Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар


А Қосымшасы. Температураны өлшеудің техникалық құралдары……………54



бет3/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

А Қосымшасы. Температураны өлшеудің техникалық құралдары……………54
Б Қосымшасы. Қысымды өлшеудің техникалық құралдары…………………..56
В Қосымшасы. Шығынды өлшеудің техникалық құралдары………………….57
Г Қосымшасы. Концентрацияны өлшеудің техникалық құралдары…………..57
Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….58
Кіріспе
Технологиялық процестерді автоматты басқару жүйесінің (ТП АБЖ) негізі ақпараттық өлшеу жүйелері (АӨЖ) болып есептеледі, өйткені олар арқылы кез-келген режимдегі процестің көрсеткіштері жайлы, шикізаттың, өнімнің аралық және соңғы түрінің сапасы туралы ақпараттық алуға болады. Ақпараттық-басқарушы жүйе жұмысының тиімділігі бүкіл ТП АБЖ-ның тиімділігіне тікелей әсер етеді. Сонымен тиімді таңдалған ақпараттық-басқарушы жүйенің беретін мүмкіндіктері: шикізаттың және өнімнің сапа көрсеткіштерін басқару, ТПАБЖ құрылымын және басқару алгоритмін жеңілдету, оның құнын төмендету, өнімнің сапа сенімділігін арттыру және сапасын жақсарту.
Ақпараттық-басқарушы жүйе ғылыми тұрғыдан метрология және технологиялық процестердің көрсеткіштерін өлшеудің физикалық принциптеріне негізделген. Ал техникалық жабдықтауда сәйкес көрсеткіштерді өлшеу құралдары (ӨҚ) және түрлендіргіштер қызмет етеді. Осындай сұрақтар «Метрология, стандарттау және сертификаттау», «Технологиялық өлшеулер мен аспаптар» және «Өлшеулердің техникалық құралдары» пәндерінде қарастырылады.
«Технологиялық өлшеулер мен аспаптар» пәнінің дәрістердің материалдарын меңгеру үшін техникалық оқу орындарының көлемінде оқытылатын математика, физика, химия, электроника, метрология, автоматты басқару теориясы пәндері бойынша білім қажет.
Кәзіргі ӨҚ конструкциялары, олардың жұмыс істеу принциптерінің эволюциясына қарағанда жылдам және үздіксіз жаңартылады, соған байланысты дәрістер жинағында қолданған материалды беру методикасы бойынша ӨҚ жұмыс істеу принциптері мен олардың принципиалды сұлбалары қарастырылған. Сонымен қатар студенттер, ӨҚ конструкцияларын, олардың орнату және пайдалану ережелерін зертханалық жұмыстарды орындау кезінде және келешекте оқылатын автоматтандыру құралдарын жобалау, орнату және пайдаланумен байланысты пәндерде оқып біледі.
«Технологиялық өлшеулер мен аспаптар» пәнінің жұмыс бағдарламасы теориялық және практикалық материалдың үлкен көлемін алып отыр. Бірақ аудиторлық сағаттардың шектелген болғандықтан қажетті ақпаратты толық мөлшерде беруге мүмкіндік жоқ, сондықтан материалдың үлкен бөлігін студенттер өзіндік жұмыста (ӨЖ) оқиды. ӨЖ қарастырылатын техникалық өлшеу құралдарының сұлбалары дәрістер жинағында қосымшаларда келтірілген.
Ұсынылып отырған дәрістер жинағы пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған және он үш тақырыптан тұрады. Ұсынылған құрал дәрістердің жинағы қысқаша болады және барлық керекті мәліметтерді қамтымайтынын ескеру керек. Мәтіндегі негізгі анықтамалар курсивпен ерекшеленген. Материалды жан-жақты және табысты оқып білу үшін басқа оқу көздерін қолданған жөн.
1 дәріс. Технологиялық өлшеулер туралы жалпы мәліметтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет