Тексерген: Кайпбаева А. Т



Дата22.04.2022
өлшемі20,04 Kb.
#140536
түріСабақ
Байланысты:
тарих сөж -6
буклет 2020, Отрывок их худ.произв, ХИМИЯ СЛАЙД, Лекция-1629218894728, экоэнергетика

04.03.2022ж
Орындаған: Кеңес Бейбіт Әлеуметтік жұмыс 102-топ
Тексерген: Кайпбаева А.Т
Сабақтың тақырыбы: Саяси партиялар. Большевиктер, кадеттер, Әлеуметтік революционерлер, Алаш, Үш жүз, Шуро-и-Исламия, Шуро-и-Улемия.
Саяси партия-мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған ортақ мүдде бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы болып табылады. Қандай да бір таптың немесе оның мүдделерін көрсететін белсенді және ұйымдастырылған бөлігі болып табылады. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ сьезін өткізу үшін " Қазақ газеті" жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне "Қазақ саяси париясын жасау мәселесін" ұсынып, оған мынадай негіз келтірген болатын "Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар.Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм қай партияның да болса бағдарламасы түптүгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды. 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ сьезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап мынадай шешім қабылдады: Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп бұл партияның жобасын жобасын жасауды сьезд "Шуро и-Исламға" сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. «үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтынығын және қорғайтындығын айта отырып сонымен қоса атейстік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үш жүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған "Үш жүздің" қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. Қоғамның бастапқы кезеңінде негізінен ағартушылық қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфулин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында "Бірлік" ұйымы екі қанатқа бөлініп кетті. Соның бір қанаты Ә. Досов, Ж. Сәдуақасов, Жүсіпбеков т.б кеңестік билікжағында болса, ал екінші қанаты Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов және т.б Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін жас алашшылар сезінді. Тұңғыш жалпықазақ сьезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ сьезінде қабылданып сьезд оны даярлауда Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған топқа тапсырды. Қазақ зиялылар саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төреағасы Әлихан Бөкейханов болды. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш-Алаш қозғалысы болатын. 1917жылы 14 наурызда Қазақ өлкесінің оңтүстік аймағында "Шуро-иИслам" одағы құрылды исламды жақтаушылар кеңесі.
"Шуро-и-Ислам"жетекшілері қатарында М.Абдрашидханов, М.Шоқай және т.б болды. "Шуро и-Ислам" одағының идеологиясы түркі-мұсылман халықтарының басын біріктіріп әрбір ұлттың өзін-өзі басқаруына қолжеткізу болатын. Уақытша үкімет жағдайында мұсылмандардың және олардың қоңамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шуро-и-Исламның Петроград қаласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төреағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. 1917 жылы шілдеде өткен бірінші жалпықазақ сьезі Шуро-и-Исламға мүшелікке қазақ өкілдерінен: Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден Ә. Сәтбаевты,Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танешевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шуро-и-Ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкіл Ресейлік мұсылмандар сьезін өткізуді ұйымдастырды. Шуро-и Ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біразбөлігі Шуро и-улемия ұйымының бой көтеріп қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдауында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді. Осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердіңбірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп саналады. Мұндай пікір Шуро-и-улемия ұйымының Түркістан өлкесі мойынсұнбауына және Шурои-услемия ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады.
1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРІЛІСКЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТары.
1917жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ сьезіжәне оның Алаш партиясын құру туралы шешімі.
1916ж көтерілістің басты мақсаты ол ұлттық және саяси дағдарыс болды. Сол арқылы қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғыбүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы тобының қкілдері, қолөнршілер болды. Соғыс жылдарында "Қазақ" жалпы ұлттық газетінің төңірегінде біріккен қазақтың либерал демократилық зиялыларының жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовжәне олардың жасақтары сонымен қоса қазақ зиялыларынан шаруа демократиялық бағытты жақтайтын М.Сераллин, Б.Майлин, С.Дөнентаев және басқалары сынды "Айқап" журанлының төңірегінде топтпсқан өкілдері басылып шыққан сөз арқылы өздерінің халыққа ықпалын нығайтуға ұмтылды. ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ МАЙДАН ТЫЛЫНДА ЕҢБЕК ЕТКЕН ҚАЗАҚ ЖІГІТТЕРІНІҢ СӨЗІН СӨЙЛЕП, МҰҢЫН ЖОҚТАДЫ. Ә.БӨКЕЙХАНОВ, М.ДУЛАТОВ Т.Б. БАСТАҒАН ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ МИНСКІДЕ, ТАҒЫ БАСҚА ТЫЛ ЖҰМЫСЫНА ШАҚЫРЫЛҒАНДАР КӨПТЕП ШОҒЫРЛАНҒАН ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ БОЛЫП, ОЛАРҒА ҚОЛДАН КЕЛГЕН КӨМЕКТЕРІНІҢ БӘРІН КӨРСЕТТІ.
Қазақ ұлттық интеллигенциясы көзқарасына жасалған талдау оның болашақ саяси төңкерістен үміт күткенін, бірақ ол төңкерістің нақты қашан болатынына көздері жете қоймағанын көрсетеді. Десек те, әрқашан да либералдық демократия жолын ұстанған ұлт зиялылары өздері әрқашан адал қызмет жасап келген қазақ ұлтының мүдделерін төңкеріс жолында құрбан етуге де бара қоймаған болар еді. Төңкерісті пайдаланып, жеке бас мүддесін күйттеп, билікке қол жеткізу Алаш зиялыларына жат нәрсе еді. Осының мысалы жоғарыдағы М.Дулатовтың “Еңбекші қазақ” газетінде 1926 жылы жазған мақаласындағы төмендегідей жолдар: “Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ кетсін деуге дәтіміз шыдамады. Сондықтан, біз екінші жолды қаладық - көну керек дедік. Осыған бел байлағаннан кейін елге көзіне айтатын сөзіміз де, басшылығымыз да осы бетте болды. Тек неше түрлі сылтаумен соза беру жағын ғана ескеріп отырдық: пішен шабатын кез, егін оратын кез бірінің артынан бірі келе жатыр мәулет сұраңдар дедік, халық әлі түсінген жоқ, әбден түсінсін, осыған пұрсат сұрау керек дедік деген болатын.
Алаш қозғалысы қайраткерлері арасынан жалғыз өзі ғана шет елге ауып, онда өзінің пікірін еркін айтуға мүмкіндік алған Мұстафа Шоқай бұл мәселеге әлдеқайда терендеп, қазақ көтерілісінің ұлттық сипатын батыл айта алды. Ол өзінің 1916 жылдың 15 жылдығына байланысты жазған “1916 жылғы ұлттық қозғалыс туралы большевиктердің өтірігі” деп аталатын еңбегінде осы қозғалысқа үлкен мән беріп былай деген еді: “...1916 жылғы көтерілістер, “Қоқан автономиясы” және “басмашылар әрекеттерімен” қосылып, орыс тепкісіне қарсы бағытталған ұлттық қозғалыс тарихымыздың ең маңызды құбылыстарының бірінен саналады” (Шоқай М. 1916 жылғы көтеріліс туралы большевиктердің өтірігі. Яғни М.Шоқай 1916 жылғы қозғалысты Қоқан автономиясымен және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстарымен қатар қойып, олардың ұлттық сипатына баса назар аударды. Ол: “1916 жылғы көтерілістің баса көңіл аударатын ең бір маңызды тұстары қайсылар?” — деп сауал қойып, оған өзі нақты жауап берді: “Бұл сұрауға, - деді ол, - “16 жылғы қозғалыс жалпы алғанда ұлттық қозғалыс еді” деп жауап беруге болады. Онда таптық күрестің елесі де жоқ еді. Қорытындылай кетсем 1917 жылғы шілде дағдарыс большевиктер қарулы көтеріліс үшін басқарған фактісі әкелді оның нәтижелері дерлік үкімет құлағаннан әкелді жаңа әскери іс-қимыл себеп болды. Шілдеде 1917 ж дағдарыс Кабинетінің ықпалын күшейту үшін күрескен әр түрлі топтардың арасында жинақталған қайшылықтардың нәтижесінде келген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет