9.3 Дифференциалды-трансформаторлы қысым өлшегіш түрлендіргіш
Дифференциалды-трансформаторлы қысым өлшегіш түрлендіргіш тура түрлендіру әдісіне негізделген. Сезгіш элементтің орын ауысуын өлшенетін сигналға түрлендіру үшін келесі түрлендіргіштер қолданылады: индуктивті; дифференциалды-трансформаторлы; сыйымдылықтық; тензорезисторлық және басқа да түрлендіргіш элементтер қолданылады.
9.3 Сурет - Дифференциалды-трансформаторлы қысым өлшегіш түрлендіргіш
Суреттегі белгілеулер: 1 – деформациялық сезгіш элемент, 2 – деформациялық-трансформаторлы түрлендіргіш элемент, 3 – тартқыш, 4,5 – екінші реттік орама секциясы, 6 – қозғалтқыш өзекше (сердечник), 7 - бірінші реттік орама.
Екінші реттік орама шығысына (R1, R2) бөлгіш жалғанған, бұл түрлендіргішті қажет диапазон реттеу үшін керек.
Бірінші реттік ораммен I1 тоғы өткенде магниттік ағын пайда болады, ол магнит ағыны екінші реттік ораманың екі секциясы да арақала өтіп онда ЭҚК е1 және е2 тудырады. ЭҚК мәндері М1 және М2 индуктивтілікпен өзара байланыста: е1= 2 *f*I1*M1, е2= 2 *f*I1*M2, мұнда f - I1 тоғының жиілігі.
Секцияның 4 және 5 орамаларын қарсы қосқанда
Е = е1 - е2 = 2 *f*I1*(M1-M2) = 2 *f*I1*M,
Унифицирленген ДТ- түрлендіргіш үшін
, (9.4)
мұнда δ – СЭ-тің деформациясы (орын ауысуы), δ мах=1,6; 2,5; 4 мм,
δ = к*Р, (9.5)
мұнда к – түрлендіргіш коэффициенті
ДТ – түрлендіргіштің дәлдік класы 1,0 – 1,5 .
Тақырып бойынша қосымша мәліметті [2, 4-6,9-12] алуға болады.
№10 дәріс. Қысымды өлшеу құралдары (жалғасы)
Достарыңызбен бөлісу: |