Дәрістің мазмұны:
- кедергілік термотүрлендіргіштер (КТТ), теңестірілген және теңестірілмеген көпірлер, логометрлер.
Дәрістің мақсаты:
- Логометрлердің, теңестірілген және теңестірілмеген көпірлердің сұлбаларын және жұмыс істеу принципін оқып білу.
6.1 Кедергілік термотүрлендіргіштер (КТТ)
КТТ көмегімен температураны өлшеу – ол температура өзгергенде металлдар мен жартылай өткізгіштердің өзінің электрлік кедергісін өзгерту қасиетіне негізделген: егер градуирлеу сипаттамасы (түрлендіру функциясы) белгілі болса Rt=f(t), онда Rt-ні өлшеу арқылы КТТ салынған ортаның температурасын анықтауға болады.
КТТ -260 +1100 оС шектеріндегі температураны сенімді өлшейді.
Металл КТТ-тер: стандартталған КТТ жасау үшін платина (КТП) және мыс (КТМ) қолданады.
Платина – КТТ үшін ең күшті материал: α = 3,94∙10-3 (оС-1); ρ = 0,1∙10-6 Ом∙м; өлшеу диапазоны Δtо = -260 +1100оС. Pt жасалған КТТ – ең дәл бірінші реттік түрлендіргіштер болып табылады, сым диаметрі 0,05 0,5мм. Олар жұмысшы, үлгілік, эталондық термометрлер ретінде қолданылады.
Мыс – таза түрде оңай алынады, арзан металл, Rt=f(t) тәуелділігі сызықты, α = 4,26∙10-3 (оС-1); өлшеу диапазоны Δtо = -50 +200 оС. t >200оС болғанда мыс тотығады, сондықтан қолданылмайды.
Никель және темір: өлшеу ауқымы Δtо = -50 +250 оС; α жоғары, бірақ бұл КТТ кең қолданылмайды, себебі градуирлеу сипаттамасы сызықсыз, ал ең бастысы – тұрақсыз және қайталанылмайды, сондықтан никельден және темірден жасалған КТТ стандартталмаған.
Жартылай өткізгішті КТТ: өлшеу ауқымы Δtо=-100 +300оС. Қолданылатын жартылай өткізгіштер: магний, кобальт, марганец, титан, мыс оксидтері, германий кристалдары.
Жартылай өткізгішті КТТ температураны өлшеуде сирек қолданылады. Олар температура жайлы сигнал беру үшін қолданылады, өйткені өздеріне тән релелік эффект береді, яғни белгілі бір температураға жеткенде кедергі секірмелі өзгере бастайды. Олар әртүрлі автоматты газталдауыш аспаптарда сезімтал элементтер ретінде қолданылады. Жартылай өткізгіштен жасалатын сезгіш элементтер цилиндр, шайба, кішкентай моншақ түрінде жасалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |