Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар



бет28/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Дәрістің мазмұны:
- тығыздықты өлшеу және тұтқырлық туралы жалпы мағлұмат, тығыздық және тұтқырлықты ӨҚ.
Дәрістің мақсаты:
- салмақтық және гидростатикалық тығыздықөлшегіш пен вискозометрдің сұлбалары мен жұмыс істеу принциптерін оқу.
Химия-технологиялық процестердің автоматты бақыланатын физика-химиялық қасиеттерінің қатарына тығыздық және тұтқырлық жатады.
13.1 Сұйықтықтар мен газдар тығыздығын ӨҚ
Сұйықтықтар мен газдардың тығыздығын өлшеу химия технологиялық үрдістерді басқару мен шикізат, отын, реагенттердің мөлшерін санау операцияларын орындау мақсатында жүзеге асырылады. Заттың тығыздығы   заттың массасының m оның алатын көлеміне v қатынасы.
Тығыздықты ӨҚ-ын тығыздықөлшегіштер немесе денсиметрлер (денситометрлер) деп атайды, латынның densus – тығыз, қою деген сөзінен.
Тығыздықөлшегіштер: салмақтық, қалытқылы, гидроаэростатикалық, гидрогазодинамикалық, радиоизотопты, акустикалық, вибрациалық және т.б.
13.1.1 Салмақтық тығыздықөлшегіштер
Салмақтық немесе пикнометриялық тығыздықөлшегіш сұлбасы 13.1 суретте көрсетілген. Суреттегі белгілеулер: 1 - сильфондар; 2 – жылжымайтын құбырлықтар; 3 - U-бейнелі құбыр; 4 – ауырлық; 5 – рычаг; 6 – түрлендіргіш; 7 – қарсы салмақ.

13.1 Сурет - Салмақтық тығыздықөлшегіш сұлбасы
Өлшеу диапозоны 0,5  2,5 г/см . Дәлдік класы 11,5. Maксимал жұмыс істеу температурасы tжұм=100С.
13.1.2 Гидростатикалық тығыздықөлшегіш
Гидростатикалық тығыздықөлшегіш жұмыс істеу принципі талданатын газ немесе сұйықтықтың P қысым бағанының осы ортаның   тығыздығына тәуелділігіне негізделген P =  *g* h.

13.2 Сурет - Гидростатикалық тығыздықөлшегіштің сұлбасы
Суреттегі белгілеулер: 1 – тіректік плата; 2,3,4 - сильфондар; 5 – камера; 6 –түрлендіргіш; 7 – өлшеуіш рычаг; 8 – рычаг.
Өлшеу диапазоны 00,5 г/см . Дәлдік класы 1. Сұйықтықтың мaксимал температурасы 200C.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет