Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Кесу құралдарды координациялау әдістемесі



бет100/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   147
6.8 Кесу құралдарды координациялау әдістемесі

Егер керекті өлшемнің дәлдігін басқа жолдармен жеткізуге болмаса ондай өлшемдердің не бұрылыстардың дәлдігі координациялау әдісімен жетілдіріледі.

Кесу құралдарды координациялаудың үш түрі бар:

- қашықтықтықты реттеп координациялау (жоңғылау және көпкескішті жоңғыш білдектерде қолданылады);

- қашықтығын және бағытын координациялау (тескіш және кеңейжону білдектерде қолданылады);

- бағытын координациялау (қиын траекторияларда, мысалы, көшіргіш білдектерде қолданылады, мұнда көшіргіштер пайдаланылады).

Қашықтықты реттеп координациялау.

Координациялағанда жонғыштың кесу үштері биіктік қондырғы бетіне таяуландырылады, бірақ мұнда сәл саңылау қалдырылады. Осы саңылау сүңгіщке арналады. Сүңгіштің қалыңдығы 2 – 3 мм.




6.19-сурет – Қашықтықты реттеп координациялау
Сүңгіштер 20Х маркалы болаттан жасалады. Термоөңдеу 0,8 – 1,2 мм ге көміртектендіру, одан кейін HRC 55 – 60 қаттылыққа дейін шынықтыру.

Осындай бұрыштық қондырғыларда бар.

Тік сызықты сатылы беттерді өңдегенде кескіш құралдарды реттеп кординациялауға габариттер қолданылады. Әдетте осы габариттер қимаүлгі ретінде жасалып қолданылады.
6.9 Кесу құралды координациялауын есептеу әдістемесі

Кесу құралды координациялау негізінде өңделетін тетіктің координатық өлшемдер және орнық нүктелер көрсетілген нобайы.




6.20-сурет – Бұрғылайтын айлабұйымның аспалы кезеулеткіш тақтасының өлшемдер және бұрылыс тізбектері
Осындай айлабұйымды жобалағанда жоба жұмыста сызылады:

1) тетіктің қарамы;

2) қондыратын және орнық элементтер;

3) кесу құралдарды бағыттайтын және координациялатын құрылымдар.



6.20-суретте көрсетілген өлшемдер және бұрылыстар тізбектері. Осында А3 және А7 координациялайтын өлшемдер. Бұл өлшемдердің шақтамалары есептелулері тиіс және жоба сызбасында көрсетіледі. А1 дің шақтамасы таңдалған қондырғымен анықталады. ТА2 бұл шақтама саусақтың жасалу дәлдігімен байланысты. ТА3 айлабұйымның тұрқысының жасалу дәлдігімен анықталады. ТА4 бұл шақтама тағайындалған қондырғыдағы саңылаудың мөлшерімен байланысты. ТА5 бұл шақтама кезелеткіш тақтаны бағыттайтын біліктің дәлдігінен байланысты. ТА6 бұл буын шақтамасы қондырманың дәлдігімен байланысты. ТА7 кесу құралдың координациялайтын өлшемінің шақтамасы, ол өлшем тізбектердің дәлддігін жетілдіретін бес әдістің біреуімен есептеледі.ТА8 бұл буын бұрғы мен кезеулеткіш төлкенің екі арасындағы саңылауға тең.

бұл бағыттап координациялайтын өлшем болып есептеледі. Мұнда бұрғыланған тесіктің тетіктің орнықтандырушы бетіне қатысты перпендикулярлығының шақтамасы. Осы көрсеткішке әсер жасайтын үш бұрылыс, олар , және бұрылыстар. Оларда есептеп анықталулары тиіс.

Басқа түрлі кезеулеткіш тақталардың өлшем тізбектерінің ерекшеліктері болады (6.21-сурет).



6.21-сурет – Кезеулеткіш тақталардың өлшем тізбектері
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет