Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Ішкі цилиндрлі және шетжақ беттерге орнықтандыратын құрал-саймандар



бет3/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147
2.2 Ішкі цилиндрлі және шетжақ беттерге орнықтандыратын құрал-саймандар

Көбіне ішкі цилиндрлік пен шетжақ беттерге орнықтандырылатын тетіктер: төлкелер, табақшалар, цилиндрлер, гильзалар, серперлер, шкивтер, тегеріштер, стакандар, фланецтар және басқа. Ішкі цилиндрлік пен шетжақ беттерге орнықтандыратын құрал-саймандар құралбілік деп аталады. Құралбіліктердің екі түрі қолданыста бар – қатаң және жазылатын.


2.1-кесте – Құралбіліктерге орнықтандыру түрлерінің сұлбалары

Орнықтандыру түрлерінің сұлбалары

Тесіктің ұзындығы мен оның диаметр қатынасы

Орнықтандыру сұлбаны материалдайтын құрал-саймандар

1

2

3

1
1,2

5




1,5 – 2 және одан жоғары

Конусты құралбілік

2



1,5 – 2 және одан жоғары

Дайындамалар саңылауы бар қондырумен орнатылатын цилиндрлы құралбіліктер

3



1,5 – 2 ден төмен

Дайындамалар саңылауы бар қондырумен орнатылатын цилиндрлы құралбіліктер

4



1,5 – 2 және одан жоғары

Дайындамалар керіп қондырумен орнатылатын цилиндрлы және серпінді құралбіліктер

2.1-кестенің жалғасы



1

2

3

5



1,5 – 2 ден төмен

Дайындамалар керіп қондырумен орнатылатын цилиндрлы және серпінді құралбіліктер

Аталған орнықтандыру түрлерін материалдайтын құрылғылардың әр түрлі құрылымдары бар.



2.2.1 Қатаң құралбіліктер. Қатаң құралбіліктер үш түрге бөлінеді – конусті, дайындамалар саңылауы бар қондырумен орнықтандыратын цилиндрлы құралбіліктер және дайындамалар керіп қондырумен орнықтандыратын цилиндрлы құралбіліктер. Қатаң құралбіліктерге орнатылатын тетіктердің орнықтандырушы тесіктерінің беттері 5 – 7 квалитет дәлдік пен өңделіп олардың кедір- бұдырлығы Ra = 0,63 -1,25 мкм. Конусты құралбіліктер.

2.11-сурет – Конусті құралбіліктің құрылымы
Конустық құралбіліктің конустігі 1/2000-1/4000 дейін, сондықтан орнатылған дайындаманың тесігі сыналады да орнықты және берік орнатылады. Центрлеу дәлдігі 0,005-0,010 мм. Осындай қосылыста үлкен диаметрі жағында 0.003-0,060 мм керіліс болса, диаметрі төмендеген жағында 0,052 мм саңылау. Басты жеткіліксіздігі, дайындамалардың ұзындығы бойынша бекітілу қателігі, яғни тетіктер ұзындық оське қатысты жылжиды, ондай жылжу тесіктің диаметрінің өзгеруімен байланысты. Осы құралбіліктер жеке және шағын-сериялы өндірістерде қолданылады.

Цилиндрлы құралбіліктер. Цилиндрлы құралбіліктерге дайындамалар екі түрлі орнатылады: 1) керіп қондыру; 2) саңылаумен қондыру. Дайындамалар құралбілікке баспақпен керіп орнатылу. Центрлеу дәлдігі 0,005 -0,010мм. Құралбіліктің қондыру беттері 5-7 квалитет дәлдігіне дейін әрлеу әдісімен өңделеді. Дайындаманы ұзындығы бойынша бағыттау үшін тірек астар сақиналар қолданылады. Аталған құралбіліктің құрылымы 2.12-суретте.



2.12-сурет – Дайындаманы керіп орнықтандыратын цилиндрлы құралбілік
2.12-суреттегі құралбіліктің жеткіліксіздері бар. Біріншісі, бөлшекті өңдеу технологиялық процесте ерекше операциялар қажет, олар дайындаманы керіп баспалау және бөлшек өңделіп болғаннан кейін оны құралбіліктен ажыратып босату. Сондықтан технологиялық процесс ұзарады және бөлшектің өзіндік құны өседі. Осындай құралбіліктерді есептегенде, механикалық өңдеу күштеріне және кесу күштерге байланысты керіліс мәні есептеліп анықталады.

Кесу кезінде тек айналдырушы моменттер әсер жасаса, онда кепілді керілістің саны мына формуламен есептеледі


мм. (2.1)

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет