Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
№1 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін коммуникативтік негізде оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Пәннің мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Қазақ тілін коммуникативтік негізде оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары туралы білімдерін жетілдіру
Әдістемелік нұсқаулық: Әдістемелік мұра және оны танып-талдау әдістері мен жолдары, қазақ тілі – мектепте оқытылатын негізгі пәндердің бірі ретінде, пәндер жүйесіндегі орны мен маңызы.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:
Қазақ тілі-ұлт тілі, ұлттық әдеби тіл және мемлекеттік тіл /конспект/.
Қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдері типологиялық белгілеріне шолу.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттелу тарихына шолу /конспект/.
Әдебиеттер:
1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.
3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.
4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.
№2 Тәжірибелік сабақ: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер
Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы, ауыл молдаларының мектепке қосқан үлесі, қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы алған мағлұматтарын толықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |