Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар


Қысымдар айырмасының шегі 0,0063-0,25 Мпа



бет20/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Қысымдар айырмасының шегі 0,0063-0,25 Мпа.
Дәлдік класы 1,0 және 1,5.
10.2 Қысымды өлшеуге арналған жалпы әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыда қарастырылған артық, абсолютті және вакуумдық қысым және қысымдар айырмасын өлшеуге арналған ӨҚ технологиялық процестерді автоматтандыру кезінде, ғылыми зерттеулер жүргізгенде кең қолданылады.
Қысым және қысымдар айырмасын өлшеу дәлдігі таңдалған өлшеу әдісіне, өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасына, өлшеу жағдайына және басқа да себептерге тәуелді.
Әдісті және ӨҚ-ын қойылған шарттарға, талап етілетін дәлдікке және өлшеу жағдайына байланысты таңдау керек.
ӨҚ таңдау кезінде оның қалыпты жағдайға тән дәлдігін емес, аспаптың қолдану ортасында қамтамасыз ете алатын дәлдігін алған жөн.
ӨҚ таңдаумен қатар өлшенетін қысым диапазонын және аспаптың шкаласын таңдау керек. Шкаланы таңдау кезінде қысым аспаптарының, дифманометрлердің және екіншілік аспаптардың жіберетін рұқсат етілген қателіктері өлшеу диапазонынан алынған келтірілген қателік (℅) түрінде көрсетіледі. Сондықтан аспап шкаласының бірінші жартысының өлшеу қателігі екінші жартысына қарағанда көп болады.
Біріншілік аспапты таңдау кезінде бірінші реттік құрылғының шығыс сигналы энергиясының түрін мен екінші реттік өлшеу құрылғысының кіріс сигналымен сәйкестендіруге қажетті қосымша түрлендіргішті қажет ететін аспаптарды алмаған жөн. Өлшеу сұлбасында қосымша түрлендіргішті пайдалану өлшеу қателігін арттыра түседі. АБЖ жасау кезінде шығыс сигналы унифицирленген тұрақты тоқ болатын бірінші реттік аспап қолданған жөн.
Сыртқы жағдайлар өлшеу дәлдігіне қатты әсер етеді, сондықтан аспапты орналастыру орнын таңдау кезінде оны да ескеру керек.
Аспаптарды орналастыру орны қызмет көрсетуге және олардың жұмысын бақылауға ыңғайлы болуы тиіс. Қысымды алу орны мен аспапты байланыстырушы жолдың ұзындығы минимал болуы керек. Байланыстырушы жолдардың ең үлкен ұзындығы 50м аспауы керек. Сонымен қатар, байланыстырушы жол ұзындығы артқан сайын берілген аспап үшін өткізу жиіліктері азаяды. Қысымы өлшеніп жатқан ортаның ыстық температурасының әсерінен сақтандыру үшін арнайы қосымша құрылғылар орнату керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет