Тексерген: Карасаев М. И



бет12/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1

Стандарттық ГПДР кезінде асқазанның дисталдық 1/3-2/3 бөлігі, кіші шарбы мен үлкен шарбының оң жақ бөлігі, ұлтабарды түгелдей немесе жоғарғы шажырқайлық лыпыма тамырға дейін, ұйқы безінің басын ілмектік өскінімен ісіктен 1,0 см қашықтықта, жалпы өт өзекшесін өт қабы өзекшесінен жоғары кесіледі және өт қабы, аталмыш аймақтағы лимфалық түйіндер алынады да, үш түрлі жалғама қосылым қалыптастырылады. Олар асқазан – ащы ішек, асқазан – ұйқы бездік, жалпы өт өзегі – ащы ішектік. Осының арқасында ұйқы безінің экзокриндік қызметі реттеледі.

2010 ж. Украина онкохирургтары И.Б.Щепоткин т.б. ас қорыту үрдісін оңтайландыратын, жергілікті асқынулардың өрбуін тежейтін жаңартылған жалғамалар ұсынды. Ол бойынша ащы ішектің бір бөлігін ұйқы безінің қалдығына, екінші бөлігін өт өзегінің бауырлық бөлігіне, ал асқазан қалдығын ащы ішектің үшінші бөлігіне жалғастырған. Осының нәтижесінде ұйқы безінің, асқазанның сөлдері, өт жеке-жеке ащы ішекке түседі. Ұйқы безі – ащы ішектің байламнан жыланкөз асқынуын болдырмау үшін М.Д.Жұмақаев (2009) инвагинациялық байлам ұсынған әдісі күнделікті практикада жиі қолданыс табуда. Кеңейтілген ГПДР стандарттық резекция тұрғысында жасалып, қосымша қолқа, көкеттен бастап құрсақтың ашасына дейін, құрсақтық лыпыма тамыр, жалпы және жеке бауырлық, жоғарғы шажырқайлық лыпыма тамыр және төменгі қуыс және қақпа көктамырлар айналасындағы шелдермен лимфалық түйіндерден тазартылады. Бұл көлемдегі операция рактың І-ІІ даму сатысында (Т 1-2N1M0) қолданылады.

Ұйқы безінің рагы бездің денесінің дисталдық бөлігі мен құйрығында орналасса, дисталдық корпорокаудалдық субтоталдық резекция қолданылады, оған қоса көкбауыр да алынады (спленэктомия). Операцияны орындау кезінде ұйқы безі ісіктен 1-1,5 см қашықтықтан кесіледі, оған қоса жоғарғы шажырқайлық, көкбауырлық лыпыма тамырлары мен қақпа көктамырларының, құрсақтың діңгектік сабауының айналасындағы шелдер мен лимфалық түйіндер де алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет