Дәрістің мазмұны: - оптикалық, фотоэлектрлік пирометрлер, спектрлік қатынас пирометрі.
Дәрістің мақсаты: - сәулелену пирометрінің сұлбасын және жұмыс істеу принциптерін оқып білу.
8.1 Оптикалық пирометр Жұмыс істеу принципі градуирленген сәулелену көзінің спектрлік жарықтығын нақты дененің спектрлік жарықтығымен салыстыруға негізділген. Спектрлік жарықтықтардың сәйкестігін анықтайтын сезгіш элементтің рөлін адамның көзі атқарады.
ТжО > Тжж ТжО = Тжж ТжО < Тжж 8.1 Сурет – Көрінбей кететін жібі бар оптикалық пирометрдің сұлбасы
Суреттегі белгілеулер: 1 – аспап объективі; 2 – жұтқыш жарық фильтрі; 3 – кіріс диафрагма; 4 – оптикалық лампа; 5 – шығыс диафрагма; 6 – қызғылт жарық фильтрі; 7 – окуляр; ӨО – өлшеу объектісі.
Объект температурасын өлшеу үшін 1-ді ӨО-не бағыттағанда 4 оптикалық лампаның жібі 7 окулярда көрінуі тиіс. ӨО және 4 лампа жібінін спектрлік жарықтықтарын салыстыру 0,65 мкм толқын ұзындығына жүреді, ол үшін окуляр алдында 6 қызғылт жарық фильтрі орнатылған. 3 және 5 диафрагма пирометрдің кіріс және шығыс бұрыштарын шектейді, олардың тиімді мәнінің арқасында ӨО мен объектив ара қашықтығының өзгеруі аспап көрсетуіне әсері болмайды.
RБ реостат көмегімен жіп жарықтығы өлшеу объектісінің көрінетін жарықтығына (ТжО = Тжж ) тең болғанша батареядан лампа жібіне баратынын тоқ күшін өзгертеді. Берілген теңдік орындалғанда жіп объект фонында көрінбей кетеді (8.1 сурет). жетістігі жоғалып фондағы сурет объективті өлшеуде қарастырылады. Осы моментте лампа жібінің Тжж жарықтық температурасы бойынша градуирленген миллиамперметр көмегімен объекттің ТжО жарықтық температурасын өлшейді. Содан кейін ТжО және ελбойынша объекттің нақты Т температурасын анықтайды (7.5 формула).
Оптикалық лампадағы жіп вольфрамнан жасалған, сондықтан 1400 оС-тан жоғары температурада аса қызбас үшін лампа алдына әлсіретуші немесе 2 жұтқыш жарық фильтрін орнатады. Жарық фильтрінің арқасында ӨО-нің көрінетін жарықтығы азаяды, бұл жіпті аса қыздырмауға және пириометрдің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
Оптикалық пириометрде екі шкала пайдаланылады, біреуі жұтқыш жарық фильтрін қолданбағанда (800—1200 оС), екіншісі жұтқыш жарық фильтрін қолданғанда (1200—2000 оС) қарастырылады.
Оптикалық пириометрлердің өлшеу диапазоны 800-1200оС, дәлдік класы 1,5-4,0.