11.3 Электромагниттік шығынөлшегіштер Электромагниттік шығынөлшегіштердің жұмыс істеу принципі (11.4 сурет) электромагниттік индукция заңына негізделген (Фарадей заңы). Заңға сәйкес магниттік күшпен қиылысатын өткізгіштерде өткізгіштің қозғалыс жылдамдығына пропорционал болатын ЭҚК пайда болады. Егер өткізгіш ретінде магниттік полюстер ортасында ағатын электртоғын өткізетін сұйықтықты қолдансақ және сұйықта пайда болған ЭҚК өлшесек, ағын жылдамдығын немесе сұйықтық шығынын анықтауға болады.
11.4 Сурет - Электромагниттік шығынөлшегіш сұлбасы
Суреттегі белгілеулер: 1 – магнит емес металл түтік; 2,3 – электродтар; 4 – өлшегіш аспап. Түтіктің ішкі беті электрқорғағыш материалмен қапталған (эмаль, шыныпластик, резина).
Электромагниттік шығынөлшегіштер электрлік өткізгіштігі 1010 См/м төмен емес сұйықтықтар үшін қолданыла алады.
Тұрақты магнит өрісі бар электромагниттік шығынөлшегіштердің елерліктей кемшілігі бар – электродтарда гальваникалық ЭҚК және полярлық ЭҚК пайда болуы. Бұл кемшілікті жою үшін магнит өрісі айнымалы болатын электромагниттік шығынөлшегіштер қолданылады. Бірақ кемшіліктердің көп болғанына қарамай пайдалы сигналды бүлдіретін эффекттер, мысалы трансформаторлық бөгет және оларды жою қиындығына қарамастан өнеркәсіпте айнымалы магнит өрісі бар электромагниттік шығынөлшегіштер қолданыс табуда.
11.4 Жылулық шығынөлшегіштер сұлбасы В қосымшасында В.1 суретте көрсетілген және ОСӨЖ сабақтарында қарастырылады.
Тақырыпқа байланысты қосымша мағлұматтарды [1-4,7,8] қарауға болады.