|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Дәрілер технологиясы кафедрасы
|
044 -43/15УМК- (2014-15)
48 беттің -беті
|
Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу
|
Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу
Пән: Дәрілер технологиясы
Пән коды: TL5303
Мамандық: 5В110300 Фармация
Оқу сағаттар көлемі: 360 (8 кредит)
Курс және семестр: 5 курс 9 семестр
Тәжірибелік сабақтар: 45 сағат
Кафедра мәжілісінде __ ___ 2014 ж.
(хаттама № ___ ) талқыланған
Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор
____________Сағындықова Б.А.
2014 ж.
Сабақ № 1
Кредит 1
Тақырып 1: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелер. Сатылар және дайын өнім бойынша материалдық баланс құрастыру. Өндірістік регламент.
Мақсаты: Дәрілер өндірісін ұйымдастырудың негізгі принциптерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігі туралы инструктаж өткізу. Өндірістік және лабораториялық регламенттің дұрыс құрылуын талдау. Операция, саты және бүкіл процесс бойынша материалдық баланс құрастыра білу.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
дәрілік препараттардың орталықтан шығарылуының шарттары;
ірі фармацевтикалық өндірісті ұйымдастырудың жалпы принциптері;
GMP бойынша негізгі тәртіптер (Фармацевтикалық препараттардың өтілуі тиіс өндірістік іс-тәжірибиесі);
дайын дәрілік түрлердің қазіргі заманғы дәрілік заттар арсеналында алатын орны;
дайын дәрілік түрлер өндірісін жүйелі механизацияландыру және автоматтандыру мәселелерін шешу жолдары. ДДТ номенклатурасын кеңейту жолдары;
өндірістік регламент-дайын дәрілік түрлер өндірісінің негізгі нормативті-техникалық құжаты ретінде. Оның негізгі бөлімдері, өңдеу сатылары;
өндірістік процестер. Негізгі технологиялық түсініктер және терминдер;
материалдық балансты құрастыру мақсаты. Технико-экономикалық көрсеткіштер технологиялық шығым, технологиялық шығын, шығын коэффициенті, шығын нормасы. Энергетикалық баланс.
Достарыңызбен бөлісу: |