Қауырсынын жұлып алып тастау. Қауырсынын жұлып алу қауырсынды ұстап тұратын күшті жеңуде болып табылады, ол құстың түріне, жасына және қауырсынның мөлшеріне, орналасқан тереңдігіне байланысты болады.
Қауырсынды ұстап тұрған күшті жеңуде кең тараған тәсіл - ол ыстық сумен буды қолдану (ыстық сумен жидіту). Ыстық сумен жидіту үш тәртіпте жүргізіледі:
қатты тәртіп-58-65 °С;
орташа тәртіп -52-54 °С;
жайлы тәртіп -51 °С артық болмау керек.
Кесте 3
Жылумен өңдеу тәртібі. Ыстық су қолдану
Құстың түрі
|
Температурасы,
|
Ұзақтығы, сек.
|
Қолданылуы
|
Ыстық су қолдану
|
1.Тауық
|
52 - 55
|
120
|
|
қанаты, басы
|
60 - 65
|
30
|
сәл жидіту
|
2.Бройлер
|
52 - 58
|
120- 150
|
|
3.Күрке тауық
|
51-54
|
150
|
|
қанаты, басы
|
60 - 65
|
30
|
сәл жидіту
|
4.Үйрек
|
63 - 66
|
180
|
|
5.Қаз
|
70-72
|
180
|
|
Бу мен судың қоспасын қолдану
|
|
4.Үйрек
|
72-75
|
150- 180
|
|
5.Қаз
|
76-83
|
150- 180
|
|
Құстың етін ыстық судың температурасын реттеу автоматандырылған арнаулы ванналарда суға толық батыру арқылы немесе шашырату арқылы суландырып өңдейді.
Сурет 8. Қауырсынды түту (жұлу)
Қауырсынды жұлып алу үшін соғу машинасы немесе дискіті автоматтар қолданылады. Құрылықтағы құстардың етін, қауырсының толық тазалау үшін үйітеді, ал суда жүзетін құстарды балауыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |