Технологиясы



Pdf көрінісі
бет116/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ
Туберкулез и алкоголизм, Киреева Релелік қорғаныс және электр энергетикалық жүйелерді автоматтандыру. (1)
Салалық стандарттар
(ССТ) мемлекеттік стандарттау нысаны 
болып табылмайтын өнімдерге, технологиялық құралдарға және 
нақты салалар үшін тән технологиялық жабдықтарға, сонымен 
қатар, салалық қолданыстағы технологиялық нормалар және типтік 
технологиялық үдерістерге орнатылады. ССТ аталған өнім түрін 
өндіруде жетекші болып табылатын министрлік бекітеді. 
Кәсіпорын стандарттары
(КСТ) белгіленген кәсіпорында ғана 
қолданысқа ие нысандарға орнатылады. Әсіресе, дайындалатын 
өнімнің құрамдас бөлігі болып табылатын бөлшектер мен жинақтау 
бірліктеріне, осы кәсіпорында қолданыстағы технологиялық 
жабдықтама мен құралдарға, технологиялық нормалар, талаптар 
мен ережелерге қолданылады. КСТ кәсіпорын басшылығы бекітеді. 
Шектелген қолданыстағы, сонымен қатар, бір реттік тапсырыс 
бойынша дайындалған өнімдерге стандарттар орнатылмайды. 
Осындай өнімдердің сапалары техникалық шарттармен ескертіледі. 
Оларды не тапсырыс берушімен келісім бойынша бірлестік 
(кәсіпорын) дирекциясы, не жоғарыда тұрған шаруашылық орган 
бекітеді. 
Стандарттың белгісі аббревиатурадан, нөмірлерден және бекітілген 
(қайта қарастырылған) жылдың соңғы екіі цифрынан тұрады, 
мысалы, МЕМСТ Р 1.5-92. 
Құрамындағы талаптарға тәуелді стандарттарды келесі түрлерге 
бөледі: техникалық шарттар стандарттары (оны дайындау, жеткізу 
және пайдалану кезінде өнімдерге жан-жақты техникалық талаптар 
орнатады); параметрлер-өлшемдер стандарттары (негізгі пайдалану 
сипаттамалары бойынша параметрлерді және өлшемдік қатарларды 
орнатады); типтер және негізгі параметрлер стандарттары (олардың 
ішінде неғұрлым озығын көрсете отырып, негізгі параметрлер және 
пайдалану сипаттамалары бойынша өнімдердің түрлерін орнатады); 
құрылымдар және өлшемдер стандарттары (оларды бірыңғайлау 
және өзара алмасуын қамтамасыз ету мақсатында бұйымның нақты 
түрі үшін құрылымдық атқарымдар мен негізгі өлшемдерді 


276 
орнатады); маркалар стандарты (маркасы мен материалдың 
химиялық құрамын орнатады); сұрыптама стандарты (өнімнің 
геометриялық формаларын, өлшемдерін орнатады); техникалық 
талаптар стандарттары (сапаға, беріктігіне, төзімділігіне және 
өнімнің сыртқы түріне қойылатын талаптарды орнатады, қызмет 
етуінің кепілдік мерзімін және жеткізілімнің жинақтылығын 
анықтайды); таңбалау қаптау, тасымалдау және сақтау ережелерінің 
стандарттары (саны мен сапасы бойынша өнімдерді қабылдау 
кезінде талаптардың бірлігін қамтамасыз етеді, түрлері мен сынау 
бағдарламаларын орнатады); зерттеу әдістерінің стандарттары (сапа 
көрсеткіштерінің бағалау бірлігін қамтамасыз етеді); шаралар мен 
өлшеу құралдарын тексеру әдістері және құралдарының 
стандарттары (қажетті дәлдік пен өлшеу бірлігін қамтамасыз етеді); 
пайдалану және жөндеу ережелерінің стандарттары; типтік 
технологиялық үдерістердің стандарттары (өндірістің озық 
технологияларын енгізу және өнім сапасының бірыңғай деңгейін 
қамтамасыз ету мақсатында технологиялық үдерістерді орындау 
және бақылауға арналған тәсілдер мен техникалық құралдарды 
орнатады). 
Барлық деңгейдегі стандарттау жүйесінің органдары мен 
қызметтерінің негізгі міндеттерін МЕМСТ Р 1.0-92 орнатады. 
Ресейдің Мемлекеттік стандарты стандарттар мен техникалық 
шарттарды енгізу мен сақтауға, өлшеу техникаларының жағдайы 
мен қолданылуын, өнім сапасының көрсеткіштерін стандарттауға 
мемлекеттік қадағалауды жүргізеді, ал министрлік пен мекемелер 
өнім сапасын, стандарттар мен техникалық шарттардың енгізілуі 
мен сақталуын бақылайды. Талаптардан жаңылған өнімдерді сату 
факторы анықталған кезде сәйкес органдар мемлекет түсіміне алу 
туралы жарлық береді. Стандарт немесе техникалық шарттар 
талаптарына сай келмейтін сапасы нашар өнім алған тұтынушылар 
оның төлемінен бас тарта алады. Кәсіпорын өзі дайындайтын
өнімнің сапасына жауапкершілік алады. 
Жоспарлы негіздегі стандарттау өнім сапасының бірыңғай 
мемлекеттік ұйымдастырушылық-техникалық саясатын жүргізуге 
мүмкіндік береді және халық шаруашылығын басқарудың барлық 
деңгейінде сапаны басқарудың ғылыми-техникалық және ғылыми-
әдістемелік ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. 
Стандарттауды зерттеу және жобалар сатысы келесілерді жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді: 
ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, сонымен қатар 
тұтынушылар мен өндірушілердің жетістіктерін есепке ала отырып, 


277 
шикізат, материалдардың, жартылай дайын өнімдер мен 
жинақтаушы бұйымдардың олардың сапалық сипаттамаларын 
кешенді стандарттау негізінде дайын өнімнің сапасына қойылатын 
талаптарды орнату; 
оның оңтайлы сапасын қамтамасыз ету және түрлерінің, таңбалары 
мен типті өлшемдерінің ұтымсыз көптүрлілігін болдырмау 
мақсатында жаңа өнімді жобалау нормаларын, талаптарын және 
әдістерін орнату; 
өндірісті мамандандырудың маңызды шарты ретінде өнімді 
біріздендіру деңгейін арттыруды, өндірістік үдерістерді кешенді 
механикаландыру мен автоматтандыруды, ғылыми-техникалық 
үдерісті жеделдетуді, оны дайындау кезінде еңбек өнімділігін, 
сонымен қатар, пайдалану мен жөндеу тиімділігін арттыруды 
қамтамасыз ету. 
Өнімді шығару кезеңінде стандарттар құрылымдық және 
технологиялық құжаттарды дайындаудың бірыңғай тәртібін, типтік 
технологиялық 
үдерістерді, 
стандартты 
жабдықтар 
мен 
құрылғыларды, 
сонымен 
бірге, 
бейнетті 
үдерістерді 
механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді тәсілдерін 
пайдалануды анықтайды. 
Өнім айналымы мен сату кезеңінде стандарттау барлық 
сатыларында қажетті сапаны сақтауға мүмкіндік беретін оның 
қаптамасына, консервілеу, тасымалдау, қаттау, сақтау және сатуға 
қойылатын талаптарын анықтайды. 
Тұтыну және пайдалану кезеңінде стандарттау өнімді жөндеу мен 
қызмет көрсетуге (оның ішінде, кепілдік), сонымен бірге, пайдалану 
кезіндегі оның сапасы туралы ақпараттарды жинау мен талдауға 
қойылатын бірыңғай талаптарды орнатады. Бұл жөндеу мен қызмет 
көрсетуді ұйымдастыруды жақсартады, пайдалану шығындарын 
қысқартады және қайтарымды арттырады. 
Стандарттаудың дамуының заманауи кезеңінің ерекшелігі кешенді 
бағдарламаларға жеке стандарттарды жасаудан көшу болып 
табылады. Осы бағдарламаларды жүзеге асыруға дайын өнімнің, 
жинақтаушы бұйымдардың, шикізат, материалдардың, құрылғылар 
мен құралдардың өзара байланысты стандарттар мен техникалық 
шарттарын жасау және қайта қарау, сонымен қатар, өндірісті 
дайындау, сынау, бақылау, өлшеу әдістері мен ұйымдастыру, 
қаптау, сақтау, тасымалдау, пайдалану мен жөндеу ережелері кіреді. 
Кешенді стандарттау бағдарламаларын жасау және енгізу соңғы 
нәтижелеріне жетуге барлық қызметті шоғырландыруға мүмкіндік 
береді 


278 
Ғылыми-техникалық үдерістің қарқынын жеделдету шарасына 
қарай стандарттардың әрекет ету мерзімін абсолютті және 
салыстырмалы қысқарту беталысы туындайды. Стандарттау жасау 
тәсілдері мен мерзіміне, стандарттарды енгізу мен қайта қаралуына 
қойылатын талаптарды көрсете отырып, айтарлықтай серпінді 
сипатқа ие. Стандарттаудың серпінділігін және жеделділігін 
арттыру міндетін отандық кәсіпорындардың, жақсы шетелдік 
фирмалардың озық тәжірибесін бейнелейтін және оған өнеркәсіптік 
дамыған елдер стандарттарының ілгерінді көрсеткіштері кіретін 
келешегі бар, озық стандарттарды жасай отырып шешуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет