23.Стандарт “ЭКГ жүргізу техникасы”. ЭКГ (электрокардиограмма) – жүрек - электро құбылыстарының графикалық тіркеуі.
Мақсаты:диагностикалық
Көрсеткіші: қан айналым мүшелерінің аурулары
Кері көрсеткіші:жедел жүрек жеткіліксіздігі, өкпе шемені
Жабдықтар: электрокардиограф, присоски, физ. ертінділер, дәкелер
Жүргізу әдісі: 1. ЭКГ-ға жүріп келгенде 10-15мин демалғаннан кейін түсіріледі,тамақтан кейін 2сағ.өткенде.
2. Науқастың жағдайы–кушеткаға жатқызып.
3. Электродтарды балтыр мен білектердің ішкі жағынан салынады. Теріні арнайы гельмен немесе 10% физ.ерітіндісімен дымқылдатады.
4. Электродты салу реті:
А. – қызыл – оң қолдын білегі.
Б. – сары – сол қолдың білегі.
В. – жасыл – сол аяқтың балтыры.
Г. – қара – оң аяқтың балтыры ( жер ).
Кеудемелі электродтарды пациенттің кеудесіне резеңкелік белгіленген еміздіктермен 6 позицияда жалғау:
V1 - IV қабырға аралықта төстің оң жағында
V2 - IV қабырға аралықта төстің cол жағында
V3 - IV және V қабырғалар арасында сол жақ төс жанындағы сызықта
V4 - V қабырғааралық сол жақ бұғана орта сызығында
V5 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты алдыңғы сызығында
V6 - V қабырғааралық сол жақ қолтық асты ортаңғы сызығында