Тақырыпқа байланысты қосымша мағлұматтарды [2,4-6,9-12] алуға болады. №11 дәріс. Заттың мөлшері мен шығынын өлшеу. Зат мөлшерін және шығынын ӨҚ Дәрістің мазмұны: - зат мөлшері мен шығыны, олардың өлшем бірліктері, көлемдік санағыштар, айнымалы қысымдар айырымасының шығынөлшегіштері, электромагниттік және жылулық шығынөлшегіштер.
Дәрістің мақсаты: - газ және бу, сұйықтық шығынын және мөлшерін өлшеудің техникалық ӨҚ-ның сұлбасы мен жұмыс істеу принципін зерттеу.
Зат мөлшері оның массасы немесе көлемі арқылы анықталады және сәйкесінше масса бірлігінде (кг, т) немесе көлем бірлігінде (, л) өлшенеді. Белгілі бір уақыт аралығында зат мөлшерін өлшеу құралдары санағыштар деп аталады.
Құбырмен өтетін зат шығыны технологиялық процестің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Зат шығыны – арнаның берілген қимасы бойынан бірлік уақыт ішінде өтетін зат мөлшері. Түрлері:
а) көлемдік шығын Q, /с, /сағ. , л/мин өлшенеді;
б) массалық шығын G, кг/с, кг/сағ. , т/сағ. өлшенеді;
в) орташа шығын: Q=V/(τ2-τ1 ), мұнда V - санағышпен τ уақыт аралығында өлшенетін зат көлемі;
г) шынайы немесе лездік шығын: Q= dV/dτ немесе G1= dm/dτ - зат мөлшерінің уақыт бойынша туындысы.
Шығынды өлшейтін құралдар шығынөлшегіштер деп аталады.