Есеп 6. 10 кг тығыздығы 1,0995 г/см3 ерітіндісін алу үшін қанша мөлшерде су және тығыздығы 1,2508 г/см3 болатын глицеринді алу қажет?
Есеп 7. 10 % ерітінді дайындау үшін, 180 С температурада тығыздығы 1,270 г/см3 3 кг NaOH ерітіндісіне қанша мөлшерде су қосу қажет?
Есеп N8. Ең кішкентай өлшем бірлігі 0,1 мм болатын суспензияларды бөлу үшін центрифугалардың (тұндырушы немесе фильтрлеуші) қай түрін қолданған дұрыс?
Бақылау сұрақтары:
Медициналық ерітінділердің сипаттамасы және жіктелуі. Мысал келтіріңіздер.
Ерітінділер дайындаудың жалпы технологиялық схемасын беріңіздер.
Ерітінділер алудың ерекшелігі неде:
а) еріту әдісімен б) химиялық әрекеттесу нәтижесінде
Буров сұйықтығының екі әдіспен алыну технологиясын айтып беріңіз. Әртүрлі әдіспен алынған өнімдердің айырмашылығы неде?
Ерітінділерді стандарттау қандай көрсеткіштер бойынша және қандай әдістермен жүргізіледі?
Стандартты ерітінділерді қалай сұйылтады?
Ерітінділерді бөлшектеу және орамдау. Олардың сақталу шарттары.
Суды дайындаудың жалпы схемасын көрсетіңіз: негізгі сатылары мен операциялары.
Деминералданған суды қалай алады? Қандай мақсатта?
Дистилденген суды қандай аппаратпен алады? Оларға қойылатын талаптар. Сақталу шарттары.
Қышқыл және сілті ерітінділерін дайындау. Қышқыл және сілтілердің сулы ерітінділерінің концентрациясы қалай анықталады?
Ерітінділерді бөлшектеу және орамдау. Олардың сақталу шарттары
Сұйықтықтарды араластыру қандай әдістермен жүргізіледі? Әр әдіске сипаттама беріңіз. Әрқайсысы қандай жағдайда қолданылады?
Фармацевтикалық өндірісте араластырғыштардың қандай түрлері қолданылады?
Ерітінділерді тазарту қандай әдістермен жүргізіледі?
Тұндыру дегеніміз не? Қандай тұндырғыштар қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері қандай? Тұндырғыштар қандай жағдайда қолданылады? Олардың кемшіліктері неде?
Фильтрлеу дегеніміз не? Қандай әдістермен жүргізіледі?
Фармацевтік өндірісте қандай фильтрлеуші материалдар қолданылады? Оларға қойылатын талаптар.
Қатты фазаларды бөлу үшін қандай фильтрлер қолданылады? Олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
Центрифугалау дегеніміз не? Центфугалардың қандай түрлерін білесіздер? Олар қандай жағдайда қолданылады? Құрылысы мен жұмыс істеу принциптері қандай? Артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |