Тексерген: Жанатаев Д. Ж. Алматы 2020 жоспар


Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі81,6 Kb.
#95585
1   2   3   4   5
Байланысты:
ББ (2
0003b964-e2f0b276, Күзенбердиева Р. КУРС. музыка 6 сынып, Орыс халқының
Қазіргі заманның философиялық парадигмаларының жалпы сипаты

XIX ғ. ортасына қарай қалыптасқан философияны классикалық деп атайды. Бұл, философияның бұрынғы дамуымен салыстырғанда теориялық ойлардың қалыптасуындағы ең маңызды қадамдардың бірі еді. Бұл философияға тән сипаттардың бірі, ойлыақылға деген шексіз сенім. Классик — философтар рационалдық танымды, ғылымды алдағы уақыттары адамзаттың барлық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін сенімді күш деп таныды.
Классикалық философия адамды және тарихты қарастыра отырып, өз назарларын бостандық проблемасына және басқа гуманистік құндылықтарға шоғырландырды және адамзаттың жалпы өнегеліктік принциптерін, идеалдарын рационалды танудың қажеттілігін бекітті.
XX ғ. философиясы (классикалық емес) ең алдымен нақты бір «жаңа философиялық ойлау» сияқты классикалықтың антитезисі ретінде құрылды. Классикалық емес философияға мына ерекшеліктер тән:
Қазіргі заман философиясы әр түрлі философиялық мектептерге бөлінуімен сипатталады. Олардың ең белгілілеріне мыналар жатады: герменевтика, экзистенциализм, неопозивитизм, неофрейдизм, неотомизм, персонализм, прагматизм, структурализм, феноменология, антропологиялық философия және т.б.
Әйткенмен де бұл оның ғарышталынуы емес. Керісінше қазіргі заман философиясы жалпыазаматтық, планетаарлық сипат алуда. Негізінде, XX жүз жылдық — бұл адамзаттың біртүтастығының қалыптасу уақытында, өзін белсенді түрде жалпыадамзаттық тәжірибенің субъектісі ретінде анықтай бастаған жаңа деңгейі. Бұл жағдайларда философия өзінің бүткіл тарихында алғашқы рет нақты «дүниежүзілік философияға» айналды — оның басқы мектептері планетаарлық философиялық ойдың дүниежүзілік тенденцияларының мәртебесіне ие болды. Бұл жағдайлар әр түрлі мэдениет өкілдерінің бірін — бір түсінуге маңызды алғы шарт болып табылады.
Қазіргі заман философиясы рационализмнен бастартып, иррационалистік тұрғыдан шықты. Иррационализм (лат. Irrationaiist — ақылға сыймайтын, санасыз) — философсиялық ілімдердің бұл жүйелері, рационалдылық танымның шектелгендігін сақтайды, және оған танымның негізгі түрлер ретінде интуицияны (зердені), сенімді қарама-қарсы қояды. Философия тарихында иррационалдықтың негізгі идеясы — неоплатоншылдарға, августианшылдарға және басқа философиялық мектептерге тән болатын. Философиялық бағыт ретінде иррационализм XIX ғ. құрылып батыс философиясында үстем бола бастады; «ойлау философиясы» «өмір философиясына» ауыстырылды.
Иррационализмді оның бұрынғы рационалдық танымды төмендететін немесе әлемді объективті түрде тануға мүмкін еместігін жариялайтын агностицизмен шатастыруға болмайды.
Қазіргі заман философиялық жүйелерінің көпшілігі антропологиялық сипатта болады. Оларды бір ерекшелік біріктіреді: ең негізгі философиялық мэселелерді анықтағанда, атап айтқанда адам мәселесіне келгенде оларға жалпы ортақ тұрғы тән. Антропологиялық жеке адамның өрістерін және негіздерін және субъективтілігін анықтау әрекеттерінен көрінеді, адамды «барлық заттардың өлшемі» ретінде қарастыруынан, оның өзінен және соның арқасында дәл өзін, сол сияқты қоршаган ортаны (табиғатты, қоғамды) және сонымен қатар мәдениетті түсінуге деген талпынысынан көрінеді. Антропологияшылдық философияның дамуына мына идеялар (ой) ықпалын жасады. Біріншіден, адам — түрлі символдарды жасай алушы жан иесі тегінен. Екіншіден, адам, табиғаттан салыстырмалы дербестігін ала отырып өздігінен даму, түрлену мүмкіншілігіне ие болды. Үшіншіден, адамдық табиғаттың жоспарсыздығы, олардың іс-әрекеттер арқылы болмысты өзгерте алуы, бейне бір адамның өзін қайта жасайтындығы, тек қана рухани жағын емес, сонымен қатар биологиялық түр ретінде.
ХХ-шы жүз жылдықтағы философияда ғылымға деген қарама-қайшы түсініктер байқалды. Сциентизм (лат. science — білім, ғылым) және антисциентизм сияқты көзқарастар пайда болды. Сциентизм — дүниеге көзқарас, оның негізінде әмбебап мәдени қүндылықтар туралы және адамның әлемде бағыттала алуына жеткілікті жағдайлар ретіндегі ғылыми білім туралы түсініктер жатады. Ғылым — бұл «бәрін көріп біле алатын», барлық сүрақтарға жауаптары бар және адамға кез-келген өмір жағдайларындағы әрекеттерінің табыстылығына абсолютті кепілдігін беретін әмбебап. Бұндай көзқарас ғылымның ең маңызды белгісін, дәлірек айтсақ діннен айырмашылығын елемейді.
Ал антисциентизм болса принципиалды түрде адамдық бар болу проблемаларын шешуде ғылымның шектілігін бекітеді, ғылыми-техникалық дамудың жағымсыз зардаптарына назар аударады. Антисциентизм ғылымды адамдық бар болудың трагедиялығының қайнар көзі болатын «дегуманистік күш», ретінде түсіндіреді.
5. XX ғ. діни философия одан әрі дами түсті. Шындықты діни тұрғыда түсіну әрекеттері ғылыми әдістерден басқа өз ерекшіліктері болады. Алайда діни арнада да адамзат мәдениетіне маңызды әсер берген көрнекті философиялық ілімдер туды.
6. XX ғ. көптеген философиялық мектептер және ағымдар марксизм философиясына қарсы тұрды. Өйткені, тәжірибе жүзінде коммунистік ойларды іске асыруға талпынған қоғамның саясаты мен идеологиясының басты мақсаты марксистік көзқарас арқылы болды. Марксистік принциптердің іске асуы мүмкін емес екендігін дәлелдеу барысында философиялық ағымдардың көпшілігі сынға ұмтылды. Философияның ұзақ жылдар бойғы дамуы идеологиялық қарсыласу өрістерінде жүзеге асырылды. Нағыз философиялық мэселелерді шешудің орнына қарсыластар бір-бірінің философиялық концепцияларының кемшіліктері мен осал жерлерін іздеді. Осының негізінде идеология ықпалынан, табиғаттылықтан, тіптен ғьшымнан дербес философиялық жүйелерді құру әрекеттері күшейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет