Технологиялар


 ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет2/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
kn-SPT
Думай и богатей
ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 

НЕГІЗДЕРІ 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ 

Жалпы ережелер 

Әлеуметтік  педагог  қызметі  балалардың  дамуы  мен  оны 

қорғауды  қамтамасыз  ету  заңына  негізделген.  Әлеуметтік  педагог 

сонымен қатар өз қызметінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 

заңын,  БҰҰ  «Балалардың  құқықтары  туралы  Конвенция»,  ҚР  «Неке  

және  отбасы  туралы  заңы»,  басқа  да  нормативтік  актілер  мен 

құжаттарды, осы ережені басшылыққа алады. 

Әлеуметтік педагог қызметіне тағайындау және қызметтен босату 

бекітілген  талаптарға  сай  жүзеге  асырылады.  Әлеуметтік  педагог 

қызметіне  жоғарғы  оқу  орындарының  «Әлеуметтік  педагогика» 

мамандығы бойынша толық курсын аяқтаған, педагогикалық жоғарғы 

оқу  орындарында  «Әлеуметтік  педагог»  мамандығы  бойынша  қайта 

даярлаудан 

өткен, 

сонымен 


қатар 

біліктілікті 

арттыру 

институттарында  біліктілікті  арттыру  курстарынан  өткен  жоғары 

білімді мамандар қабылданады. 

Әлеуметтік  педагог  мектеп  директорына  тікелей  бағынады, 

мектеп  Жарғысын,  аталмыш  нұсқаулықты,  басқа  да  нормативтік-

құқықтық  құжаттарды    басшылыққа  ала  отырып  өз  қызметін  жүзеге 

асырады. 

Мақсаты: 

Әр  тұлғаның  психология-медико-педагогикалық  жағдайының 

ерекшелігін,  микро  ортасын,  өмір  сүру  жағдайын,  өмірге 

қызығушылығын,  жеке  әлеуметтік  жағдайларын  зерттеу,  анықтау 

және  оқушының  тәртібіндегі  кездесетін  қиыншылықтарын  қадағалай 

отырып, өз уақытысында әлеуметтік көмек көрсету, мүддесін қолдау, 

құқығын қорғау.   

Міндеттері: 

Әлеуметтік  педагог  өз  қызметтік  мақсатын  жүзеге  асыру 

барысында мына міндеттерді атқарады: 

- Мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар 

қоғамдарында  және  ұйымдарында  баланың  тұлғалану  үдерісінің 

дамуына тікелей әсер ету. 

Баланың  құқықтары  мен  қызығушылықтарын,  түрлі 



инстанцияларда  және  мектепте  баланың  қорғанышы  ретінде  өзі 

немесе басқа да мамандарды қатыстыра отырып қорғайды. 




 

-  Бала  тәрбиесінде  отбасына  әлеуметтік-педагогикалық  көмек 

көрсету.  Тұлғалану  үдерісіне  кері  әсерін  тигізетін  әлеуметтік  қатерлі 

отбасыларын анықтайды. 

-  Қорғаншы  мен  қамқоршыларды  қажет  ететін  балалар  мен 

жастарды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізеді. 

-  Мінез-құлқында  ауытқу  байқалатын балалар  мен  жастарды  дер 

кезінде анықтау, асоциалдық мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын 

(қылмыстың, 

құқық 


бұзушылықтың, 

маскүнемдіктің, 

таксикоманияның, наркоманияның және т.б. алдын алу). 

Салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыру  мәселелерімен 



айналысады,  оқушылардың  ақыл-ой  және  физикалық  дамуына 

байланысты түзету-оңалдыру әрекетін ұйымдастырады. 

-  Түрлі  әлеуметтік  топтарда  сенімді  қарым-қатынасқа  түсе 

алуына  көмек  көрсету,  әлеуметтену  үдерісіне  (кәсіп  таңдауда, 

жұмысқа  тұруда,  денсаулығын  нығайтуда,  бос  уақыттарын 

ұйымдастыруда және т.б.) ықпал ету; 

Ата-аналарға, 



педагогтарға, 

басқа 


да 

ұйымдардың  

қызметкерлеріне 

әлеуметтік-педагогикалық 

кеңес 

берумен 


айналысады. 

Әлеуметтік педагогтің қызметтік бағыттары 

Әлеуметтік педагог өз қызметін үш бағытта жүргізеді: 

•  балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін 

психодиагностикалық,  психокоррекциялық  қызмет  әдістерін 

негіздеп, сараптайды және өңдейді; 

•  социумдағы  әлеуметтік  жағдайды  зерттеп  және  оған  болжам 

жасау 

арқылы  отбасы  мен  балаларға  әлеуметтік-педагогикалық  нақты 



көмек формаларын және түрлерін ұсынады; 

•  баланың  жан-жақты  психологиялық  дамуына  жағдай  жасау, 

оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды 

көзқарас  қалыптастыру,  бала  тұлғасы  дамуының  бұзылуы  себептерін 

анықтап,  алдын  ала  сақтандыру  шараларын  жүргізу,  үгіт-насихат 

жұмыстары  арқылы  педагогтар  мен  балалардың  психологиялық, 

құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету. 

Мектептегі әлеуметтік педагогтің ахуалы. 

Әлеуметтік  педагог  –  мектеп  қызметкерлері  мектепте 

оқушылардың  әлеуметтік  және  мамандық  алуда  өзін-өзі  дамуына 

жағдай  жасайды,  педагогтар  мен  ата-аналардың  негізгі  гуманизмдік 

қағидаларға  қарай  іс-әрекеттерін  ұйымдастырады.  Сондықтан  тарихи 

және  мәдени  салт-дәстүрдің  жалғасын  табуға  көмектесетін  мектеп 

қызметкері.  



 

Мектептегі  әлеуметтік  педагогтің  негізгі  нысаны  баланың 

құқығын қорғау, баланың дамуына жағдай жасау, жанұямен мектептің 

арасындағы байланыс пен әріптестік қатынастың жүргізіп отыру.  

Әлеуметтік  педагог  мектеп  әкімшілігімен,  мұғаліммен,  педагог-

психологпен,  салауаттанушымен,  медбикемен,  тәрбиешілерімен, 

оқушылармен олардың ата-аналарымен өзара байланысқа түседі. 

Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша 

мемлекеттік  басқарушы  органдармен,  қоғамдық  ұжымдармен,  16 

жасқа дейінгі, яғни оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен 

байланыс  құрады;  білім  беру  бөлімінде  педагогикалық  кеңестерге 

қатысады,  жергілікті  билік  өкілдерімен  және  жанұямен  балаларды 

әлуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді. 

Әлеуметтік педагогті жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару 

«Қазақстан Респуликасының еңбек кодексінде» негізделеді. 

Әлеуметтік педагогқа білім беру ұйымдары басшылық жүргізеді. 

Әлеуметтік  педагогті  сыннан  өткізу  арнайы  сыннан  өткізетін 

комиссия құрылып заң бойынша қаралады. 

Әлеуметтік  педагогтың  іс-әрекеті  білім  беру  ұйымдарының 

жарлықтары мен ахуалын байланысты қарастырады. 



Әлеуметтік 

педагогтің 

іс-әрекетіндегі 

сауалдарды 

ұйымдастыру. 

Әлеуметтік  педагог  педагогикалық  ұжымда  тең  деңгейде  мүше 

бола  алады.  Білім  мекемелерінде  педагогикалық  кеңестер  мен 

әдістемелік жиналыстарға қатысады. 

Әлеуметтік  педагогтың  жеке  кабинеті  болуы  керек.  Ол  кеңсе 

заттармен  сейфтердегі  жеке  іс-қағаздарды  сақтайды,  техникалық 

заттармен және жалақы шығындарына тәсілдермен қамтамасыз етеді. 

Әлеуметтік  педагог  іс  әрекеті  әлеуметтік  педагогтың  жұмыс 

уақыты уақытылы болуы тиіс, мектепте өзге клиенттерге де уақытылы 

және ыңғайлы болуы қажет. 

Білім  мекемелерінде  әлеуметтік  педагогтың  жұмыс  уақытын 

басшылық белгілейді. Графикте уақыт бегіленеді, сыртта жүріп басқа 

мекемелермен байланысқан уақыты есептеледі. 

Әлеуметтік  педагогтың  еңбекақысы,  демалысы  білім  беру 

мекемелерінде заң бойынша шешіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет