Тексерген: Жампеисов Д. А


Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары



бет3/8
Дата25.11.2022
өлшемі66,28 Kb.
#159768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
СРОП ҚҰҚЫҚ.

3.Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып, құрылтай шарты мен жарғы табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай шартында:

  1. қоғамның құрылтайшылары (құрылтайшысы) туралы мәліметтер болады, оған қоса:

  2. заңды тұлғага қатысты оның атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркелгені туралы деректер;

  3. жеке тұлғаға қатысты, аты, азаматтыгы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер:

  4. қоғамның құрылғаны туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған атауы, сондай-ақ оны құру тәртібі;

  5. құрылтайшылар (құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ оны төлеу мерзімі мен тәртібі;

  6. акциялар шыгаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның кұрылтайшылары арасында орналастырылатын (кұрылтайшы сатып алатын) жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналастыру бағасы;

  7. оның кұралтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамды құруға байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшыларының қоғамды құру жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзгеде талаптары;

  8. қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процессінде оның мүддесін білдіру тапсырылған тұлғаладың өкілеттілктерін айқындау;

Шетел инвестициясы туралы Қазакстан Республикасының заңы. 27 желтоксан І994жыл. (озгертулер мен толықтырулар 8 каңтар 2003жыл).

  1. қоғам құрылтайшыларының екінші жөне одан кейінгі жиналыстарын шақыру және өткізу тәртібі, сондай-ақ әр бір қоғам құрылтайшыларының екінші және одан кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;

  2. қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;

  3. басқа заңнамалық келісімдерге сәйкес қоғамның құрылтай шартына енгізілуге тиісті өзге де талаптар және т.б. енгізілуі мүмкін.

Сонымен қатар құрылтай шартының қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңның 6 бап 3 тармағыиа сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Құрылтай шартында көзделген мәліметтер егер шарттың өзінеде өзгеше көзделмесе коммерциялық құпия болып табылады. Қоғамның құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, содай-ак үшінші тұлғаға қоғамның шешеімі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуі тиіс. Қоғамның құрылтай шартын жасау тәртібіне тоқталатын болсақ, қоғамның құрылтай шарты әр бір құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкілі шартқа қол қою жолымен жазбаша нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша рәсімделіп құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкіл қол қояды. Құрылтай шартын нотариат куәландырады. Соымен қатар жеке түлга құрылтайшының қойған қолының тұпнұсқасын да нотариат куәландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет