Ақуыз молекуласының құрылымы
Құрылым, құрылыс (лат. structura – структура, құрылым, орналастыру) дегеніміз – молекулада әр түрлі атомдардың өзара реттеліп орналасуы және олардың арасындағы байланыс түрі.
Тір организмдегі ақуыз молекуласының әрқайсысының өзіне ғана тән белгілі – бір кеңістік құрылымы болады. Ондай кеңістік құрылымды конформация деп атайды.
Конформация (лат. conformation –пішін ) – дегеніміз дара байланыс арқылы айналғанда түзілетін органикалық молекуланың әр түрлі кеңістік пішіні.
Ақуыз пішініне сәйкес екі топқа бөлінеді:
1 . глобулярлы ақуыздар;
2 . фибриллярлы ақуыздар.
Глобулярлы ақуыздардың құрылымы шағын ғана, олардың полипепдидтік тізбектері сфера және эллипсоид сияқты тығыздала бүктелген болады. Ақуыз глобуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдары жинақталады. Олар сумен әрекеттесуге қабілетті келеді. Глобулярлы ақуыздардың көпшілігі суда және су ерітінділерінде ериді. Мұндай ақуыздарға барлық ферменттер, қанның, сүттің ақуыздары ( альбуминдер, глобулиндер және басқалары) жатады.
Ақуыз глобуласының ішкі бөлігі полярсыз ортаға жатады, ол гидрофобты және амин қышқылдарының полярсыз қалдықтарынан құралған. Гидрофобты ішкі ядроға су өтпейді, оның сумен байланысы жоқ, тығыз құндақталған.
Фибриллярлы ақуыздар тұрақты келеді. Суда және сұйық тұз ерітінділерінде ерімейді. Ақуыздағы полипептидтік тізбектер белдік (ось) бойында өзара параллель орналасады, сөйтіп ұзын талшықтар – фибриллдер түзеді. Мұндай ақуыздардың молекуласы созылған жіп сияқты , өздері екі одан көп полипептидтік тізбектерден тұрады.
Тізбектері қатты немесе созылмалы жұмсақ келеді және тірі организмде құрылымдық қызмет атқарады. Мұндай ақуыздарға коллаген – сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршек сияқты ұлпалардың негізі болып табылады. Шашта, жүнде, қауырсында, тырнақта, тұяқта кератин ақуызы бар, ал оған жібек фибрионы, қан фибрионы және тағы сол сияқты ақуыздар да жатады.
К. Линдерстрем – Лангенің ұсынысы бойынша ақуыз молекуласының құрылымын төрт деңгейге бөледі.
|