ЖЫЛУ РЕТТЕЛУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ бойынша тапсырмалар
Изотермия гомеостаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады
Изотермия дегеніміз – дене мен организмнің ішкі ортасы температурасының тұрақтылығы.
Жылу реттелуінің типтері
Гомойотермді - дене температурасы тұрақты, жылы қанды тіршілік иелері (жылы қанды жануарлар мен адам)
Пойкилотермді – салқын қанды жануарлар
Тапсырма №1. Дененің әр түрлі бөлімдерінің температурасын көрсетіңіз
Қолтық
|
36º-37º
|
Ауыз қуысы
|
37,2º-37,5º
|
Тік ішек
|
37,2º-37,9º
|
Ішкі ағзалар
|
37,8º-38º
|
Бауыр
|
38,5º-39,5º
|
Кеуде
|
30º-34º
|
Қол
|
29,5º-33º
|
Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы
|
22º
|
Тапсырма №2. Жылу реттелу механизмдерінің түрлерін жазыңыз:
Түрлі ағзалардың жылу түзілудегі үлесі:
Бұлшық еттерде – 60-70 %.
Бауырда, ішек-қарында – 20-30 %.
Бүйрек пен басқа да ағзаларда –10-20 %.
Жылудың шығарылу жолдары:
Жылуды өткізу – басқа заттармен жанасқанда болатын әрекет.
Конвекция – тері бетімен жанасатын ауаға қарай берілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |