Технологиясы


Құбырларда сымдарды тарту және оларды жерге тұйықтау



Pdf көрінісі
бет114/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ
Туберкулез и алкоголизм, Киреева Релелік қорғаныс және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру. (1)
Құбырларда сымдарды тарту және оларды жерге тұйықтау.
Құбырларға тарту үшін келесі маркалы сымдарды пайдалану керек 
АПРТО, ПРТО, АПВ, ПВ, ПГВ, АПР, ПР, АПРВ және ПРВ, 
сонымен қатар, АВРГ, ВРГ, АНРГ, НРГ, АВВГ, АПВГ маркалы 
кабельдерді қолдануға болады. 
Құбырларға тартылатын сымдар мен кабельдердің маркасы, 
қималары мен саны, сонымен қатар, құбыр өлшемдері әр жекелеген 
жағдайда жобада құбыр материалына, оларды тарту тәсілдеріне 
және қоршаған ортаға тәуелді анықталады.
Күш және жарықтандыруға арналған электр сымдары құбырда 
бір немесе бірнеше электрлік тізбектерден құралуы мүмкін және 
бірлескен трассада біршама қашықтаққа тартылады. 
Құбырларға электр сымдарын монтаждау бойынша жұмыстар 
екі кезеңмен белгілі технологиялық реттілікпен орындалады. 
Бірінші кезеңде, ғимаратты салу үдерісінде дайындау-әзірлеу 
жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде, құбырларды өңдеу мен 
дайындауды жүзеге асырады, оларды тартады және электр 
сымдарын әзірлейді. Құбыр әзірлемелері (8.25 сурет) келесі түрде 
жасалады: 
құбыр дайындау ведомостері және жұмыс жобасы сызбалары 
бойынша; 
өлшеусіз, ұзындығы қалыпты болат құбырлардың тік 
учаскелерінен құралатын, типтік қалыпқа келтірілген бұрыштары 
мен ұштықтарымен, олар 100 м түтікке белгілі мөлшерде 
жеткізіледі; 
ғимарат өлшемдерін дәл қайталайтын макеттер бойынша, мұнда 
құбырларды тесу ұсынылады; 
электрлік 
монтаждаушы-өлшеуші 
құрастырған 
эскиздер 
бойынша және тікелей монтаждау алаңында. 


272 
Екінші сатысында сымдар құбырларға тартылады және барлық 
жалғаулар жүзеге асырылады. Құбырды ашық тарту монтаждаудың 
екінші кезеңінде құрылыс-әрлеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін 
орындалуы мүмкін.
Сымды құбырлардың ішіне тарту сым немесе арқан көмегімен 
жүзеге асырылады. Бұл жағдайда құбырдың бос ұштарынан 
тығындар мен бітеуіштерді алып тастайды, ауаны үрлеу арқылы 
құбыр жүйесін тексереді, оған тальк үрлейді (сымның құбыр 
қабырғасына үйкелуін азайтуды жеңілдету үшін) және ұзын болат 
таспаны немесе ұшында шары бар болат ораманы созады, не 
болмаса, ұшында тұзағы бар диаметрі 1,5...3,5 мм болат сымды 
тартады. 
Құбыр жүйесінің ұштарына сымдардың оқшаулауының істен 
шығудан қорғауға арналған тығындар орнатылады.
Қимасы 
үлкен 
сымдар 
арнайы 
қармауыштар, 
шағын 
жүкшығырлар, әмбебап электрлік монтаждау сымы және басқа да 
жабдықтар (иінтіректі, пневматикалық) көмегімен тартылады. 
Тігінен тартылған құбырларға сымды төменнен жоғары қарай 
тартатын болады және оқшаулау қысқыштары көмегімен бекітеді 
(сымдардың қимасы 50 мм
2
дейін – 30 м сайын, қимасы 70...150 мм
2
8.25 сурет. Құбыр әзірлемелері: 
а
— әр түрлі бұрыш жасап бүгілген құбырлар; б — иілген құбыр жинақтары; в — тік 
құбырлар жинақтары және блоктары; г — жалпы ернемектері бар құбыр блоктары 


273 
— 20 м сайын, қимасы 185...240 мм
2
—15 м сайын). 
Болат құбырлардың ішкі тегіс беті және сыртқы бетінде 
коррозияға қарсы жабыны болуы керек (құрылыс құрылымдарына 
монолитті құйылатын құбырдан басқа)ү 
Сымдардың құбырға салынған жалғаулары мен тарамдары 
тығыздама қорабында дәнекерлеу немесе қысу арқылы жүзеге 
асырылады; сымдарды құбырлардың ішінде тікелей жалғауға жол 
берілмейді. 
Жұқа қабырғалы қабырғасының қалыңдығы 1,5 мм кем емес 
болат 
құбырлар 
жерге 
тұйықтаушы 
өткізгіштер 
ретінде 
қолданылады. Үздіксіз жерге тұйықтау тізбегін қалыптастыру үшін 
және жалғанған құбырлар арасында тиісті электрлік контактіні 
қалыптастыру үшін жасырын және ашық төсеу жағдайында жерге 
тұйықталған нейтралі бар желілерде әр құбырмен бірге екі-үш 
нүктеде металл қораптарды, жалғастырғыштарды, манжеттер мен 
гильзаларды дәнекерлеу ұсынылады. Осылайша, құрамына 
құбырлар, тарамдалған және керілісті қораптар енетін үздіксіз 
электрлік желі қалыптасады. 
Бірнеше болат құбырды қатарынан жасырын салған жағдайда 
оларды өзара тегіс болат жолақтармен дәнекерлеу арқылы 
жалғастырады. Жерге тұйықтау магистральдері болмаған жағдайда 
қимасы фазалық сымның 50 % кем емес төртінші сымда тартады 
(қимасы 1,5 мм
2
мыс және қимасы 2,5 мм
2
алюминий). Толықтай 
жинақталған құбыр жүйесін қорғаныштық жерге тұйықтау 
контурына екіден кем емес орында жалғастырады (құбыр жүйесінің 
басынан және соңынан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет