Тест тапсырмалары:
1. Сұйық гетерогенді жүйелерді ауырлық күші әсерінен бөлу ... деп аталады.
| фильтрлеу
|араластыру
| тұндыру
|центрифугалау
|елеу
2. Сұйық бағанасының гидростатикалық қысымы әсерінен жұмыс істейтін фильтрлерге ... жатады.
| пресс-фильтрлер және друк-фильтрлер
| фильтр-қаптар
| фильтрлер-қаптар және фильтрлеуші центрифугалар
| пресс-фильтрлер және друк-фильтрлер
| нутч-фильтрлер және друк-фильтрлер
3.Вакуум астында жұмыс істейтін фильтрлер ... .
| фильтрлеуші центрифуга
| пресс-фильтрлер
| фильтр-қаптар және тұндырғыштар
| пресс-фильтрлер және друк-фильтрлер
| нутч-фильтрлер
Тұндыру ... температурада жүргізіледі.
| +150С төмен емес
| +150С жоғары емес
| +80С жоғары емес
| +80С төмен емес
| +200С төмен емес
Тұндыру процессі – бұл сұйық гетерогенді жүйелеорді ... бөлу процессі.
А) ауырлық күші әсерінен
B) саңлаулы кедергі көмегімен
C) күшті электролиттер көмегімен
D) жоғары температура әсерімен
E) сұйықтық бағанасының қысымы әсерімен
Сабақ №4
Кредит 1
Тақырып 4: Шырындар. Дәмдік және дәрілік шырындар. Қарапайым қант шырынын, алтей тамырының құрғақ экстрактісімен шырын, мия тамырының қою экстрактісімен шырын алу.
Мақсаты: Технологиялық процесті теориялық меңгеруді және дәрілік, дәмдік шырындарды дайындауды, нормативтік құжаттардың талабына сай олардың сапасын бағалауды үйрену.
Оқыту мақсаты:
студент білуі тиіс:
шырындардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, жіктелуі және номенклатурасы;
дәмдік және дәрілік шырындардың жеке технологиясы;
шырындар өндірісінде қолданылатын қондырғылар;
жылу процестері: қыздыру-суыту, буландыру-конденсация;
жылу алмастырғыштардың және конденсаторлардың түрлері;
салқындату және конденсация принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |