Тәжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар ФӨТ Заттар мен энергия алмасу Тапсырма№1. Анықтама беріңіз Заттар мен энергия алмасу дегеніміз – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруінің жүретін химиялық, физикалық және физиологиялық процестердің жиынтығы.Заттар мен энергияның алмасуы тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі.
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
2.
Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3.
Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасу қызметі.
4.
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Тапсырма №3. Анықтама беріңіз
Негізгі алмасу дегеніміз – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы.
Кестені толтырыңыз
Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1. дене еттері босаңсыған және толық тыныштық күйде.
2. аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
3. денеге комфортты температурада – 18-22оС
Тапсырма №4. 1). Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні -1 ккал/кг/сағ тең.
2) Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні -1700 ккал/тәул
3) Әйелдер үшін - 1500 ккал/тәул
Тапсырма №5. Организмге қажетті энергия және құрылыс (пластикалық материалдар) тағам құрамымен күнделікті үздіксіз сырттан түсіп тұруы шарт. Олардың ағзадағы әртүрлі қызметтерін жазыңыз:
Тағамтану- адамдар мен жануарлар тағамын зерттейтін ғылым саласы
Ағза үшін ақуыздың негізгі көзі болып табылады– жануар еті мен өсімдік текті әртүрлі азық-түліктер
Ақуыздың маңызы - денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы. Ақуыздар дененің өсуін, құрылысын және дамуын қамтамасыз етеді. Ақуыз құрамында барлық дерлік ферменттер мен гормондар бар. Ақуыздар антиденелер өндірісіне белсенді қатысады және иммундық жүйенің беріктігі мен белсенділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар көптеген қосылыстарды тасымалдауға қатысады.
Пластикалық ролі - - дененің құрылымын анықтайды, әртүрлі биологиялық мембраналардың құрамына кіреді. Бұл функция коллаген, эластин, кератин үшін негізгі болып табылады
Энергетикалық- қозғалу қызметі, яғни актин мен миозин гормондарының қатысуымен жүреді.
Тірек қимылдық функциясы- қозғалу қызметі, яғни актин мен миозин гормондарының қатысуымен жүреді.
Ферменттік функциясы – дененің негізгі функцияларының орындалуына қатысады: тыныс алу, ас қорыту, сыртқа шығару, қорғаныс қызметі, гормондар.