Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар ФӨт заттар мен энергия алмасу Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз



бет2/4
Дата19.10.2022
өлшемі34,4 Kb.
#153826
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Казакша Зат алмасу Еркінқызы Дана

Дұрыс (тиімді) тамақтану – организмді қалыпты жағдайда тіршілік етуін және денсаулығын қамтамасыз етеді.



Рациональды ( тиімді) тамақтану қандай принциптерге негізделеді:

  • 1 ) Энергия тепе-теңдігін сақтау;

  • 2) Тамақтың құрамындағы қоректік заттардың дұрыс үйлестірілген болуы;

  • 3) Тамақтану режимін сақтау принципі.



Тапсырма №6. Кестеге Ересек адамның тәуліктік тамақтанудағы нормаларын көрсетіңіз:

Ақуыз

Ақуыз – қуат қоры. Тәуліктік нормасы: 90-100г. Оның құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі (гистидин, лейцин, изолейцин, метионин, аргигин, триптофан, лизин).

Майлар

Май негізгі энергия көзі, пластикалық маңызы. Тәуліктік нормасы: 70–100г. Майдың ыдырау өнімдері (моноглицерид, май қышқылдары, өттің қатысуымен мицелла түрінде, ішек эпителиіне түседі. Май мен холестерин, белок молеклалары хиломикрон құрып, эпителий мембранасынан өтіп, лимфаға, қанға сіңеді.

Көмірсулар



Көмірсу - энергия көзі, денеге ди–полисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Тәуліктік нормасы: 400-500 г

Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы:

1:1:4,6



Мәселелік тапсырмалар

  1. Бойы 150 см, салмағы 60 кг әйелдің негізгі энергия алмасу мөлшері 1600 ккал тең. Бұл көрсеткіш нормаға сәйкес келе ме?

Жоқ. Әйелдер үшін 1 сағат ішінде тиісті негізгі алмасу дене алаңының метрмен 36 ккал көбейтіндісіне тең. Дене ауданы номограмма бойынша анықталады. Бұл жағдайда тиісті негізгі алмасу 1126 ккал құрайды. Негізгі алмасу әйелде орташа есеппен 42% - ға жоғары.



  1. Ересек адам тәулігіне 70 г белок, 300 г көмірсулар, 100 г май пайдаланды. Осы көрсеткіштер тәуліктік энергия қажеттілігіне тура келе ме?

Жоқ. Қоректік заттардың күнделікті қажеттілігі энергия шығындарының деңгейіне байланысты. Бұл жағдайда ересек адамның тамақтану рационы ең төменгі энергия шығындарына да сәйкес келмейді (ақуыз 90-100 г, май 70-100 г, көмірсулар 400-500 г).



  1. Тест сұрақтары

  1. Зат алмасуды реттейтін жүйе:

1.сомалық жүйке жүйесі.
2. вегетативті жүйке жүйесі +
3. қан жасау жүйесі
4. иммундық жүйе
5. ретикулоэндотелиальды жүйе

2. Минералдық алмасуды реттейтін гормон:



  1. Тестостерон.

  2. Пролактин.

  3. Альдостерон.+

  4. Глюкагон.

  5. Прогестерон.

3. Комфортты стандарттық жағдайда адамның зат алмасу қарқынының көрсеткіші қалай аталады:



  1. Жалпы алмасу.

  2. Негізгі алмасу.+

  3. Барша (валовый) алмасу.

  4. Жылулық алмасу.

  5. Еңбекке байланысты алмасу.

4. Қанда қалдық азот санының жоғарылауы қай алмасудың


бұзылуын көрсетеді:

  1. Минералды тұздар алмасуы

  2. Белок алмасуы+

  3. Май алмасуы

  4. Су алмасуы

  5. Көмірсу алмасуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет