Тәрбие сағатының тақырыбы: «Халықтың сөнбес ерлігі» Сабақтың мақсаты



Дата01.04.2017
өлшемі56,88 Kb.
#13137
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Халықтың сөнбес ерлігі» Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан Соғысы кезінде жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етіп, оқушылардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру . Жас ұрпақты Ұлы Отан соғысына қатысқан аталар ерлігін дәріптеу өз елін , туған жерін сүюге ,отанын қорғай білуге ,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, видео, слайд. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу. Миға шабуыл: тақтадан видеобаян көрсету. Осы бейнебаян бойынша сұрақ жауап. Қане, балалар бұл бейнебаянды талқылайық. Бұл бейнебаян не туралы? Бұл бейнебаянды көріп отырып қандай сезімде болдыңдар?

Мұғалім: бізге мәлім Ұлы Отан Соғысының 76 жылдығына орай, бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін өз бастарын өлімге қиған бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ол үшін қане, тарих беттеріне үңілейік. Аялдама әдісі Бірінші топқа. Ұлы Отан Соғысы жайлы не білеміз? Екінші топқа.Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлердің қандай ерліктерін білесіңдер? Оқушылар өз ара білімдерін толықтырып, бір- біріне түсіндіру.

Жаңа сабақ: Соғыс отының тұтануы

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.

Мәскеу шайқасында Қазақстанда құрылған әскери құрамалар ерекше көзге түсті. Волоколам бағытын қорғаған 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы (генерал-майор И.В. Панфилов) болды. Дивизияның 1075-полкінің саяси жетекші В.К. Клочков бастаған жауынгерлер 16 қараша күні Дубосеково разъезінің түбінде өшпес ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақстанда жасақталған 238-атқыштар дивизиясы (полковник Г.П. Коротков) Тула маңында, Ақтөбеде жасақталған 312-атқыштар дивизиясы (полковник А.Ф. Наумов) Малоярославец бағытында Мәскеуді қорғауға қатысты. Мәскеу шайқасында панфиловшы батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери шеберлік үлгісін көрсетті.

Видео Бауыржан Момышұлы (өз дауысы)



Сұрақ: Сталинград шайқасына барлығы неше мыңға жуық қазақстандық қатысты? Жауабы: 90 мың

Сталинград шайқасына қатысқан батырлдардың есімдері естеріңізде бар болса айтып берулеріңізді сұраймын.

гвардиялық дивизияның командирі, Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант Ғани Сафиуллин

Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш Нұркен Әбдіров

Хиуаз Доспанова-сыңды батырларымыз қатысқан.

Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты.

Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одағының батыры атанды.

Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайкасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

Өлең: Ленинградтық өренім

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің

Нева өзенін сүйкімді

Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көремін.

Өркеш-өркеш жарасқан

Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,

Шомылдырған кемерін!

Шамы күндей жайнаған

Аспанға үйлер бойлаған…

Арқа тұтып алыста

Айбыным деп ойлағам!

Шамы Күндей жайнаған,

Аспанға үйлер бойлаған…

Арқа тұтып алыста,

Айбыным деп ойлағам!

Жабықпағын Ленинград!

Отан әмір берген шақ.

Сап-сап қол барар

Қорғап сені ол қалар.

Жанышталар айдаһар!

Жата алмаймын төсекте,

Жаным қалай жайланар?

Құс ұйқылы көнемін,

Қайтып ұйқы көремін,

Жетсін деймін сендерге,

Жыл құсындай өлеңім,

Қаласында Лениннің,

Сайып қыран өренім



Сұрақ: Соғыс Майданына қатысқан қазақ қыздарының есімдерін атап шығыңыздаршы балалар? Жауабы: Хиуаз Қайырқызы Доспанова, Мари́на Миха́йловна Раско́ва.

Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.



Мұғалім сөзі: Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы



«Көкшетау аласы, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі» МКҚК

Тақырыбы: «Халықтың сөнбес ерлігі»

Дайындаған: Аменова Ғ.Б.

2016ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет