Технологиялар



Pdf көрінісі
бет3/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

Сұрақтар: 

1)  Әлеуметтік  педагогтің  алдына  қойылатын  мақсаты  мен 

міндеттері қандай? 

2)  Әлеуметтік  педагог  қандай  нормативтік  актілер  мен 

құжаттарды басшылыққа алады? 




 

3) 


Әлеуметтік  педагогтың  қызметтік  бағыттары  жайлы 

толығырақ айтыңыздар. 

4)  Әлеуметтік  қызметкерді  жұмысқа  қабылдау  мен  шығару 

нормалары қандай? 

5)  Әлеуметтік  педагог  өз  мақсатында  қандай  функцияларды 

атқарады? 



 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТЫН 

ЕРЕКШЕЛІГІ 

Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі. 

Әлеуметтік  педагогтің  кәсібилік  сапасы  жоғары  болуы  тиіс.  Ол 

әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, 

оларды  түсінуіне,  өзара  байланысуына,  адамдарға  сенімділік 

білдіруіне де байланысты болады. 

Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс: 

 -  табиғилық  -  айналадағылармен  өзара  қарым-қатынастағы 

процесте өзі-өзіне қабілетті; 

-  мейірімділік  –  мейірімді,  әрқашан  да  адамдарға  және 

айналасындағыларға  мейрімділікпен  қарап,  оларға  қол  ұшын  беруге 

даяр болу; 

-  эмпатия  –  әлемді  өзге  адамдармен  елестеткендей  елестету, 

мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге 

оң қараспен қарау; 

-  ақ  жарқын  –  өз  ойы  мен  сезімін  ашық  айтып,  оны 

әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу; 

-  кішіпейіл  –  жұмсақ,  сыпайы  түрде  өзге  адамдармен  қарым-

қарынаста болу; 

-  нақтылық  –  қойылған  сұраққа  оң  жауап  беру,  өз  ойын  толық 

жеткізу. 



Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары. 

Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары: 

Өзара іс-әрекет - бекітілген қағидасы:  

-  шиеленісті  оқиғалар  мен  туындаған  мәселелер  кезінде  оны 

әріптестердің  арасында  бағытталған  мақсат  бойынша  шешуге  ықпал 

етеді; 


- білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады; 

барлық  әлеуметтік  институттарды  өзара  «іс-әрекетте 



байланысты  орнатады,  оқушылардың  әлеуметтенуіндегі  бірқатар 

сұрақтар шешуге көмектеседі. 

Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы: 

- жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау




 

-  мұғалім  секілді,  оқушының  да  бостандығы  мен  құқығына 

құрметпен қарау; 

-  тұлғаның  әлеуметтенуі  мен  өзін-өзі  дамытуына  нұсқау  беру, 

әсер ету; 

- оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу. 

Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті - сезінуші қағидасы: 

- баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау; 

- әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау; 

-  тұлғаның  мүмкіндіктері  мен  қабілетіне  оптимистік  тұрғыдан 

сенім білдіру; 

Ұқыптылық -  сақтық қағидасы: 

- қарым-қатынаста ашық қатынас орнату; 

- алған ақпаратқа үмітпен және сенімді болу

-  ата-ананың  мұғалімдердің,  оқушылар  мен  әлеуметтік  педагог 

арасындағы  кәсіпшілік құпияларды сақтау. 



Әлеуметтік педагогтің функциялары 

Мектепте  әлеуметтік  педагогтың  жұмысы  өте  ауқымды.  Оның 

клиенттері  оқушылар,  ата-аналар  және  мұғалімдер  болады.  Өз 

мақсатында мынадай функцияларды атқарады. 

1. Аналитикалық диагностикалық: 

-  әлеуметтік  диагноз  жеке  тұлғалық  мүмкіндіктерді  және 

әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді; 

-  жасөспірімдер  мен  баланың  девиантты  мінез-құлқының 

себептерін  қарастырады,  сәтсіз  отбасылардың  әлеуметтік  себебін 

анықтайды. 

2. Жобалау: 

бала  тәрбиесіне  және  тұлғаның  дамуына  әлеуметтік 



педагогикалық оқиға процесіне бағдарлау және жобалау; 

-  тұлғаның  өз-өзі  дамыту  және  өз-өзін  тәрбиелеу  процесіндегі 

болашағын анықтау; 

-  өзінің  әлеуметтік-педагогикалық  жұмысын  уақытылы  және  

кезекті етіп жоспарлау. 

3. Ұйымдастырушы  – қатынастық: 

-  мектеп  оқушыларына  әлеуметтік  тәрбие  беру  процесінде 

мүмкіндіктерді  пайдалану,  тек  жергілікті  еңбек  және  демалыстың 

мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік 

тәрбие процесін жүргізу;  

- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау; 

-  әлеумет  пен  оқушылар  арасындағы  оң  және  теріс  іс-

әрекеттерінен хабардар болу; 



 

-  жасөспірімдермен  балалар  арасындағы  демократиялы,  жүйелі 

өзара  қарым-қатынасты  қалыптастыру,  сонымен бірге  жеке  тұлғалық 

және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу. 

4. Коррекциялы : 

- балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта 

жағынан  әсер  ететін  тәрбиенің  барлық  түрінде  түзету  жұмысын 

жүргізіп отыру. 



Әлеуметтік педагогтің мәртебесі: 

- әлеуметтік педагог арнайы білімі бар маман, оның еңбек ақысы 

мен  разряд  деңгейі,  еңбек  демалысы  мектеп  қызметкерлерімен 

теңгерілген: 

-  әлеуметтік  педагогтың  қызметін  арнайы  мамандық  дайындық 

курстарынан өткен педагогтар атқара алады; 

-  әлеуметтік  педагог  300  адамға  қызмет  көрсете  алады  (есебіне 

балаларды, ересектерде кіреді); 

-  мектептің әлеуметтік педагогі аптасына 36 сағат жұмыс істейді; 

-  әлеуметтік  педагогтің  күнделікті  қызметін  ұйымдастыруда  әр 

түрлі  жастағы  балалармен,  ересек  адамдармен  істелген  практикалық 

жұмыстар да есепке алынады. 



Жауапкершілігі 

Әлеуметтік  педагог  мектеп  директорының  алдында  тәртіптік 

жауапкершілікке тартылады: 

-  жоғарыдағы  көрсетілген  міндеттерді  дұрыс  атқармаған 

жағдайда;   

- мектеп Жарғысын  және еңбек тәртібін бұзған жағдайда

қолданысқа  берілген  мектеп  мүліктерін,  құралдарын, 



жабдықтарын  және  тағы  басқа  материалдар  мен  құнды  заттарды 

сақтауда. 



Әлеуметтік педагогтің құқығы 

Әлеуметтік педагог төмендегі құқықтарға ие болады: 

- Баланың педагогикалық және медициналық құжаттарын; 

- Сабақтарға қатысып отыруға

Мектеп 


әкімшілігінің, 

медициналық, 

педагогикалық 

қызметкерлерінің, балалар құқығымен денсаулығын қорғау қоғамдық 

ұйымдарының алдына көкейкесті мәселелерді қоюға; 

Медициналық 



әлеуметтік 

мәселелер  бойынша 

білім 

мекемелерінің эксперттік шешімдеріне араласуына; 



-  Отбасы  мүшелерінің  мектеп  пен  отбасындағы  кепілдігін 

анықтау мәселесін (даулы жағдайда) қоюға; 

-  Қажетті  кезде  тиісті  органдарға  ата-ана  құқынан  айыру 

мәселесін ұсынуға, балалар мүддесін сотта қорғауға; 




 

-  Өз  еркімен  мектеп  тарапынан  басқа  да  білім  беру,  спорт, 

денсаулық  сақтау,  мәдениет,  құқық,  тәртіп  сақтау,  әлеуметтік 

қорғаныш, психологиялық қызмет көрсету ұйымдарымен, балалар мен 

жастар  қоғамдарымен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен,  жергілікті 

басқару органдарымен бірлестікте жұмыс атқаруға

- Өз кәсіби деңгейін жетілдіруге; 

-  Әлеуметтік  тәрбиеге  қатысты  жергілікті  бағдарламаларды 

жоспарлауға,  құруға  және  жүзеге  асыруға,  басшылық  жасау  үшін 

қатысуға;  

-  Өз  әрекетін  жүзеге  асыруда  әдіс-тәсілдерді,  құралдарды  өз 

еркімен таңдауға; 

- Өз әрекетіне қатысты негізсіз араласулардан қорғануға; 

-  Мектептің  өзін-өзі  басқару  ұйымдарын  сайлауға  және 

сайлануға; 

-  Өз  міндетін  атқаруда  мектеп    педагогтары  мен  оқушыларына 

шектен шықпайтын нұсқаулар беруге; 

-  Кәсіпұйым  мүшелерімен  бірлестікте  мектеп  әкімшілігі 

қабылдаған  білім  беру  ұйымының  субъектілерінің  құқықтары, 

денсаулықтары,  әрекет  жағдайлары  мен  оларды  қорғауға  қатысты 

локалді  құқықтық  актілердің  дұрыс  құрылуын  анықтауға  қатысуға 

құқылы. 


Баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы 

Әлеуметтік  педагог  келесі  жағдайларда  баланың  білім  алу 

құқығына араласа алады: 

спорттық  ситуацияларға  қатысты    түсіндіру  жұмыстарын 



ұйымдастыру,  білім  алу  құқығына  тиісті:  мысалы,  баланың  

мемлекеттік  стандартқа  сәйкес  құқығы  бар  екенін  анықтау,  соның 

ішінде:  тәрбиелеу,  қызмет  көрсету,  яғни  ол  мектепте  алады, 

интернатта , ауруханада; 

 

Арнайы  білім  беру  –  тәрбиелеу  мекемелеріне  ашық  түрдегі 



басқару органдарындағы білім беруге: 

арнайы біртұтас білім беру ашық типтегі мектептер; 



арнайы мамандандырылған ашық түрдегі училище; 

басқа  түрлердегі  білім  беру  мекемелері,  яғни,  кәмелетке 



толмаған және арнайы тәрбиелеу жағдайындағыларды. 

 

Бұл типтегі мекемелерге, білім алып тәрбиеленуге 8 жастан 18 



жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар кіреді. 

 

Арнайы жабық түрдегі білім-тәрбие мекемелеріне: 



арнайы біртұтас жабық түрдегі білім беретін мектептер; 

арнайы мамандандырылған жабық типтегі училищелер; 



арнайы (түзету) білім берудегі жабық типтегі мекемелер




 

 

Кәмелетке  толмаған  балаларды  арнайы  білім-тәрбие 



мекемелеріне өткізуге келесі құжаттар қажет: 

медициналық  анықтамалар  денсаулық  жағдайын  арнайы 



мамандардың  негізіндегі  тексерулер  нәтижелері,  СЭС  анықтамасы  – 

тұрғылықты жерінен; 

туу туралы куәлігі, жеке куәлік; 



кәмелеттік    жасқа  толмағандар  мен  жұмыс  комиссиясының 

шешімі; 

ашық түрдегі кәмелетке толмаған баланың мінездемесі; 



қатысушының жеке жұмысы; 

мектеп сыныбын бітіргендігі туралы анықтама; 



табель, ағымдағы жыл; 

орта білім туралы куәлігі



тұрғылықты жерінен анықтама: отбасы туралы; 

ата-анасының жұмыс орнынан анықтама, айлық мөлшері және 



де отбасына басқа да кірістер туралы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет