Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар



бет14/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

8.2 Фотоэлектрлік пирометр
Фотоэлектрлік пириометрлер (ФП) автоматикалық болып саналады. Сәулелік энергияны қабылдаушы сезгіш элемент ретінде фотоэлементтер, фотокөбейткіштер, фотокедергілер және фотодиодтар қолданылады.
ФП жұмыс істеу принципі бойынша екі типке бөлінеді:
1. Аспап қабылдайтын сәулелік энергия сезгіш элементке түскенде оның көрсеткіштерін өзгертеді (фототок, кедергі);
2. Сәулелік энергияны өлшеу компенсациялық әдіспен жүреді, мұда сезгіш элемент нуль-индикатор ретінде жұмыс істейді.
Екінші типтегі ФП әдісі қиынырақ, бірақ дәлдігі жоғары, өйткені оның көрсетуі сезгіш элемент сипаттамасына және электрондық сұлбаға тәуелсіз.
Сұлбадағы белггілер:
1 – реттелетін жарық көзі;
2 – объектив;
3, 5 – диафрагма;
4– вибрациялық бөгет;
6– қызғылт жарық фильтрі;
7 – фотоэлемент;
8–электрондық күшейткіш;
9 – күштік блок;
10 – резистор.
8.2 Сурет – Компенсациялық әдіспен жұмыс істейтін ФП сұлбасы
ОИ -өлшеу объектісінің және 1-нің жарық ағыны 7 фотоэлементке кезектесіп түседі. Әрбір жарық ағыны фотоэлементтке түсіп, фаза бойынша қарама-қарсы синусоидалды тоқты тудырады. ОИ -өлшеу объектісінің және 1-нің спектрлік жарықтықтары бірдей болғанда фотоэлементте тұрақты ток туындайды.
Егер спектрлік жарықтықтар өзара тең болмаса (мысалы температураны өлшегенде), онда фотоэлементте фототоктың айнымалы құрамы пайда болады, ол 8 күшейткішпен күшейтіледі және 9 күштік блоктың фазасезгіш каскадына түседі. Нәтижесінде фотоэлементте ОИ және 1-нің жарық ағыны теңескенге дейін 1 лампа тоғы өзгереді.
Спектрлік жарықтыққа тәуелді лампаның тогы объекттің жарықтық температурасының мөлшері ретінде қолданылады. Сондықтан автоматты потенциометрмен 10 резистордағы кернеудің құлауын өлшейді, ал потенциометр шкаласын жарықтық температурасы бойынша градуирлейді.
ФП басты қателігі ±1% (800—2000 оС) және ±1,5%(>2000оС).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет