Тәжірибелік Сабаққа арналған әдістемелік Өңдеу



бет50/50
Дата03.11.2023
өлшемі490 Kb.
#189224
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз

Бақылау сұрақтары:

  1. Медициналық капсулалардың дәрілік түр ретінде анықтамасы. Сипаттамасы. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

  2. Капсулалардың жіктелуі.

  3. Капсулалар қандай тәсілдермен алынады?

  4. Желатиннің суда еруінің температуралық режимінің бұзылуы капсулалардың қандай қасиеттеріне әсер етеді? Желатинді масса қандай тәсілдермен алынады?

  5. Капсулаларды батыру әдісімен алудың ерекшелігі, не себептен желатинді массаны ұзақ уақыт қойып қояды?

  6. Батыру әдісімен алынатын жұмсақ және қатты желатинді касулалардың технологиясының ерекшелігі неде? Қолданылатын машиналар. Олардың жұмыс істеу принциптері.

  7. Қатты және жұмсақ желатинді капсулаларды толтыру және дәнекерлеу ерекшеліктері. Қандай қондырғылар қолданылады? Бракераж қалай жүргізіледі?

  8. Жарамсыз желатинді капсулаларды регенерациялау қалай жүргізіледі?

  9. Желатинді капсулалар өндірісінде қандай консерванттар қолданылады?

  10. Капсулаларды престеу әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  11. Капсулаларды тамшылату әдісімен алудың ерекшелігі неде? Қандай автомат қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері.

  12. Ішекте еритін капсулаларды алу кезінде қандай көмекші заттар қолданылады?

  13. Медициналық капсулалардың сапасын бағалау қандай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі? МФ ХІ басылымы бойынша медициналық капсулаларға қойылатын талаптар.

  14. Қатты және жұмсақ желатинді капсулалардың қалыңдығы қалай тексеріледі?

  15. Капсулалардағы дәрілік заттардың дәл дозалануын қалай тексеруге болады?

  16. Капсулалардың механикалық беріктілігін және ыдырағыштығын анықтау қалай жүргізіледі?

  17. Микрокапсулалау дегеніміз не? Анықтама беріңіздер. Олардың артықшылығы мен кемшіліктері.

  18. Микрокапсулаларды алудың қандай әдістерін білесіз? Әр әдіске толық сипаттама беріңіздер.

  19. Микрокапсулалаудың физикалық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

  20. Микрокапсулалаудың физико-химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

  21. Қрапайым коацервация әдісімен микрокапсулалар алуда қандай қосымша заттар тобы қолданылады?

  22. Микрокапсулалаудың химиялық әдісі қандай әдіспен жүзеге асырылады? Қандай қондырғылар қолданылады?

  23. Микрокапсулалар өндірісінің келешегі қандай?

  24. Ұшқыш еріткіштерді буландыру әдісімен алынған микрокапсула өлшемдеріне қандай технологиялық факторларға тәуелді?

  25. Микрокапсуладағы дәрілік заттардың биологиялық тиімділігіне қандай факторлар әсер етеді?

26. Микрокапсулаланған дәрілік заттардан қандай дәрілік түрлер алған қолайлы?
27.Микрокапсулалардың сапасы қандай көрсеткіштер бойынша сипатталады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет