Әдістемелік нұсқаулық: Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесі. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау мәселесінің көтерілуі. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер