Тексерген: Жүнісова М


Үш із: бала, байлық, бақыт – білім Үш ғайып



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі22,93 Kb.
#93666
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сүлеймен Ш401 соөж

Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш ғайып: қонақ, несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне сөз,
Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту
Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті
Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет

Таңғажайып жеті санымен байланысты ұғымдар.
Ж ердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды.

Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – Қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір Қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстық атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жетіпұсты» деп те атайды.


Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамныңақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақжаулық (ердің жары). 4. Бала (өміржалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейілкеңболса, ынтымақ, берекеорнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жертұл»). 7. Ит.
Жігіттің жеті қазынасы
Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты
Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты.
Құмай тазы - бастан берік сенімі,
Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі.
Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы.
Ау жылымы – амал, айла, әдісі
Қара қақпан серті себі тірліктің
Осы жеті қазынасы жігіттің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет