Тексерген: Кожахметов З. К



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#87324
  1   2
Байланысты:
бюд.тыскорлар


Қаржы негіздері
Орындаған: Рамбаева Жансая ЕА-21
Тексерген: Кожахметов З.К
Қазақстанда бюджеттен тыс қорларды қолданудың
ерекшеліктері.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды.
зейнетақы жүйесін реформалауға (Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 1998 жыл);
мұнайлық табыстарды қордалау қажеттігіне (Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, 2001 жыл);
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын орындауға (Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, 2003 жыл);
әлеуметтік сактандыру жүйесін ендіруге (Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры, 2005 жыл), шағын бизнесті дамытуға (Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, 1997 жыл)
әлеуметтік-экономикалық үдерістерге байланысты бюджеттен тыс қорлар қайтадан бірте-бірте калпына келе бастады
Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болды:
Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Зейнетақы қоры
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры
Олардың жұмыс істеуі “Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы”, “Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелініп отырды. Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленді. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін “Республикалық бюджет туралы” заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырды. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларды қоса заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30% құрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекақы қорының бөлігінде құрылды
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінді
Зейнетақы қорына – 85 % (немесе еңбекақы қорының 25,5 %
Міндетті медициналық сақтандыру қорына – 10% (еңбекке ақы төлеу қорының 3%);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 5% (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%).
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды
Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып белгіленді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер
қоғамының ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылды.
Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуы
1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасынды зейнетақымен қамту» Заңы жарық көрді.Ол өз күшіне 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енді
Заң екі бөліктен тұрды:
1) Жинақтаушы;
2) Ұрпақтардың бірігіп төлеуі (солидарлы).
1998 жылда Қазақстанда 8 ЗАИБЖҰ және 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес қорлар, 5 кастодиан- банктер пайда болды. Бір жылдың ішінде бүкіл зейнетақы жүйесінің инфрақұрылымы құрылды.
1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі -23,5 млрд. теңгені құрады. 1999 жылы қаржы құралдарының тізімі ұлғайды. Соның арқасында ЗАИБЖҰ-лар зейнетақы активтері арқылы шетелдік корпоративтік бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік алды.
1999 жылдың аяғында зейнетақы активтерінің көлемі — 64,5млрд. теңгені құрады. Жиннақтаушы зейнетақы қорларының орта жылдық табысы 41,38%-ды құрады. Бұл жоғарғы көрсеткіш бағамдық айырмашылық негізінде қол жеткізілді.
Біз білетініміздей 2000 жыл «корпоративті бағалы қағаздар» жылы болды.Зейнетақы активтерін бұл салаға инвестициялау жүйенің табысты жұмыс жасауына әкелді. Бұл өзгерістермен қатар 2000 жылы зейнетақы жұйесінің нормативтік –құқықтық базасы жақсарды. 2000-2002 жылдардың арасында ЗАИБЖҰ-ның жалпы саны өзгермеді. Бұл олардың нарықтағы қажетсіздігімен, сонымен қатар мемлекет тарпынан қойылған қатаң талаптармен түсіндіріледі. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап ЗАИБЖҰ-ның жарғылық капиталының көлемі 150 млн. теңгені құрайтын болды. 2003 жылы «Қазақстан Республикасында зейнетақамен қамту» туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер негізінде зейнетақы қорлары зейнетақа активтерін өздері басқаруға мүмкіншілік алды, бұл өз алдына шығындарды азйтуға мүмкіндік берді. Қазақстандық зейнетақы жүйесінің құрылуы және дамуы барысында халықтың оған деген сенімі күшейе түсті және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшыларының саны көбейе бастады. Осының негізінде зейнетақы жарналарының көлемі (міндетті зейнетақы бойынша) 2005 жылдың 1 тамызында 7239818 млрд. теңгені құрады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады
Ашық
Корпоративтік ЖЗҚ-ы сол ЖЗҚ-ның құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы –қызметкерлері үшін құрылады.
корпоративтік
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет