Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар



бет7/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Дәрістің мазмұны:
- термоэлектрлік эффект, ТЭТ негізгі теңдеуі, ТЭТ бос ұштарының температурасын түзеу, ТК құрылғысы, қалыпты термоэлектрод.
Дәрістің мақсаты:
- термоЭҚК алу теориясын оқып білу, ТЭТ негізгі теңдеуі мен қасиеттері.
Температураны термоэлектрлік термометрмен, яғни термоэлектрлік түрлендіргішпен (ТЭТ) өлшеу 1821 жылы Зеебек ашқан термометрлік эффектті қолдануға негізделген.
Термоэлектрлік түрлендіргіш – екі немесе бірнеше өзара байланысқан, әртекті өткізгіштерден тұратын тізбек (3.1 сурет).
А, В – термоэлектродтар; 1, 2-дәнекерлер (спайка).
Зеебек эффектісі: егер екі өзара байланысқан әртекті өткізгіштерді алып және дәнекерлерді t ≠ to температурамен қыздырса, онда тұйық тізбекпен электрлік тоқ өтеді.
Егер t>to, онда тоқтың бағыты 3.1-суреттегідей болады (1 дәнекерде В-дан А-ға).
Ондай тізбекті ажыратқан кезде оның соңында термоЭҚК пайда болады.
Зеебектің эффектісі кері қасиетпен сипатталады (Пельтье эффектісі): егер мұндай тізбекке сырттан электрлік тоқ берсе, онда тоқтың бағытына байланысты бір дәнекер қызады да, басқасы салқындайды.
Егер термоэлектродта кіші температурасы бар дәнекерден тоқ басқа термоэлектродқа жүретін болса, бұл электрод «+» оң таңбалы, ал басқа электрод «–» теріс таңбалы болып саналады.
Мысалы, toжұмысшы дәнекер деп, ал нысанның сыртындағы дәнекер – бос дәнекер деп аталады (ұшы – 2 дәнекер).
Келесі белгілерді еңгізейік:
еАВ(t) – t=t болғанда 1 дәнекердегі А және В термоэлектродтар арасындағы термоЭҚК;
еАВ(tо) - t=to болғанда 2 дәнекердегі А және В термоэлектродтар арасындағы термоЭҚК;
ЕАВ(t, tо) – жұмысшы дәнекердің температурасы t және бос дәнекердің температурасы tо болғанда А және В термоэлектродтардан тұратын контурдың термоЭҚК.
еАВ(t) = - еВА(t); еАВ(tо) = - еВА(tо) деп алайық. Онда тұйық тізбек үшін (2.1 сурет) ЕАВ(t, tо) = еАВ(t) + еВА(tо) немесе
ЕАВ(t, tо) = еАВ(t) - еАВ(tо) . (3.1)
(2.1) теңдеуі – ТЭТ негізгі теңдеуі деп аталады.
Егер 1 және 2 дәнеркерлерде бірдей температура болса (t = tо), онда әрбір дәнекерде контакттық термоЭҚК бір-біріне тең және бір-біріне қарсы бағытталған, яғни бұл контурдың термоЭҚК ЕАВ(tо, tо) 0-ге тең.
ЕАВ(tо, tо)=еАВ(tо) - еАВ(tо) = 0. Егер tо=const, онда еАВ(tо) = С = const, яғни
. (3.2)
Егер f(t) тәуелділігі белгілі болса, онда контурдағы термоЭҚК-ті өлшеп, өлшеу нысанының t анықтауға болады. f(t) тәуелділік керекті дәлдікпен анықтау қазірше мүмкін емес, ол тәжірибе арқылы табылады және ТЭТ градуировкасы деп аталады, яғни ол - термоЭҚК-тің температураға тәуелділік графигін тұрғызу. Градуирлеу процесінде бос ұштардың температурасы tо= const, көбінесе tо = 0 оС.
ТЭТ контурында пайда болатын термоЭҚК тек электродтардың химиялық құрамына және дәнекерлердің температурасына тәуелді, термоэлектродтардың геометриялық өлшемдеріне және дәнекерлер өлшемдеріне тәуелсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет