11 Білдектерде қолданылатын көмекші құрал-саймандар
Көмекші құрал-саймандар деп әдетте кесу құралдарды білдекке орнықтандырып қысып ұстайтын айлабұйымдарды атайды. Олар кесу құралды білдекпен байланыстырады. Казіргі кезде құрал саймандардың бірікпе ауыстырылатын бапту қолданылады, онда кесу құрал көмек құралмен біріктіріліп керекті өлшемге білдектен тыс реттеледі.
11.1 Бұрғылайтын білдектерде қолданылатын көмекші құралдар
Бұрғы білдектерде мұнадай құралдар қолданылады:
1) өтпелі төлкелер;
2) тезауыспалы қысқылар;
3) өзі орнықтандырылатын қысқылар;
4) бұрандаойғыштарды қысып бекітетін қысқылар;
5) ұсақ кесу құралдарға арналған өзі центрленетін қысқылар;
6) кеулейжону, тіліктеу, бунақ кесу құралдарды орнықтандырып бекітетін қысқылар мен құралбіліктер.
Өтпелі төлкелер
Білдектердің айналдырықтарының шеттері Морзе конуспен аяқталады.
Білдектердің габаритті өлшемдеріне байланысты шпинделдің Морзе конустігі әр түрлі болады. Сондықтан кесу құралдың конустігі айналдырықтың конустігінен кіші болса, онда конустарды сәйкестендіру үшін өтпелі төлкелер қолданылады. Өтпелі төлкелер екі түрде жасалады – тұтас және тілінген.
Морзе конустары бар өтпелі төлкелер өздігінен тежелу қасиеттері бар, сондықтан олар шпинделден түспейді және кесу құралды айналдырады. Кесу құралды айырбастап айналдырықтан түсіру үшін шынықтырылған сыналы тақтайша қолданылады. Осы тақтайша шпинделдің овал тесігімен бұрғының табаншасының екі арасына орнатылады, тақтайшаны балғамен соқылап кесу құрал түсіріледі.
Тез ауыспалы қысқылар
Сериялы және шағын-сериялы өндірістерде көп әрекетті өңдеу операциялар пайдаланады, мысалы бір операцияда (білдекте) тесік бұрғыланады, кейін үңгіленеді, аяғында үңғыланады. Егер кезекті кесу құрал шпинделге өтпелі төлкемен орнатылса, онда үш рет оларды орнатып түсіру керек, оған көп уақыт кетеді яғни онда операцияның көмек уақыты ұлғаяды. Осындай жайт болмау үшін тез ауыспалы қысқылар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |