12 Дәріс 12. Деңгей және концентрацияны өлшеу Дәрістің мазмұны: - деңгей және концентрацияны өлшеу тіралы жалпы мәліметтер, деңгей және концентрацияны өлшеудің техникалық ӨҚ.
Дәрістің мақсаты: - электрлік және акустикалық деңгей өлшеу құралдарының, магниттік және оптикалық газталдағыштар (газанализатор) сұлбасын және жұмыс істеу принципін оқып білу.
Технологиялық аппаратты жұмысшы ортамен – сұйықпен немесе сусымалы затпен толтыру биіктігін деңгей деп айтады. Деңгейді ұзындық бірлігімен өлшейді (мм, см, м). Деңгей өлшеу құралын деңгейөлшегіштер деп атайды. Өлшеу диапазоны бойынша оларды кең диапазонды және тар диапазонды деп ажыратуға болады.
Кең диапазонды деңгейөлшегіштер (0,5-20м) көбінесе тауар санау процестерінде қолданылады. Тар диапазонды деңгейөлшегіштерді(0-100мм), (0-450 мм) әдеттеавтоматты реттеу жүйелерінде (АРЖ) қолданады.
Қазіргі таңда деңгейөлшегіштерді (жұмыс істеу принципі бойынша) келесідей бөледі: визуалды; қалтқымалы; буёкты, гидростатикалық; электрлік; акустикалық; радиоизотоптық.