс? 

3) 

Бағдарламалық-мотивациялық мәселені қарастырындар. 



4) 

Ізденушілік-зерттеушілік  мәселені қарастырындар. 

5) 

Тәжірибелік мәселені қарастырындар. 



6) 

Рефлексиялық- бағалаушылық мәселені қарастырындар. 




 

3 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТЫН ПӘНАРАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАҒЫ 

БАСҚАРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 

Интерактивті  әдіс.  Оқу  процесінде  оқу  ақпаратын  меңгеру  және 

қабылдау өзара танымдык карым-катынас арқылы жүзеге асырылады. 

Интерактивті  әдіс  ретінде  біз  мұғалім  мен  оқушының  өзара 

байланысын, яғни оқу-танымдық ойын түріндегі іс-әрекетін түсінеміз. 

Мұның  нәтижесінде  оқушыда  оқу  процесінде  табыска  жетуге  деген 

ұмтылыс,  ішкі  сезімі  мен  т.б.  сфераның  жетілуі  мүмкіндіктері 

туындайды. 

Әлуметтік жобалау әдістері: 

-  матрица  идеясы  әдісі-  бірнеше  тәуелсіз  ауыспалылар  негізінде 

түрлі  варианттағы  шешімдердің    қабылдануы.  Белгілі  жағдайда 

жобаның  тиімді іске асу жолы.  

-  ролге  ену  әдісі-  жобалаушы  адамдардың  қажеттіліктерін, 

мүделерін ескеру арқылы іске асу үрдісін терең зерттеп, жобаның іске 

асуын түсінуі. 

-  аналогия  –  объектілердің  бірдей  белгілерінің  ұқсастығы 

негізінде  олардың  ұқсастығы  туралы  айтуға  үмкіндік  беретін  таным 

әдісі,    басқаша  айтқанда,  аналогия  -  ғылымның  бір  саласындағы 

қатынастардың, оның  екінші саласына транспозициялануы, мысалға: 

тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б 

Синектика  (миға  шабуыл  әдістемесін  дамыту)  -  ұқсастыққа 

құралған  әртүрлі  элементтерді  біріктіру  әдісі:  тура  ұқсастық  (ұқсас 

міндеттердің  шешілуі);жеке немесе  эмпатиялық ұқсастық   (тапсырма 

объектісі  көзқарас  бойынша  пайымдау);  символдық  ұқсастық 

(тапсырма  мәніне  бейнелік  анықтама  беріледі);  фантастикалық 

ұқсастық  (осы  тапсырманы  ертегі  кейіпкерлері  мен  басқа 

планеталықтар қалай шешер еді). 

Миға  шабуыл-қиын  проблемаларды  бірлесе  ізденісте  шешу 

жолында  ойлау  үрдісін  белсендіру  әдісі.Оның  идеясы  –  бір  топқа 

болжам айтқызып, екінші топқа оған сыни баға бергізу,  сол арқылы 

шығармашылық ойлауға, сыннан қорықпауға үйрету.  

Жүргізу  ережесі:  жетекші  басқаруымен  шешуі  тиіс  мәселе 

қойылады.  Бірінші  кезеңде  «Идея  генераторлары»  тобы  берілген 

уақытта  (20-40  минут)  мүмкіндігінше  көп  кез  келген  болжамдарды 

айтады.  Идеялар  (әрқайсысына  2  минуттан)  үздіксіз  айтылып,  бірін-

бірі  жалғастырып,  дамытып,  толықтырып  отыруы  тиіс,  дәлелдеудің 

қажеті  жоқ.  Барлық  идеялар  хаттамаға  түсіріледі,  не  таспаға 



 

жазылады. Идеяларға бұл кезеңде ешқандай сын айтуға, келемеждеуге 

болмайды.  Келесі  кезеңде  екінші  сарапшылар  тобы  ұсынылған 

идеяларға  пікір  айтады,  қатаң  сараптау  жүргізіп,  болжамдардың 

ішінен дұрысы тексеріліп алынады. «Штурм» барысында шешілмеген 

есеп  қайтадан  сол  ұжымға  мағынасын өзгертпей,  айтылуы  өзгертіліп 

беріледі.  Идея  айтуды  белсендіру  үшін  қолданылатын  тәсілдер: 

инверсия  (керісінше  істеу),  аналогия  (басқа  шешімдерге  ұқсас  етіп 

жасау),  эмпатия  (өзіңді  осы  есепке  қатысым  бар,  бір  бөлігімін  деп 

санау арқылы сезіміңді анықтау), фантазия (фантастикалық бір нәрсе 

жасау). Жасалынған болжамдар 10 балдық жүйеде бағаланып, барлық 

сарапшылардың берген бағасының орташа мәні есептелінеді  

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту 

және  жекелеп  бөлу.  Талдап  қорыту  –  көптеген  бірыңғай  заттар  мен 

құбылыстардың  жалпы,  бірдей  белгілерін  анықтау.  Жекелеп  бөлу  – 

бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті 

бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі. 

Дәріптеушілік  –  (идеализациялау)  дерексіздендірудің  бір  түрі, 

оны  ғылыми  танымның  жеке  тәсілі  ретінде  қарастыруға  болады. 

Дәріптеушілік  процесі  барысында  зерттеуші  ой  жүзінде  заттың 

барлық  шынайы  қасиеттерінен  бас  тартып,  оның  мазмұнына  іс 

жүзінде  мүмкін  емес  жаңа  түсінік  пен  белгі  береді.  Дәріптелген 

объектінің  зерттеушіге  теория  жүзінде  шынайы  объектілерді,  әсіресе 

материалдық  объектілерді  зерттеу  мен  санада  сақтауда  тигізер 

пайдасы мол. 

 Тұжырым  жасаудың  индуктивті  және  дедуктивті  әдістері;  бұл 

әдістің  көмегімен  эмпирикальщ  деректер  қортыңдыланып,  жекеден 

жалпыға  қарай  және  керісінше  жалпыдан  жекеге  қарай  қисынды 

салдарлар айқындалады. 

Ұқсастыру  әдісі  заттар  мен  құбылыстардың  жалпылығын 

айқындау үшін қолданылады. 

Теория  жүзінде  мүмкін  жағдайдың,  құбылыстың  немесе  заттың 

моделін  жасау  әдісі.  Болжау  әдісі  зерттеушінің  қатысуынсыз 

педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету 

үшін  қолданылады.  Зерттеу  нәтижесінде  алынған  нақты  ғылыми 

деректерді 

сандық 

көрсеткіштерге, 

кестелерге, 

графиктерге, 

сызбаларға,  диаграммаларға,  формулаларға,  ұғымдарға  мен  заңдарға 

айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен 

дәрежесі  қажет.  Осының  бәріне  бүтінде  болашақтағы  білім  беру 

жүйесінің  даму  заңдылықтары  мен  тенденцияларын  түсіну  үшін 

теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды. 



 

 Математикалық  және  статистикалық  әдістер  педагогикалық 

құбылыстар  мен  олардың  сапалық  өзгерістері  арасындағы  сандық 

тәуелділікті  айқындау  үшін  қолданылады.  Бұл  әдіс  зерттеу 

жиынтығын  өңдеу  үшін,  байланыс  пен  ықпал  ету  көрсеткіштерін 

есепке  алу  үшін,  өз  ара  тәуелділікті  айқындау  үшін,  әр  түрлілік 

көрсеткіштерін  бөлу  деңгейін  анықтау  үшін,  орташа  арифметикалық 

қате  мен  оның  мөлшерін  айқындап,  осы  мөлшерді  бөлу  дәрежесін 

(дисперсия),  орташа  квадраттық  ауытқуларды,  әр  түрлілік 

коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. 

Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, 

ол  зерттеушінің  объектісінің  белгілі  бір  қасиеттерін  айқындап, 

есептеу  үшін  қолданылады.  Тіркеу  әдетте  белгілі  бір  белгісі  бар  не 

жоқ  бір  құбылысты  өлшеу  үшін  қолданылады.  Бұл  белгісі  бар 

объектіні  анықтап  алып,  оны  бұл  белгісі  жоқ  басқа  бір  объектіден 

ажырата  алу  қажет.  Сондай-ақ,  шартты  критерилер  қажет,  мысалы 

қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе 

көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады. 

Ранжерлеу  әдісі  деректердің,  құбылыстардың,  сапалардың, 

белгілердің  өсуі  немесе  төмендеуін  анықтау  үшін  қолданылады. 

Өлшеудің  бұл  әдісі  ретке  қелтіру  әрекетіне  негізделген,  яғни  зерттеу 

объетілері  немесе  құбылыстары  нақтыланған  бір  белгісінің 

мөлшерінің 

ұлғаюы 


немесе 

төмендеуі 

тәртібі 

бойынша 


орналастырылады.  Сандық  (интегративті)  тізім  әдісі  сандық 

көрсеткіштерге  сапалық  талдау  жасауға  мүмкіндік  береді.  Орташа 

мөлшерді  анықтау  әдісі  орташа  сандық  көрсеткіштерге,  бағаларға 

талдау  жасап,  нәтижелері  мен  оларды  дәрежесі  бойынша 

орналастыру,  өзара  үйлесімдік  коэффициенттерді  есептеу  үшін 

қолданылады,  бұл  зерттеушінің  математикалық  статистика  және 

мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді. 

Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге 

және  олардың  теорияны  құрастыруға  ықпал  етуіне  терең  талдау 

жасап,  ондағы  заңдылықтарды  ашуға,  сыртқы  факторлар  және 

олардың  ішкі  мазмұнының  фаторларын  түсіндіруге  бағытталған. 

Егерде  эмпирикалық  әдістер  объектіні  философиялық  категория 

ретінде  «құбылыс»  деңгейінде  зерттесе,  онда  теориялық  әдістер 

«мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте екі әдіс те объектіні 

танудың  ғылыми  сатысы  болып  табылады,  онда  құбылыс  мәннің 

көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір 

бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге 

қарағанда  қозғалмалы  болып  келеді.  Зерттеу  объектісінің  мәнін 

теориялык түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. 



 

Зерттеудің  теориялық  және  эмпирикалык  әдістері  ғылыми  таным 

деңгейлері ретінде бір бірімен дилектикалық  өзара байланысты  және 

бір бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды. 

Ғылыми  танымның  үшінші  деңгейі  ең  жоғары  деңгей  - 

әдіснамалык  деңгей.Танымның  теориялық  және  эмпирикалық 

денгейлері  негізінде  өзгеше  ғылыми  ұстанымдар  қалыптасады  және 

ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқьгадалады; таным 

іс-әркетінің  іргелі  әдіснамалық  теориясы  құрылады.  Жоғарыдағы 

аталған  ғылыми-педагогикалық  зерттеу  әдістері  төмендегі  суретте 

көрсетілген. 

Атап  айтқанда  жоғарыдағы  ғылыми-педагогикалық  әдістер 

зерттеу іс-эрекеттерінін барлық құралдарын қамтамасыз ете алмайды. 

Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен алған білімдерін қолдана 

білуіне  негізделіп,  көбіне  топпен  орындалатын,  пәнаралық  сипатта 

болады. 


Жобаны 

студенттер 

өздері 

орындайды, 

оқытушы 

консультация  беріп,  бағыттап  отырады.  Дәстүрлі  оқыту  жүйесіндегі 

курстық жоба жекелей орындауға негізделген.  

Жобалау  кезеңдері:  жобаны  дайындау  (тақырыбы  мен  мақсатын 

айқындау);  жоспарлау  (ақпарат  көздері  мен  ақпартты  алу  тәсілдерін, 

есеп  берудің  түрін,  жобаның  міндеттерін  анықтау);  ақпаратты  іздеу, 

зерттеу,  қойылған  міндеттерді  шешу;  алынған  нәтижелерді  талдау, 

шешім  шығару;  нәтижелер  бойынша  есеп  беру  (ауызша,  жазбаша); 

жоба жұмысының бағалануы. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет