Технологиялар



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

Сұрақтар: 

1)  Педагогикалық  диагностика  дегеніміз  не?  Педагогикалық 

диагностикалаудың мақсаты қандай? 

2)  Педагогикалық  дагностиканың  зерттеу  объектісі  жайлы 

айтыңыз. 

3) Педагогикалық диагноз дегеніміз не? 

4)  Е.И.Воробьева  диагностика  жасау  үдерісін  қандай  кезеңдерге 

бөлді? 

5) Норма дегенді қалай түсінесіз? Қандай норма түрлері бар? 

6) Психологиялық диагностикалау нені меңгеруі тиіс? 

 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТАҒЫ 

БОЛЖАМДАУ ӘДІСТЕРІ 

Әлеуметтік болжау технологиясы (грек тілінен алғанда prognosis  

алдын  ала  болжау,  көру)  деген  мағнаны  білдіріп-  әлеуметтік 

мәселелерді  зерттеп  шешудегі  еш  нәрсемен  алмастыруға  болмайтын 

әлеуметтік болжам жасаудың инструментариі, құралы. 

Кез келген әлеуметтік құбылыс өзгеріп тұрады, стихиялық түрде 

дамиды. Алдын ала болжаудың бір артықшылығы керсінше дамудың 

алдын  алуға  болатындығында.  Болжаудағы  дамумен    нақты  даму 

идеалды түрде  сәйкес келмеуі мүмкін. 

Әлеуметтік  болжау  технологиясының  мазмұны,  мақсаты 

дамудың алдын ала болжау ғана емес,  дамуды қажетті жаққа бұруды, 

жақсартуды көздейді. 




 

Атақты  академик  П.К.  Анохиннің  пікірі  бойынша  әлеуметтік 

болжау бұл болашақтағы болатын шындықтың бейнесі деген. Белгілі 

бір  әрекетті  орындамастан  бұрын  адамның  миында  «қажетті 

болашақтың»  моделі  құрылады,  ол  модельмен  алынған  нәтижелер 

салыстырылып  отырады.  Әрине,  алдын  ала  шындықты  бейнелеудің 

әлеуметтік  деңгейдің  биологиялық  деңгейден  айырмашылығы  бар. 

Әлеуметтік  болжау  деңгейдің  құрылымы  философиялық  аспектілері 

және технологиялық жолдардың бірлігі ретінде қарастырылады:  

1) гносеология  және ғылыми алдын алудың логикасы ;  

2) әлеуметтік алдын ала болжаудың методологиясы;  

3)  әлеуметтік  болжам  жасаудың  әдістемесі  (саулнама,  модель, 

экстрополирование, патентерді саралау).  

Әлеуметтік  болжау  тереңдігі,  күрделігіне  қарай    нақтыланып, 

ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады 

мысалы:  ғылыми  техникалық,  ақпараттық,  медико-биологиялық, 

әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, 

әлеуметтік,  білім    беру-мәдени,  әскери-  саяси,  геокосимикалық,  қала 

құрлысы  бойынша.  Қазіргі  кезде  150  астам  болжау  жасаудың  әдіс 

процедуралары бар. Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, 

интерғылыми,  жеке  ғылыми-  оның  негізін  теориялық  және 

тәжірибелік деректер алынады. 

Жалпы ғылыми әдістерге жатады: анализ, синтез, экстрополяция, 

интерполяция,  индукция,  дедукция,  аналогия,  гипотеза,  эксперимент 

т.б. 

Жалпы  ғылыми  әдістер  ішінде  төмендегілерді  бөліп  көрсетуге 



болады: 

-Экстрополяция-бір  құбылысқа,  затқа  қатысты  қортындының 

басқа 

құбылыстарға, 



мәселерге 

ықпалы, 


қатысты 

болуы. 


Экстрополяция  гипотезаға  негізделеді.  Экстрополяция  әлеуметтік 

процестерді саралауда,  прогноз жасауда қолданылады. 

-  анализ  –  жан-жақты  зерттеу  мақсатында  бүтін  бір  затты 

құрамдас  бөліктерге  (жақтарына,  белгілеріне,  қасиеттеріне  және  т.б) 

бөлу; 

- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру



-  абстракциялау  -  зерттеліп  отырған  құбылыстың  қажетті  емес 

қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен 

қарым-қатынастарын бөліп алу; 

-  жалпылау  –  объектілердің  жалпы  белгілері  мен  қасиеттерін 

анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі; 

- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға 

мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі



 

-  дедукция  –  жалпы  тұжырымнан  жеке  тұжырым  жасауға 

мүмкіндік беретін талқылау әдісі; 

Интерғылыми  әдістерге  келесілер  жатады: индуктивті  әдіс,  миға 

шабуыл, Дельфи әдісі, утопия, фантастика. 

Жеке  ғылымдарға  байланысты  әдістерге  жатады:  изобарикалық 

карталар бойынша болжам жасау, тестер, толқынның жылдамдылығы 

бойынша,  лавиналардың  құлау  шапшаңдығы  т.б.  кейбір  әдістер 

ғылыми  техникалық  ақпараттарды  талдау  (ғылымның,  техниканың 

дамуы) және  түрлі теорияларға негізделген (морфологиялық  саралау, 

матрицаларды шешу, қателесу және қолданып көру т.б.). 

Әлеуметтік  тануға  байланысты  өскен  қызығушылық  басқа  жаңа  

технологиялардың  келуіне  себеп  болып  отыр.  Әлеуметтік  болжау 

инновациялық  әрекетпен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  Дүниежүзілік 

орталық  жасаған  «Адамзат  2000  жылы»  деген  болжам.  Глобальді  

әлеуметтік  болжам жасаған жүйелік анализ негізінде Дж. Форрестер. 

Ол  ЭВМ  және  математикалық  әдістерді  қолдана  отырып  қоғамның 

экономикалық  дамуын  екі  факторды  есепке  ала  отырып:  адамдар 

санын 

және 


қоршаған 

ортаның 


ластануын. 

Оның 


ісін 

жалғастырушылар  Рим  клубының  өкілдері.  Қоғамның  дамуын 

адамның    «өмір  сапасының»  төмендеуімен  байланыстырады.  1992  ж 

олардың «Пределы роста» деген болжамы өмірге келді, оның авторы 

Д.Медоуза.  Болжам  жасау  негізіне:  халық,  капитал  жұмасу,  жер 

кеңістігі, ластану, табиғи ресурстар алынған. Олардың пайымдауынша 

экономиканың  даму  қарқыны,  адамдар  санының  өсуі  солай  болған 

жағдайда катастрофаға әкелуі шындық болар еді деген. 

Технологиялық жағынан дәлелді болып саналатын «Человечество 

у поворотного пункта» М.Месаревич және Э. Пестела жасаған жұмыс, 

онда  экономикалық,  әлеуметтік  ,  саяси  процесстердің,  қоршаған 

ортаның,  табиғи  ресурстардың  кешенді  бірі-бірімен  байланысты 

иерархиялық    жүйе  ретінде  көрсетілген.Олардың  пайымдауы 

бойынша экологиялық катастрофадан құтылу мүмкін емес. 

Әлеуметтік  болжауда  ақпараттық  аспект  ерекше  орын 

алады.Қазіргі  ақпараттық  қоғамда  ақпараттық  технология  арқылы 

ақпарат көлемі көбейіп өзгерді, оның сапасы да өзгерді. Қоғамда орын 

алған  ақпараттар  сапасы  субъетивтік  пікірлер  арқылы  бағаланады. 

Сондықтан  әлеуметтік  болжауда  қолданатын  ақпараттар  маңызды, 

көкейкестілі, келесідей талаптарға сай болулары керек: 1) атрибутивті 

(материалдық  әлеуметтік  бірлік);  2)  прагматикалық  (жаңалығы, 

құндылығы  );  3)  динамикалығы  (қайталануы,  көп  рет  қолдануы, 

ескіруі  ).  Мазмұны  жағынан  ақпарат  шынайы,  жалған,  ғылыми, 

ғылыми  емес.  Ғылыми  ақпараттың  .ерекшелігі  оның  шындығында. 




 

Әлеуметтік  болжау  түрлері:  әлеуметтік-экономикалық,  әлеуметтік  -

психологиялық , заңгерлік болжау. 

Әлеуметтік  болжау-қоғамен,  қоғамға  қатысты  мәселелерді, 

қатынастарды,  оның  ортасында  адамға  қатысы  бар  мәселелерге 

болжам жасау. 

Ғылыми 

болжам 


уақиғалар, 

құбылыстардың 

даму 

заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Модельдеу болжам 



жасаумен  бірлікте  болып,оның  құрамдас  бөлігі  болып  есептеледі. 

Модельдеу  –көпаспекті  зерттеу  әдісі,  таным  әрекетінің  бір  жолы. 

Нақты  заттар,  құбылыстар,  әлеуметтік  процесстер,органикалық, 

органикалық емес жүйелерді зерттейді. 

Модельдеу  –  шынайы  түрде  бар  процестер  мен  құбылыстардың 

логикалық,  информациялық  және  графикалық  құрылымын  жасау, 

яғни  объектілерді  жеңілдетілген  түрінде  бейнелеу;  модельдеу  – 

түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – 

дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; 

Модельдеу–  көпаспекті  зерттеу  әдісі  болғандықтан  оны  қолдану 

шексіз.  Оның  негізгі  міндеті  –  ұқсастық  негізінде  түпнұсқаның 

қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін, аналогін жасау.Ол ұқсас 

болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні 

жойылады. 

Модельдеу  –  зерттеу  объектісі  өзімен  ұқсастық  қатынастағы 

басқа  бір  объектімен  алмастырылатын  зерттеу  әдісі.  Бірінші  объект 

тұпнұсқа  болады  да  екінші  объект  оның  моделі  болады.  Зерттеуші 

модельді  зерттеп,  алған  нәтижелерін  ұқсастық  және  үйлестік  заңы 

бойынша  тұпнұсқаға  көшіреді.  Модель  және  модельдеу  әдісі 

тұпнұсқаны  зерттеу  қиын  немесе  мүмкін  емес  болғанда  немесе 

тұпнұсқаны  зерттеу  үлкен  қаражат  шығынын  талап  еткен  жағдайда 

қолданылады.  Модель  мен  тұпнұсқа  арасында  белгілі  бір  ұқсастық 

болу  керек.  Мұндай  ұқсастық  зерттеушінің  модельді  зерттеу  кезінде 

алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру 

үшін  ұқсастықтың,  талдау  мен  жинақтау  әр  түрлі  формалары 

қолданылады. 

Модельдің 

физикалық 

табиғаты 

тұпнұсқаның 

физикалық  табиғаты  сияқты  болу  керек  (тұпнұсқаның  толық 

көшірмесі  болған  модель,  модель  бола  алмайды).  Модельдің 

тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында 

модельге  де,  тұпнұсқаға  да  тән  негізгі  сипаттары  мен  өлшемдері 

болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта 

құру  жөне  оны  басқару  туралы  білімді  зерттеу,  сақтау  және  кеңейту 

үшін қолданылады. 



 

Модельдеуде  логикалық,  физикалық,  математикалық,  заттық, 

белгілік  болады.  Модельдің  түрін  таңдау  таным  зерттеу  объектісінің 

күрделілігіне байланысты. 

Қоғам дамуына саралау, талдау жасамаса саналы даму процесінің 

дамуы  мүмкін  емес.  Саралау  нәтижелі  болуы  үшін  объективті 

ақпараттық базасы болуы керек.Оларды саралауда ЭВМ ді қолдануға 

болады.  Бірақ  барлық    қоғамдағы  әлеуметтік  процесстерді  өлшеу, 

тексеруге  бола  бермейді.  Мысалы,  әлеуметтік  қатынас  мәселелерін, 

себебі олар өте күрделі.  Модельдеу түрлі эвристикалық функциялар 

атқарады:  негативті  тенденцияларды  анықтайды,  мәселелердің 

шешілуінің 

позитивті 

жақтарын 

белгілейді, 

альтернативті 

варианттарының  түрлерін  ұсынады.  Модельдеу  болжам  жасаумен 

бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдердің 

бірнеше түрлерін бар:танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет 

болатын  модель.  Күрделі  әлеуметтік  мәселелерді  модельдеуде 

жоғарыда  көрсетілген  модельдердің  барлық  типтері  қолданылады. 

Модельдеу 

түрлі 

функциялар 



атқарады: 

эвристикалық, 

прогностикалық, прагматикалық..  Модельдеу  нәтижелеріне  қойлатын 

талаптар:  біріншіден,  модель  қарапайым,  ыңғайлы  болуға  тиіс, 

екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне 

келесідей талаптар алынады:  

1)  толықтығы,  адекватылығы,  эволюциялығы;  көп  көлемді 

өзгерістерге  еңгізу,әлеуметтік  объектіні,  құбылысты  ,  процестердің 

көшірмесін жасау,  

2)  шамамен  абстрактілі  болуы,  бірақ  алынатын  нәтиже  пайдалы 

болуға тиіс,   

3)белгілі уақыт шеңберінде өту; 

4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы

5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу;  

6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы;   

7)  әлеуметтік  объектіге  сәйкестігі,  алынған  нәтижені  тексеруге 

мүмкіндіктің болуы.  

Әлеуметтік  модельдеу  принциптері:жасалатын  моделмен  оның 

күрделігінің  арасындағы  компромисс,  нақтылықтың  балансы, 

модельдің  түрлі  элементтері,  моделдің  көрнекілігі,  блок  түрінде 

көрсету, модельдің специализациясы т.б. 

Моделді бағалаудың әртүрлі критерилері бар:жаңалықтың көрнісі 

( интуитивтік көрініс, жазбаша сапалық, көрнекілік имитация, жүйелік 

көрсету); 

Таралған  (жалпы  әлеуметтік  сферада,  салада,  әлеуметтік  топта 

т.б.); 



 

Қарастырылған,  зерттелген  деңгейі  (ұсынылған  идея,  құрылған 

кесте,    жасалған  алгоритм,  материализоваланған,  формализоваланған 

жүйе  кибернетикалық ); 

Моделді қолдану деңгейінің көрсеткіштері:  

 



Моделді қолдану мақсаты; 

 



Әлеуметтік  сферада  қолдануға  байланысты  білімдердің 

тереңдетілуі; 

 

Оқу  орындарында  мамандарды  даярлау  жүйесінде,  ғылыми 



білім жүйесінде қолданылуы. 

 



Сонымен қатар моделдердің құрылымын бағалау да маңызды: 

 



Таным объектісінің даму бағытының  жиынтығы; 

 



Дамудың қозғаушы күші; 

 



Сыртқы факторлардың ықпалы. 

 Әлеуметтік  жобалау  әлеуметтік  ғылымның  бір  саласы  ретінде 

ХХ    ғасырда  пайда  болды.  Алғашқы  кезеңдерде  әлеуметтік  болжам 

ғылыми  және  техникалық  болжамнан  басталып    архитектура  мен 

машина  жасау  саласында  қолданылды.  Жобалау  қоныстану 

мәселелерін  шешуде  де  қолданылады.  Қазіргі  уақытта  жобалаудың 

дәстүрлі  түрімен  қатар  өзіндік  дербес  бағыттары  да  әлеуметтік, 

экологиялық,  демографиялық,  инженерлік  –психологиялық,  тағы 

басқа  жобалау  адам  қажеттігігіне  байланысты  қолданылады.  Ал 

әлеуметтік  жобалауға  келер  болсақ,  оның  алғашқы  қағидаларын 

Я.Дитрих, Т.Тиори, Д.Фраем, Ф.Ханик сияқты тағы басқа зерттеушіер 

жазады. Ал ресей әлеуметтануында әлеуметтік жүйелерді жобалаудың 

алғашқы  идеялары  И.  И.  Ляховтың,  В.  Н.  Дубровскийдің,  В.М: 

Розиннің еңбектерінде айтылды. 

Соңғы  кезде  әлеуметтік  сферада  әлеуметтік  жобалау  ұғымы  жиі 

қолданысқа  ие  болып  отыр.  «Әлеуметтік  жобалау»  ұғымы  70 

жылдары  пайда  болды,  оған  дейн  әлеуметтік  жоспарлау,  бағдарлау, 

жаңалықтарды еңгізу деп келген. Экономика, мәдениет, кала құрлысы 

сфераларының  дамуы  әлеуметтік-инженерлік  қызмет  саласына 

әлеуметтік жобалау ұғымын өмірге әкелді. 

Қазіргі  қоғамның  өзгеру  удерісінде  келесідей  кезеңдерді 

белгілеуге  болады:  жоспарлау,  жобалау,  өндіру,  өндірілген  өнімді, 

жұмысты беру, сату. Әлеуметтік жобалау – ұғымы Ресейде соңғы-70-

80  жылдары  қолдана  басталды.  Әлеуметтік  жобалау  мәселесі  туралы 

алғашқы пікірді айтқан Платон, оның идеалдды мемлекет құру туралы 

ілімі оган дәлел дейді В.М. Розин. 

Әлеуметтік  жобалаудың  мәні  Объектінің  даму  варианттарын 

белгілеу,  онымен  әрекеттесу  стратегиясын,оны  басқару,  оған  ықпал 




 

жасау  технологиясын,  жаңалықты  еңгізу  жолдарын  білу-  әлеуметтік 

жобалаудың мәні болып саналады. 

Жобалау  шындық  көрінісінің  озық  формасының  түрі.  Ұйым 

қандай  да  бір  әрекетті  жасамас  бұрын  әрқашан  да  ең  алдымен  өзіне 

лайықты  деген  бірнеше  нұсқаны  ойластырады.  Әлеуметтік 

проблемалардың  шешілуінің  әртүрлі  варианттары  жасалған  кезде 

әлеуметтік мақсатқа бағытталған әрекеттің пайда болуы орын алады.  

Әлеуметтік  жобалау  ғылымы  айналысатын  мәселелері:  жалпы  

принциптер,  әдістер,  тәсілдер  және  объектілердің  құру  ережелері, 

әлеуметтік  күрделі  міндеттерді  шешуге  бағытталған  спецификалық 

жоспарланған  әрекет  туралы  ғылым.  Әлеуметтік  жобалаудың 

айналысатыны  әлеуметтік  даму  мәселесі  емес,  объектінің  қазіргі 

жағдайы, оның содан бастап дамуы. 

Әлеуметтану  ғылым  саласында  ең    алғаш  әлеуметтік  жобалау 

идеясы  келесі  ғалымдардың  еңбектерінде  көрніс  алған  И.И.Ляхова, 

В.Н.  Дубровскидің,  А.Г.  Раппопорттың,  В.М.  Разина,  Б.В.  Сазонова, 

Г.П. Щедровицкидің және О.И. Генисаретскидің. Теориялық негіздері 

туралы  Н.А.  Аитова,  Г.А.  Антонюк,  Н.И.  Лапина,  А.И  Пригожина, 

Ж.Т.  Тощенко,  Н.Г.  Харитонова  және  Т.М.  Дридзе,  Ю.А.  Крючкова, 

О.Н. прогноз қою, құрастыру, моделдеу. 

2001  жылы  Курбатов  В.И.  әлеуметтік  жобалау  ұғымына 

анықтама берген. 

Әлеуметтік  жобалау  –  бұл  үрдіс  әлеуметтік  әрекетті    құрастыру 

жүйесі,  әлеуметтік  мәселелерді  проблемаларды  жеңуге,  әлеуметтік 

жағдайды   позитивті өзгертуге  бағытталған. 

«Әлеуметтік  жоба  –  қоғамға  әкелетін  пайдасы  мен  жоба 

қатысушыларының  өздерінің  еңбектерінің  нәтижесін  көретін 

адамдардың  нақты  категориясының  әлеуметтік  жағдайын  жақсартуға 

бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы». 

Бұл  –  әлеуметтік  маңызды  мәселелерді  шешу,  оның  негіздемесі 

және нәтижелерін бағалау бойынша ұйым (бірлестік) қызметін жүзеге 

асыру бойынша іс-шаралар кешені. 

Әлеуметтік  жобалауға  –  ол  әлеуметтік  объектілер,  әлеуметтік 

сапалар, әлеуметтік үрдістер және қатынастар жобалауға кіреді.   

Әлеуметтік жобаның – қоғамға әкелетін пайдасы мен Яницкидің 

т.б.  еңбектерінде  қарастырылған.  Әлеуметтік  жобалау  негіздеріне 

саралау,  талдау  Н.А.  Аитова,  Г.А.  Антонюк,  Н.И.  Лапина,  А.И 

Пригожина,  Ж.Т.  Тощенко,  Н.Г.  Харитонова,  Т.М.  Дридзе,  Ю.А. 

Крючкова, О.Н. Яницкийдің еңбектерінде жасалған. 

Жобалау  -  (латынша  projectus-алға  қарай  лақтыру;  жобалау  – 

болашақтағы  объектінің  образын  жасау)-  специфилақ  қызмет  оның 




 

нәтижесінде  ғылыми-теориялық  және  тәжірибелік  мәні  бар 

жоспарланған, 

болжамдаған 

құбылыстармен 

үрдістің 

даму 

варианттары  белгіленеді.    Объектінің  даму  варианттарын  белгілеу, 



онымен  әрекеттесу  стратегиясын,,  оны  басқару,  оған  ықпал  жасау 

технологиясын,  жаңалықты  еңгізу  жолдарын  білу-  әлеуметтік 

жобалаудың  мәні  болып  саналады.  Әлеуметтік  жобалау  мәселесіне 

қатысты  ұғымдар:  жоспарлау,проектілеу,  болашаққа  болжам  жасау, 

болашаққа жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін 

көретін  адамдардың  нақты  категориясының  әлеуметтік  жағдайын 

жақсартуға 

бағытталған, 

нақты 

жоспарланған 



әрекеттер 

бағдарламасы.  Бұл  –  әлеуметтік  маңызды  мәселелерді  шешу,  оның 

негіздемесі  және  нәтижелерін  бағалау  бойынша  ұйым  (бірлестік) 

қызметін жүзеге асыру бойынша іс-шаралар кешені. 

Әлеуметтік  жобалау  –  бар  әлеуметтік  мәселелерді  өткеруге,  оң 

өзгерістерге,  әлеуметтік  жағдайды  дамытуға  бағытталған  әлеуметтік 

әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.     

Сонымен,  әлеуметтік  жобалау    –  бұл  ғылыми    түрлі  ақпаратты 

игерудің  тиімді  құралы,  инновациялық  әрекет  жасаудың  жаңа  тәсілі, 

экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселерді шешудің әдісі. 

Азаматтық  қоғамды  дамытудың  нәтижелі  тәсілдерінің  бірі 

әлеуметтік жобалау болып табылады. 

Қоғамды  әлеуметтік  жобаларды  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру 

процесстеріне  еліктіру  халықтың  азаматтық  белсенділігін  және 

жергілікті  мақсаттағы  мәселелерді  шешуде  нәтижелігін  біраз 

арттырады . 

Әлеуметтік  жобалау  нақты  мақсаттар,  міндеттер,  шаралар  және 

оларға  қол  жеткізудің  әрекеттерінің  тілі  бойынша  қоршаған  ортаны 

жақсартудың  көріністі  идеясының  тәсілі,  сондай-ақ  аталған  ниетті 

нақты  жүзеге  асыру  және  сипатталған  мақсаттарды  орындаудың 

нақты  мерзімдеріне  арналған  қажетті  қорлардың  сипаттамасы  болып 

табылады. 

Әлеуметтік  жобалау  спецификалық  білім  саласы  ретінде  өзіне 

қатысты 


ұғымдары 

бар.Оларға 

келетін 

болсақ: 


құрастыру(конструирование),  жүйе,  жобалау  субъектісі,  объект, 

әлеуметтік  технология (операциялар жиынтығы), әлеуметтік  жобалау 

әдістері, механизімдері және т.б. 

Жобалау  субъектісі  деп  басқару  әрекетіне  қатысы  бар 

адаммдарды,  еңбек  ұжымын,  әлеуметтік  институттарды  айтуға 

болады.Олардың  негізгі  мақсаты  нақты  әлеуметтік  жағдайды 

әлеуметтік  белсенділік  таныту  арқылы  өзгерту  болып  саналады. 



 

Олардың  білімі,  іскерлігі,  шеберлігі,  шығармашылығы  арқылы  жаңа 

бір идея туындап, жобалау моделінің, проектінің сапасы артады. 

Әлеуметтік  жобалау  объектісі  деп  әлеуметтік  субъектілердің  

ықпалында  болатын  материалдық,  рухани  жүйелер,  проектілер, 

әлеуметтік  байланыстар,  әрекеттесу,  проектілеуге  қатысы  барларды 

айтамыз.  Әлеуметтік жобалау объектілеріне келесілерді жатқызамыз: 

еңбек  құралдарын,  әлеуметтік  технология,  техника,  материалдық, 

рухани құндылықтар, әлеуметтк әрекет т.б. 

-  адам  тарихи  үрдістің    субъектісі  ретінде  және  әлеуметтік 

қатынастар, қажеттіліктер, құндылықтар, қызығушылықтар т.б. 

-  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының  элементтері,  кішігірім 

жүйелері мысалы, еңбек ұжымы, әлеуметтік топтар т.б. 

-  өмір  сүру  үлгілерінің  элементтері  мысалы,  өмір  сүру  стилі, 

тәсілі, өмірлік ұстанымдары . 

-  түрлі  өмірлік  қатынастар  (  саяси,  басқару,  эстетикалық, 

адамгершілік,  шаруашылық-отбасылық,  тұлғааралық).  Соңғы  кезде 

әлеуметтік  жобалау  объектілері  көбейюде.  Негізгілері  әлеуметтік 

жүйелер. 

Әлеуметтік  қызметтің  элементі  болып  әлеуметтік  әрекет  болып 

саналады. 

Құрастыру(конструирование)-интелектуалдық  әрекет, ол  арқылы 

қандай  да  болмасын  бір  объектінің  мақсат  көздеген  идеалдық 

формасы  жасалады.  Ол  ойлау  әрекеті    арқылы  әртүрлі  факторлардан 

комбинация,  құрастыру,  келістіру  арқылы  жаңа  объектіні  жасау. 

Құрастыру  арқылы  орындалатын,  болашақта  болатын  және 

болмайтын да объектілер қарастырылады.   

Құрастыру(конструирование)  реконструирование-  қайта  құру, 

жаңарту,  ал  деконструирование  -  идиалды  моделін  құру,  нормативті 

сипатқа ие деген ұғымдарды ажырата білу керек.   

Әлеуметтік  жобалау  қызметінде  «жүйе»  деген    ұғым  ерекше 

мәнге ие.  

Жүйе  –бұл  тұтастылық,  ұйымдастырылған  функциялардың, 

басқарылатын  әректтердің  жиынтығы,  олар  бойынша  шешімдер 

қабылданып,  іске  асырылады.«Жүйе»  элементтердің  жәй  жиынтығы 

ғана емес, ол араларындағы байланыс, қатынас. Олар арқылы бірігеді, 

ұйымдастырушылық, әрекеттестік орнайды.  

Әрекет-іс-қимыл  бірлігі,  саналы  түрдегі,  мақсатқа  жетуге 

бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте 

адам  субъект  ретінде  танылып,  оның  жасампаздығы,  іскерлігі, 

қайраткерлігі қалыптасады. 



 

Әлеуметтік әрекет-уақытқа сәйкес реттелген әлеуметтік әрекеттің 

актісі,  әдістердің,  дағдылардың,тәсілдердің  жиынтығы  әлеуметтік 

тапсырманы  мақсатқа сәйкес орындауға бағытталған. 

Жобалау  жағдайы  -  әлеуметік  құбылыстардың,  үрдістердің 

жүйесі, жобалау әрекетіне ықпал жасайтын. 

Жобалау  жағдайы  келесідей  компонентерден  тұрады:  қатынас, 

процесстер, орта, әрекет,заттар,қызмет, құрал т.б. 

Жоспарлау-ғылыми  және  тәжірибеде  дәлелденіп  белгіленген 

мақсат,  міндеттер,  орындалу  уақыты,  темпі,құбылыстың  даму 

барысы,қоғамның қажеттілігіне байланысты  іске асу жолдары. 

Жоспарлау-ғылыми  және  тәжірибеде  дәлелденіп  белгіленген 

мақсат,  міндеттер,  орындалу  уақыты,  темпі,құбылыстың  даму 

барысы,қоғамның қажеттілігіне байланысты  іске асу жолдары.  

Әлеуметтік  жоспарлаудың  әдістері,  олардың  әлеуметтік 

жоспарлау  әдістерінің  жалпы  ғылымдық  топтасытылуы:  мәселелік-

ќұрылымдық; 

бағдарламалық-құрылымдық; 

құрылымдық-

технологиялық; 

жүйелік 

талдау 


әдісі; 

мәселелік-жүйелік; 

бағдарламалық-жүйелелік және т.б. бөлінеді. 

1.Жобаны  жоспарлауда  мақсат  міндеттерге  сай  іс  шаралар 

реттеліп    қарастырылады.  Жоспарлауда  ресурстар,  уақыт,өту  орны, 

кейнгі нәтиже есепке алынады. 

2.Одан  кейін  әлеуметтік  жоспардың  орындалу  жолдары 

қарастырылады:  іс  шаралар  реттері,  оларды  орындайтын  адамдар, 

қажетті  ресурстар,  жұмыстарды  орындау  шарттары,  қажетті 

материалдар,  жабдықтар.Орындалу  нәтижесі  әлеуметтік  бағдарлама, 

жоспар, сондай ақ  қажетті расчеттар, календарлық уақыттқа бөлінген. 

Жұмсалатын  ресурстар  жоспарлауда  нақты  болуы  қажет,  артық 

ресурстар  жобаны  орындауда  мақсатқа  жетуде  кері  әсерін  тигізеде 

деген пікірді ғалымдар білдіреді. 

Уақыт ережесі. Егерде, жоба жоспарланған уақытқа сай келмесе, 

оны бірнеше жобаға бөліп кезекпен орындалуын қарастырған жөн. 

Орын  ережесі.  Егерде,  жобаның  бір  стандарт  бойынша  үлкен 

территорияда  орындалуы  қйындық  тудырса,  онда  оны  кішігірім 

локальды  жобаларға  бөліп  бірнеше  жерде  орындалуы  қарастырылуы 

керек. 


3.  Келесіде  жоспарды  қабылдау  бекіту  іске  асады.  Арнайы 

процедура арқылы іске асады, лауазымды құжатта көрсетіледі. 

4.  Әлеуметтік  жобаны  орындау.  Басқару  структуралары, 

бөлімдері тағайындалады. Қажетті жағдайларда жобаға өзгертулерде, 

түзетулерде еңгізілулері де мүмкін. 



 

5.Орындалған  әлеуметтік  жобаның  қортындысын  шығару  есеп, 

тексеу  есептері,құжаттары  арқылы  қабылданады,  ол  туралы  ақпарат 

қортынды жасайтын құжатта көрсетіледі. 

Кейнгі нәтижені есепке алу ережесі. Кез келген жоба негативті не 

позитивті  нәтижемен  аяқталулары  мүмкін.  Сондықтан  негативті 

нәтижені  минимумға  дейн,  ал  позитивті  нәтижені  максимумға 

жеткізуге тырысу қажет. 

Әлеуметтік  жобаны  орындауға  байланысты  жұмытар  келесідей 

топтастырылад: 

ақпараттық, 

аналитикалық, 

эксперттік, 

ұйымдастырушылық, 

құқықтық, 

кординациялық, 

қаржылық, 

кадырлық,  мотивациялық,  материалды–техникалық,  коммерциялық, 

оқытушылық,  болжаушылық,  пропагандистік,  қамтамасыз  ету 

қызметі. 

Форма  –белгілі  түрде  реттелген  қызмет,мазмұнды  ұйымдастыру 

тәсілі, 


әдісі, 

құралы, 


жобаны 

орындаушылар, 

қажетті 

аудиториялар.Жоба түрінің сыртқы көрнісі. 

Құрал-мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын  тәсілдер,  операциялар  

жиынтығы. 

Жобаны  орындау  барысында    орындалатын  іс  шараларға  қарай 

әдіс,  тәсілдер  нақтыланып,  қолдануға  лайықтылары  таңдалып 

алынады. 

Әлеуметтік жобаны орындауда уақытша басқару орган құрылады, 

жоба  аяқталғаннан  кейін  таратылады,  немесе  бақа  жаңа  жобаны 

орындауға кіріседе. 

Әлеуметтік  жобалар:  түрлері,  классификациясы  (тарихи-мәдени 

бағытталған әлеуметтік жобалар; әлеуметті-педагогикалық және т.б.).  

Жоба  -  (латынша  projectus-алға  қарай  лақтыру;  жобалау  – 

болашақтағы  объектінің  образын  жасау)  құжаттар  жиынтығы 

(расчетар,  чертеждар),  белгілі  затты,  құрлысты  орындау  үшін 

жасалған жоспар, құжат. 

 Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі:  

-  қоғамдағы  әлеуметтік  мәселелердің  қолдануына  байланысты  

шешілуіне байланысты

- әлеуметтік жобаны қарастыру, құрастыру уақыты бойынша; 

-  әлеуметтік  жобада  қарастыру  мәселесінің  күрделігі  тереңдігі 

бойынша;  

-  әлеуметтік  жобаның  мазмұндық  сипатына,  қолданылатын  әдіс, 

тәсілдерге, дәлелдігіне қарай; 

-  әлеуметтік  мәселелердің  шешілу  масштабына  қарай.  Бұл 

тұрғыда  локальдық  жеке  мәселелерді  шешуге  бағытталған,  және 




 

стратегиялық  базистік  мәселелерді  шешуге  бағытталған,  ұзақ  уақыт 

мерзімде шешілетін. 

Басқаша  жіктеу келесідей сипаттарына қарай жіктеледі: 

-әрект  жасау  сферасына  қарай:  техникалық,экономикалық, 

әлеуметтік, аралас,  ұйымдастырушылық.; 

-құрамы, 

құрылымына  қарай:  монопроект,  мультипроект, 

мегапроект.  Монопроект  -  әртүрлі  типтегі  жеке  жоба  түрі. 

Мультипроект-  бірнеше  монопректілерден  тұратын  кешенді  жоба, 

көпжобалық басқаруды қажет ететін. 

Мегапроект  -  белгілі  региондардың,  салалардың  дамуын 

қарастыратын  бағдарлама.  Оның  құрамына    бірнеше  моно  және 

мультижобалар кіреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет