Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет114/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147
11.4-сурет – Бұрандойғыштарды қысуға арналған малтымалы өздігінен центрленетін қысқы
Бұл қысқының сыртында бұрамалармен қаптама 3 жапсырылған. Оның ішінде диск 4 бар, оның шет бетінде осьтері перпендикулярлы ойықтар жонғыланған. Ол ойықтарға екіден шариктер 5 орнатылған. 4 дискінің ортасындағы тесіктен серіппе 2 өткізілген. Конус тәрізді қаптаманың астыңғы жағында құралбілік 6 орналасады. Оның да шет жағында ойықтары бар. Қаптамамен қарал біліктің конустік бұрыштары тең. Құрал біліктің тесігі серіппелі цанганың 9 конусына сәйкес кеулейжонылған. Цанга 9 сомын 8 бен тарталып қысылады. Цанганы айналудан сүқкіш 7 сақтайды.

Қысқы бос жұмыс істемейтін кезде серіппе 2 құралбілікті 6 конустік бетімен қаптаманың 3 конустік бетіне қысып жапсырады. Сонда 4 диск пен 1 сағаның ернемегінің арасында саңылау болады және бұрандаойғыш шпинделдің осіне қатысты центрленеді. Қысқы жұмыс істегенде құралбілік 6 серіппені 2 қысады, сонда қаптама 3 конусімен құралбілік конусінің арасында саңылау пайда болады. Осы саңылау бұрандаойғышқа радиал бағытта малтуға мүмкіншілік береді және бұрама қиылатын тесіктің осімен сәйкестенугеде мүмкіншілік береді.

Шариктер 5 құралбілікпен бұрандаойғыштың радиал қозғалыстарына кедергі келтірмейді және білдектің шпинделінен бұрандаойғышқа айналу қозғалысты әпереді.

Көп шпинделді білдектерде қолданылатын қысқылардың ерекшеліктері бар. Оларға қойылатын талаптар:

- олар бұрандаойғыштарға бір уақытта жұмысқа қосылмауына мүмкіншілік бере алулары керек, яғни олардың құрамында осьтік компенсаторлар болады;

- олар бұрандаойғыштарға өздерінің осьтеріне қатысты параллелді қозғалуларына мүмкіншілік берулері керек.


11.2 Жоңғылау білдектердің көмек құрал-саймандары

Жоңғылау білдектердің айналдырықтарының бойымен тесік өтеді, шеттері 7:24 конустікпен бітеді. Бұл конустік өздігінен центрлейтін қасиеті болса, сонымен бірге оның өздігінен тежелу мүмкіншілігі жоқ. Жоңғы «шомпол» деп аталатын білікпен шпинделге бекітіледі. Аталған білік бір шетімен жоңғыға бұралады, екінші шеті шпинделдің үстінгі шетіне шағарылып сомынмен бекітіледі.

Жоңғыны былай орнықтандырып бекітудің артықшылығы, мұнда кесу құрал сыналанусыз, сенімді центрленеді.

Жетіспеушіліктері:

1) конусқа орнықтандырылғандықтан жоңғының реттелетін өлшемі әр жайтта әртүрлі болады, сондықтан жоңғышты реттелетін өлшемге білдекте реттеу қажет;

2) шомполмен бекітудің ынғайсыздығы.



11.5-сурет – Жоңғыны орықтандырып қысатын құралбілік
Жиынтық құрамындағы жоңғалар бір құралбілікте орналасса, олардың бір біріне қатысты дәл орналасу үшін реттейтін сақиналар қолданылады. Сақиналар жиынтығы сақина-сомын және сақина-бұрамалардан құрастырылады. Олар цилиндр жоңғылар жиынтықтарында қолданылады.

Егер жоңғы құрал сағасы конусті болса онда оларды орнықтырып бекіту үшін өтпелі төлкелер пайдаланылады.

Саусақты жоңғының саңғасы цилиндр тәрізді болса онда цанга қысқылар қолданылады

Түпбетті жоңғыш құралбілік арқылы орнықтандырылады.



Әдебиеттер
1 Клепиков В. С. Проектирование технологической оснастки : учебное пособие. – М . : МГИУ, 2008. – 76 с.

2 Схиртладзе А. Г. Станочные приспособления : учебное пособие. – М. : Выс. шк., 2001. – 140 с.

3 Маслов А. Р. Приспособления для металлорежущего инструмента. – М. : Машиностроение, 2008. – 309 с.

4 Косов Н. П., Исаев А. Н., Схитладзе А. Г. Технологическая оснастка. Вопросы и ответы : учебное пособие. – М . : Машиностроение, 2007. – 303 с.

А қосымша

(ақпараттық)


Тапсырмалар
Тетіктер мен айлабұйымдар жетегін бекіту күштерін есептеу
Механикалық-жинақтуашы өндірістегі айлабұйымдарды құрылымдау міндеті технологпен қабылданған базалау сұлбасын материализация міндеті болып келеді. Практикалық базалау нүктелері нақты құрылымдарға көшкен кезде бір жақты байланыстарға ауысады, сондықтан механикалық жинақтау кезінде тетік қозғалыссыз қалу үшін күштік тұйықталу күштерін салу керек.

Қыспақты күштерді есептеу үшін есептеу сұлбасы құрылады, мұнда базалау нүктелері қыспақ күштерін салумен (күштерді әріптік белгілеуі бар меңзерлер түрінде) бірге тіректер реакцияларымен алмастырылады. Қыспақ күшінің деформациясын төмендету үшін мүмкіндік бойынша базалау нүктелеріне қарсы салу керек. Қыспақ күшінің есептеу шамасы келесі шарттан анықталады: дайындама салынған күштердің (кесу күші, үйкеліс, қыспақ күші, т.б.) әсерінен статикалық тепе-теңдік күйінде болады. Статикалық тепе-теңдік күйі алты теңдеумен сипатталады:


; ; ; (А.1)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет