СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
Тапсырма N 1. Қол пресінде 0,9 г-нан 15-20 дана натрий хлорид және 0,5 г ацетилсалицил қышқылының таблеткалары өндірісіне лабораториялық регламент құрастырыңыз.
Тапсырма N 2. Қол пресінде 0,9 г-нан 15-20 дана натрий хлориді және 0,5 г ацетилсалицил қышқылының таблеткаларын дайындаңыз.
Тапсырма N 3. Алынған таблеткалардың орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, беріктігі мен ерігіштігін анықтаңыз.
Тапсырма N 4 Материалдық балансты есептеу, шығын коэффициентін, технологиялық шығын, шығымды есептеу.
Білім берудің және оқытудың әдістері: Лабораториялық жұмыс, регламентті безендіру, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А. - Технология лекарств. – 1 том. - М. - 1980.
Иванова Л.А. - Технология лекарственных форм. - 2-том. - 1991.
Тенцова А.И. - Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - М.- 1986.
қосымша:
МФ ССРО Х, ХІ басылымы.
Лекциялық материалдар
Макхамов С.М. Основы таблеточного производства. Ташкент, 2004, 146 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Бақылау сұрақтары:
Таблеттелуші массаға қосымша заттар қандай керекті технологиялық қасиеттер береді?
Өндірісте қандай таблеттеуші машиналар қолданылады? Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Олардың ерекшелігі, артықшылығы, кемшілігі.
Пресс инструменттердің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Таблеттеу процесі қандай операциялардан тұрады (таблеткаларды престеу)?
Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?
Алдын-ала түйіршіктеусіз алынатын препараттардың номенклатурасын атаңыздар.
Таблеткалардың сапасын қанадай көрсеткіштері бойынша анықтайды? Сыртқы түрі қалай бағаланады? Таблеткалардың биіктігі мен диаметрінің қатынасы қандай болуы керек?
Таблеткалардың орташа салмағы дегеніміз не? Жеке таблеткалардың салмағында қандай ауытқулар жіберіледі? Дозалау дәлдігін қандай көрсеткіштер бойынша анықтайды?
МФХІ басылымы бойынша таблеткалардың ыдырағыштығына қандай талаптар қойылады? Олар қандай приборда және қалай анықтайды?
Таблеткалардың механикалық беріктігі дегеніміз не? Механикалық беріктігін қалай және қандай приборда анықтайды?
“Ерігіштік тесті’’ дегеніміз не?
Таблеткалардағы әсер етуші заттардың биологиялық тиімділігіне әсер ететін факторларды атаңыз.
Таблеткаларды қандай мақсатта қабықшалармен қаптайды?
Қабықшалардың қандай түрлері бар?
Қабықшалар қалай қапталады? Таблеткаларды дражделген қабықшалармен қаптау қандай операциялардан тұрады? Бұл әдістің қандай кемшіліктері бар?
Таблеткаларды суспензиялық әдіспен қаптау қалай жүргізіледі? Бұл әдістің артықшылығы неде? Суспензиялық әдісте қандай қосымша заттар қолданылады?
Пленкалық қабықшалардың қандай түрлерін білесіздер? Олар қалай жіктеледі? Пленка түзгіш зат ретінде не қолданылады?
Таблеткаларды пленкалық қабықшалармен қаптаудың қандай әдістерін білесіздер? Қолданылатын аппараттар. Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.
Таблеткаларды престелген қабықшалармен қаптау. Қолданылатын машиналар. Престелген қабықшалардың қандай артықшылығы мен кемшілігі бар?
Тікелей престеу әдісімен алынатын таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын атаңыз. Оның артықшылығы неде?
Достарыңызбен бөлісу: |