Тексерген: Жампеисов Д. А


Акционерлік қоғамның нысаны



бет2/8
Дата25.11.2022
өлшемі66,28 Kb.
#159768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРОП ҚҰҚЫҚ.

2.Акционерлік қоғамның нысаны
Акциоенрлік қоғам — коммерциялық ұйымның уақыт және нарықтық қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны, Алайда заңдарда қоғамның ұйымдық — құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін. Мысалы: дүние жүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Акционерлік қоғам туралы 2003 жылы заң қабылданғанға дейін Қазақстан заңдары ашық акционерлік қоғаммен қатар жабық үлгідегі акционерлік қоғамдардың өмір сүруі көзделді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акциоенрлік қоғам ашық акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары құрылтайшыларымен алдынала белгіленген адамдар бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша акционерлік қоғам болып есептеледі. Жабық акционерлік қоғамдар мемлекеттік монополияладан сақтану үшін немесе үшінші тұлғалардың енуін шектеу үшін кұрылатын еді. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғаның жағдайы алдынғы қатарға шықты.
Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен айта аламыз. Онда тұлғаның элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп ретте басым түсіп отырды.
2003 жылы 16 мамырдағы заң бойынша Азаматтық Кодекстен жабық акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүруі мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай ұйымдық құқықтық нысанынан тартуға бел байлаған деген қорытынды шығарды. Сондықтан 2003 жылы 16 мамырдан кейін құрылған құрылған жабық акционерлік қоғамдар жармсыз деп танылды, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген тәртіппен басқа ұйымдық — құқықтық нысанға өзгертілуі немесе 2005 жылдың мамыр айынын 16 жұлдызына дейін таратылуы тиіс. Бұл мәселе Акционерлік қоғам туралы заңның 90 бап 2 тармағында көрсетілген.
Ашық акционерлік қоғамдар — акционерлік қоғамның барынша табиғи және кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері дерлік акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады.
Ашық акционерлік қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе қоғамның барлық акцияларын бір акционер сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамның құрылуы немесе бір адамнан тұруы мүмкін. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік мекемелер қоғамның акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өзінің кұзіреті шегінде акционерлер бола алатын Үкімет, жергілікті атқарушы орган, Ұлттық Банк бұларға жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет