Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар



бет27/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

12.2 Концентрацияны өлшеу
Жалған бинарлық қоспаның құрамының концентрациясын анықтау үшін көпқұрамды қоспа бинарлық деп қарастырылып физика-химиялық қасиеттерін өлшейді.
Сұйықтықтар мен газдың бинарлық және жалған бинарлық қоспаларының құрамын талдау үшін әртүрлі физика-химиялық талдауыштар қолданылады.
Автоматты газталдауыштар жану процесін бақылау және ауаның артықтығын анықтау үшін ЖЭС-да органикалық жанармайды өртеген кезде қолданады. Газталдауыш аспаптар технологиялық объекттердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жүйелерде қолданылады. Мысалы, турбогенераторларды суыту жүйесінде Н2 сутегінің концентрациясын өлшейтін газталдауыштар, АЭС-да радиоактивті жылутасушы аппараттарды үрлегіштердің газын және т.б.
Қоршаған ортаны қорғауға қатты көңіл аударуға байланысты ауада, кәсіпорын ғимараттарында және атмосферада өндірістік кәсіпорындар мен электрлік станциялар шығаратын газдық қалдықтардың зиянды қоспаларын бақылау үшін арналған газталдауышты өндіру мен қолдану бірден кеңейіп кетті.
12.2.1 Магниттік газталдауыштар
Олардың жұмыс істеу негізінде талданып жатқан қоспаның магниттік өріс әсері кезінде байқалатын құбылыстар жатыр.
Магниттік өріске тартылатын газдарды парамагнитті, ал кері ығыстырылатын газдарды диамагнитті деп атайды. Парамагнитті газдардың магниттік сезгіштігі оң шама, ал диамагнитті газдардікі теріс шама болады. Магнитті сезгіштік аддитивті қасиетке ие. Парамагнитті қасиетке оттегі, азот тотығы ие және де олардың магниттік сезгіштігі абсолютті мәнінде басқа газдар мен булардың магниттік сезгіштігінен 100 есе артық. Сондықтан көпқұрамды қоспада оттегі концентрациясын анықтау осыған негізделген.
Ең көп тараған термомагнитті газталдауыштың сұлбасы 12.3 суретте көрсетілген.
12.3 суреттегі белгілеулер: 1 – дайындау блогы; 2 – тұрақты магнит; 3 – сақиналы камера; 4 – жұқа қабатты шыны түтік; 5 - терморезисторлар; 6 – теңеспеген көпір; 7 – потенциометр.

12.3 Сурет - Термомагнитті газталдауыш сұлбасы
Өлшеу диапазоны 0 –1% бастап 0 – 100% дейін. Дәлдік класы 2,5 – 5.
12.2.2 Оптикалық газталдауыштар
Оптикалық газталдауыштарда анықталып жатқан компоненттің концентрациясы газдық қоспаның оптикалық қасиеттерінің өзгеруіне байланысты анықталады. Оптикалық қасиеттері: сыну көрсеткіштері, спектральді жұтылу мен сәулелену, спектральді тығыздық және т.б.
Оптикалық газталдауыштарды үш топқа бөлуге болады: инфрақызыл және ультракүлгін – жұтылу; спектрфотометрикалық; фотокалориметриялық. Оптикалық газталдауыштар үлкен рұқсаттық қасиетке ие, осыған байланысты оны кәсіпорын ғимараттарында және атмосферада ауаны бақылау кезінде өндірістік газдардағы токсикалық және жарылыс қаупі жоғары қоспалардың микроконцентрациясын талдаған кезде қолданады.
Әрбір газ белгілі жұтылу спектрімен сипатталады: өзінің құрамында екі не одан көп әртүрлі атомдары (СО, СО2, СН4, NН3) бар газдардың жұтылу спектрі инфрақызыл ИҚ бөлігінде. Біратомды газдар спектрдің ультракүлгін бөлігімен сипатталады.
Мұндай талдауыштардың өлшеу диапазоны 0 –1% бастап 0 – 100% дейін. Дәлдік класы 2,5-10 (өлшеу диапазонына байланысты).
Кәсіпорындарда шығарылатын инфрақызыл спектр бөлігіндегі оптико-акустикалық газталдауыштардың типтері: ГИП 10МБ-1 – СО, ГИП 10МБ-2 – СО; ГОА–4 – СО; СО2; С2Н2; СН4 т.б.; спектрдің ультракүлгін бөлігінде: УФА 1 – Сl2.
Инфрақызыл газталдауыштың сұлбасы Г қосымшасында Г.1 суретінде көрсетілген және ОСӨЖ- да қарастырылады.
Тақырып бойынша қосымша мәліметтерді [1-6] қарауға болады.
13 дәріс. Газдар мен сұйықтықтардың физика-химиялық қасиеттерін өлшеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет