4.5 Өрт қауіпсіздігі шаралары.
Кәсіпорын объектілерді өрттен қорғау:объектіні отқа тұрақтылық дәрежесін дұрыс таңдаумен; өрт ошағының пайда болған жағдайдағы оттың таралуын шектеу; жарылысты басымырақ басуға бағытталған жүйені қолдану, түтінге қарсы қорғаныс жүйесін қолдану; адамдарды қауіпсіз көшіру; өрт сөндіру мен өрт дабылдағыш құралдарын қолдану; өрттен қорғануға ұйымдастырумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Кәсіпорын объектілердің өртке қарсы құралдары жаңа өнеркәсіп орындарын жобалау барысында өндірілетін инженерлі-техникалық іс-шаралардың комплексі болып табылады. Сондықтан өндірістегі өрт қауіпсіздігі белсенді өрт қорғанысымен алдын алу тәсілдерімен қамтамасыз етіледі.
Өртті жою және алдын алу үшін біріншіден оның пайда болу себебін білу қажет. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін және физикалық, химиялық, био-логиялық құбылыстарымен түсіндірілуі мүмкін.
Өрттің пайда болу себептері (статистикалық көрсеткіштері бойынша):
отты абайсыз қолдану;
өндірістік жабдықтардың бұзылуы және технологиялық прцесстерді бұзу;
электрикалық құрылғылардың ақаулы күйі және оларды пайдалану ережелерін бұзу
жылыту аспаптарының ақаулы күйі мен оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін ережелерін бұзу.
5.5-кесте-Өрт қауіпсіздігі бойынша өндіріс санаты (СНжЕ 11-90-81)
Өндіріс
|
Өндіріс санаты
|
Өндірістегі заттар сипаттамасы
|
Өртке қауіпті өндіріс
|
Д
|
Суық кезде жанбайтын заттар мен материалдар
|
Өртті локализациялау және жою үшін, қысқа уақытта келесі шараларды өткізу қажет:
өртеніп тұрған ортаның температурасын белгілі шегіне дейін төменде-ту;
жанғыш затты өрт аймағынан жою немесе оның өрт аймағында про-центтік қатынасын төмендету;
өрт аймағынан тотықтырғыштарды жою немесе жану реакциясы тоқ-талуына дейін оның концентрациясын төмендету.
Жанудың бастапқы кезеңінде өртті сөндіруге арналған құралдар.
ОХП-10 типті химиялық көбікті өрт сөндіргіштер қатты және сұйық заттарды сөндіруге арналған. Олар 5-ке тең еселікпен әсер етеді, ұзақтығы 60 секундқа жақын. Баллондардың сиымдылығы - 8,7 және 9 л. Осы өрт сөндіргіштердің заряды сілтілік және қышқылдық бөліктерден тұрады. Қыс мезгілінде өрт сөндіргіштер қатып қалмас үшін, оның сілтілік бөлігіне этиленгликольді немесе рас көбіктендіргішін қосады.
Өрт сөндіргіштің корпусы бір жылдан кейін 25 % мөлшерде, 2 жылдан кейін 50 %, 3 жылдан кейін 100 % 2 МПа қысымда зерттеуден өтеді. Жылына бір рет зарядталынып тұрады.
ОХП-10 өрт сөндіргіші оңай жанғыш, жанатын сұйықтарды және қатты заттардың көбін сөндіруге арналған. ОХП-10 өрт сөндіргішін сумен араласатын сұйықтарды сөндіру үшін қолданғанда оның әсері болмайды, көбіктің қасиеттері өзгереді. Химиялық көбікті құнды заттарды сөндіру үшін пайдаланбаған абзал, оның әсерінен олар бүлінеді. Көбіктік өрт сөндіргіштердің көбіктерінің ток өткізу қабілеті болғандықтан, электр құрылғыларын сөндіру үшін де пайдаланылмайды.
ОВП-5 және ОВП-10 типті қолмен сондіруге арналған ауа-көбікті өрт сөндіргіштердің, сиымдылығы 5 және 10 л сәйкес 5% көбіктүзуші қоспамен толтырылған сұйыққоймасы бар.
Кішігірім өрттердің барлық түрін сөндіруде қолданылатын, сиымдылығы 2, 5 және 8 л тең ОУ-2, ОУ-5 және ОУ-8 қолмен сөндіруге арналған көмірқыш-қыл өрт сөндіргіштері.Бұл өрт сөндіргіштер қысым вентилінің маховикті айнал-дыруы арқылы іске қосылады. Қар тәрізді көмірқышқыл ағыны 2 м қашықтық-қа 30-40 секунд уақыт ішінде әсер етеді. Балондағы көмірқышқыл сұйығы 6 мПа қысымда болады да, тұтқаның вентилін ашқанда ондағы қысым 0,98*105 Па дейін төмендейді. Нәтижесінде сұйық көмірқышқыл температураның төмен-гі көрсеткішінде газ тәрізді күйге өтеді. Сондықтан өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істегенде сақ болу керек.
Өртке қауіпті объектілерде өрт хабарлаушы датчиктер орналастырылады. Олар өрт болған кезде сым арқылы (немесе сымсыз) қабылдаушы аппараттарға дабыл береді. Бұл автоматты өрт дабыл беру құрылғысы деп аталады. Автоматты өрт дабыл беру құрылғысы сәулелік және шеңберлі сұлбалар бойынша орналастырылады.
Өрт қауіпсіздігі
Өндіріс санаты “Д” (cуық кезде жанбайтын заттар мен материалдар). Учаскенің құрама бөлігі (іргетас,тіректер) және дайын өнімдер (дайындама,бұйымдар) I топқа жатады (өртенбейтін материалдар).
Өрт сөндіру нормалары бойынша цехтың учаскелері келесі құрал-жабдықтармен жабдықталған:
ОУ-5 көмірқышқылды өрт сөндіргіш 6 дана;
ОВП-10 ауа-көбікті өрт сөндіргіш 12 дана;
құмжәшік 6 дана;
сүймендер 12 дана;
багорлар 18 дана;
балталар 12 дана
Достарыңызбен бөлісу: |