Студенттердің тәжірибелік жұмысы
Студенттер келесі тапсырмаларды орындауы керек:
Тапсырма N 1. Официналды медициналық ерітіндінің химиялық және электро-химиялық әдістермен алынуына лабораториялық регламент құрастырып, онда технологиялық және аппаратуралық схемасын көрсетіңіз.
Тапсырма N 2. 8 % алюминий негізгі ацетаты (Буров сұйықтығы) ерітіндісінен 40-60 мл (оқытушының тапсырмасы бойынша) дайындау үшін керекті бастапқы заттардың мөлшерін есептеңіз. Ерітіндіні химиялық әдіспен дайындау керек.
Тапсырма N 3. Ерітінділерді тазарту, стандарттау. Алынған ерітінділерді сұйылту және қанықтыру.
Тапсырма N 2. Материалдық балансты және технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу. Регламентті соңына дейін толтырып, оқытушыға қол қойдыру керек.
Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, ситуациялық есептер, тестілеу, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
Негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.
Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.
ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.
Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.
МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
Қосымша:
Лекциялық материалдар.
“Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп 1. 220 С-та тығыздығы 1,240 г/см3 440 мл азот қышқылы ерітіндісі алынған. 10 % азот қышқылы ерітіндісін алу үшін қанша мл су қосу керек?
Есеп 2. 5 кг тығыздығы 1,0263 г/см3 ерітінді алу үшін қанша мөлшерде су және 170 С температурада тығыздығы 1,0380 г/см3 болатын сірке қышқылы ерітіндісін алу қажет?
Есеп 3. 230 C температурада тығыздығы 1,0542 г/см3 болатын сірке қышқылы ерітіндісінен 360 г алынды. 30 % сірке қышқылы ерітіндісін алу үшін қанша мл су алу керек?
Есеп 4. 220 С-та тығыздығы 1,240 г/см3 440 мл азот қышқылы ерітіндісі алынған. 10 % азот қышқылы ерітіндісін алу үшін қанша мл су қосу керек?
Есеп 5. 5 кг тығыздығы 1,0263 г/см3 ерітінді алу үшін қанша мөлшерде су және 170 С температурада тығыздығы 1,0380 г/см3 болатын сірке қышқылы ерітіндісін алу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |