Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т.б. ерекше атап көрсетуге болады.

Жалпы алғанда, көне түркі және орта ғасырлар әдебиеті бүкіл түркі тілдес халықтардың ортақ әдебиеті қызметін атқарды. Қарахандықтар тұсындағы әдебиеттен бастап түркі нәсілді халықтар түркі поэзиясының ежелден қалыптасқан өлең үлгілерін, жыр нұсқаларын ортақ пайдаланды. ХІІ ғасырдағы сопылық поэзияның негізін салған Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикметіндегі" ақындық дәстүр өрнектері одан кейінгі Қазақ хандығы тұсындағы әдебиетте жалғасын тауып, XVІ ғасырдағы Бабыр жырларымен сабақтасты. Сол сияқты ХІ ғасырда өмір сүрген көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның "Құтты білігіндегі" жыр өлшемі Ахмет Йүгінекидің "Ақиқат сыйы" жинағындағы бәйіттерге түр жағынан ғана емес, мазмұн мен идея жағынан да үндесіп, жалғасып жатты. Орта ғасырлардағы әдебиет туындыларынан түркі поэзиясының ортақ дәстүр бойынша дамып, өркендегені анық байқалады.