«Тәжірибелік сабақтарда кейс стади технологиясын қолдану» 0518000-«Есеп және аудит»


Модульдік технология бойынша тәжірибелік сабақ базасы



бет3/3
Дата09.01.2022
өлшемі24,59 Kb.
#110637
түріСабақ
1   2   3
Модульдік технология бойынша тәжірибелік сабақ базасы

  • модульдік функционалдық карта

  • модуль түйіндемелері

  • модуль құрылымы

  • модуль спецификациясы

  • модульдер бойынша нұсқаулар

  • модуль қорытындысы

  • әдістемелік құралдар пакеті

  • нұсқаулық карталар

  • оқу мысалдарына кейстер

Білімгерден күтілетін нәтиже:

  • Кейстерді зерттеп,орындау

  • Кейс элементтерін талқылау

  • Кейс мәліметтері бойынша есептер шығару

  • Деректерді бағалау талдау

  • Шешімдерді қабылдау

  • Пікірлерді қарастыру.



Сабақ жоспары

Пән: Қаржылық есеп

Сабақтың тақырыбы: « Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есебі»

Сабақтың түрі: Кейс- стади

Қолданылатын әдістер: алдын-ала тапсырма беру, презентациялау, шағын топтамаларда жұмыс, кейстерді зерттеу, жеке тапсырмалар , рольдік ойындар
І. Сабақтың мақсаттарын ашу

Кейс-стади технологиясы бойынша біліа алушыларға алдын-ала осы тақырыпқа қатысты мағлұматтар мен ақпаратты жинақтау үшін әдебиеттер тізімі мен ақпарат көздері айқындалып,тапсырма беріледі.Білім алушылар шағын топтамаларға және әр топтама өз ішінен модератор сайлайды. Модератор шағын топтама басшысының рөлін атқарады, топтың жұмысын ұйымдастырады, регламент анықтап, өз тобының шешімдерін жариялайды .Оқушы топтамалардың тапсырмаларын орындап болған соң қабылдаған шешімдерін оларға өзгертулер енгізеді немесе толықтырылады.


ІІ. Сабақты жүргізу тәртібі

  • 1-кезең Топты үш кәсіпорынға бөлу

  • 2-кезең Эксперт тобын құру

  • 3-кезең Жаңа сабақты презентациялау,кейстерді зерттеу

  • 4-кезең Кейстерді қолдану арқылы қорытындылау,бағалау


III. Тәжірибе сабағына нұсқау беру

  • Әр топ модераторы алдын-ала дайындалған кейстерді қолдана отырып өз тапсырмаларын баяндайды:

  • Ітоп- «Каzжиһаз»ЖШСнің құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизация есептеу тәртібі

  • ІІ.топ-«Астық»ЖШСнің құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару,өндірістік әдіс

  • ІІІ.топ«Тәтті»ЖШСнің құнды сан бойынша есептен шығару және қалдықтың кему әдісі


IV. Практикум сабағының тапсырмаларын орындау

  • Кейстерді қолдана отырып,негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістеріне есептер шығарып берілген тапсырманы толықтырады

  • Ітоп- «Каzжиһаз»ЖШС-Кейс1

  • ІІтоп-«Астық»ЖШС Кейс-2

  • ІІІтоп-«Тәтті»ЖШС Кейс 5,6


Кейс1

«Каzжиһаз»ЖШСнің негізгі құралдарына құнды бірқалыпты есептен шығару бойынша амортизация есептеу.

Тапсырма:

ЖШС«Каzжиһаз» станок сатып алды. Оның бастапқы құны 2000 000тг., ал жою құны 20 000тг. Станокты пайдалану мерзімі 5 жыл. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударымды есептеңіз .


Кейс2

«Астық» ЖШСнің негізгі құралдарына өндірістік әдіс бойынша амортизация есептеу ..

Тапсырма:

Диірменінің амортизациясын өндірістік әдіспен есептеп шығарыңыз. Диірменнің бастапқы құны 1250 000 тг, жойылу құны 50 000 тг, қызмет ету мерзімі 5 жыл. Диірменнің барлық пайдалану кезінде ұн шығару 600 000 тг көлемінде есептеліп отыр.



  • 1 жылы 120 000 тг.

  • 2 жылы 140 000 тг.

  • 3 жылы 150 000 тг.

  • 4 жылы 100 000 тг.

  • 5 жылы 90 000 тг.

Кейс 3

«Тәтті»ЖШСнің негізгі құралдарына құнды сан бойынша есептен шығару және қалдықтың кему әдісі бойынша амортизация есептеу.

Тапсырма:

Торт пісіретін пештің амортизациясын түрлі әдістермен есептеп, оның баланстық құнын анықтау қажет, оның бастапқы құны1250 мың тг,жойылу құны – 50 мың тг құрайды, қызмет ету мерзімі 5 жыл.


V. Оқушылардың білімін бағалау

Эксперт тобы әр топтың орындаған кейстерін зерттеп, бухгалтерлік проводкалардың дұрыстығын тексеріп ,бағалайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет