Тексерген: Жампеисов Д. А


Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы



бет4/8
Дата25.11.2022
өлшемі66,28 Kb.
#159768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРОП ҚҰҚЫҚ.

4.Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғам туралы 2003жылғы заң «жарияланған жарғылы капитал», «шығарылған (төленген) жарғылық капитал» ұғымдарынан бас тартты «Жарғылық капитал», » өз капиталы» терминдері ғана пайдаланылады Халықтық қоғамдағы секілді, мұнда да заң әдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері белгіленген. Қоғамның жарғылы кпиталының ең төменгі мөлшері — айлық есептІк көрсеткіштің 50000 еселенгеі мөлшерінде болады. Бұл Акционерлік қоғамдар туралы 1998 жылғы заңдағы мөлшерден он есе артық. Қоғамның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері жөнінде жоғарыда аталған тараптар өзінің қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғы: құрылтайшысының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторлаға (инвесторға) заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады Құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс. Қоғамнын жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі.
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз — бұл қоғамның активтері мен пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік. Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивиденттер төлеу мүмкіншіліктерін анықтауда және өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.
Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның орналастырылатын акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік кұқықтар (оның ішінде интелектуалдық меншік объектілеріне кұқықтар) талап ету құқығы және өзге де енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензиясының негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырады. Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану құқығы енгізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оның бүкіл пайдалану мерзімі үшін төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзімі аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінің мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 89-бабының 1-тармағына «акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді» деген норма алынып тасталды. Бұдан келіп қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер оларды сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу мемлекеттік акциялар пакетіне әсер етпеуі тиіс, өйткен өзгеше істеу мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру рәсімі орағытып өтуді білдіретін болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет